Зат есімні? жіктелуі 4 cынып


Зат есімнің жіктелуі 4-сынып
Сабақтың мақсаты:  Жіктік жалғаулы сөз бастаышпен байланысып , үнемі баяндауыш қызыметінде жұмсалатынын ұғындыру .
2. Затесімнің жіктелуінің мәнді белгілерін  ажырата білу  дағдыларын қалыптастыру , зат есімнің жікталуүлгісі  көрсетілген кесте арқылы зат есімдерді  жекеше , көпше  түрде  жіктеп жазуға  үйрету .
3. Спортты сүюге , еңбекқорлыққа баулу.  
  Көрнекілік :  Тірек сызба , кесте , үлестірмелі қағаз т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру ;
А) сабаққа әзірлік
ә ) психологиялық дайындық . 
Сыныбымыз тап – таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
ІІ Үй тапсырмасын  тексеру .
  6-жаттығу
Зат есімнің тәуелденуі дегеніміз не ? 
                           Неше септік бар ?
Жіктік жалғауы дегеніміз не?
                   Жаңа сабақ :     Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғауы адамның кім екнін , кәсібін көрсететін зат есімдерге жалғанады . Мысалы мен оқушы мын , сен бишісің , сіз мұғалімсіз , оләнші .
  Зат есімнің септелу үлгісі
 
Жақ Қосымшалары
  Жекеше Көпше
І
ІІ
ІІІ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін
-сың, -сің,-сыз, -сіз
Жалғауы жоқ -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз
-сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер
Жалғауы жоқ
  1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап, сөйлемнің қай мүшесі болатынын айт.
2- жаттығу. Берілген сөздерді жекеше түрде жіктеп жаз.
Заңгер, домбырашы, сатушы, дәрігер.
Мыс: І Мен заңгермін
          ІІ сенм  заңгерсің
          ІІІ ол заңгер
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
 І жақ әншімін                        Доспыз
ІІ көршісің                              Кезекшісіңдер
ІІІ шәкірт                                Ұстаз
Біз Талғатпен доспыз.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қолды-қолға соғайық.
Кәне, қанат қағайық,
Жайнап тұрған гүлдерге.
4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. Жіктік жалғауы жалғанған зат есімдерді тауып астын сыз.
  Ылғи өжет баламыз,
Жұлдыздайын ағамыз.
Шыр айналып, секіріп,
Мұзда ойнақ саламыз.
  Анаң – күнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын.
5-жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. Зат есімнен болған баяндауыштарды тауып, астын сыз. Қай жақта тұрғанын айт.
  Қорытынды:
                           Тест сұрақтары мен тапсырмалары
Жіктік жалғауы қандай мүшелерді жалғастырады ?
А) тұрлаусыз мүшелерді ;
ә)бастауыш пен баяндауышты ;
б) бастауыш пен тұрлаусыз мүшені .
2. Жіктік жалғаулы сөз сөйлемнің қай мүшесі болады ?
А)баяндауыш ;
ә) бастауыш кейде баяндауыш ;
б) тұрлаусыз мүше .
3. –мын , -мін , -бын , -бін , -пын , -пін қосымшалары қай жақтікі ?
А) ІІІ жақ ;
ә) ІІ жақ , көпше түр ;
б) І жақ , жекеше түр .
4. Жіктік жалғаулы зат есімдерді белгіле .
А)анам, әкем , әкемнің ;
ә) қарлығашқа , қарлығашым ;
б)ұстазбын , балдырғансың , ұстазсыз .