Баяндама та?ырыбы:Дарынды дамыту — ?стаз парызы.


Б.Уахатов атындағы орта мектеп
Баяндама
«Дарынды дамыту – ұстаз парызы»
Дайындаған: математика пәнінің
мұғалімі Дуйсенова Г.Ж.
Дарынды дамыту – ұстаз парызы
Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жтқаны белгілі.
Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады.
Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін өміріне көптеген жұмыстар ұйымдастырылды.
Яғни баланы оқыту мен тәрбиелеуде түрлі ізденіс жұмыстары арқылы дарындылықты анықтап олардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасау керек. Дарынды, қабілетті балалар өзінің бойындағы ерекше қабілеттері арқылы ең жоғарғы нәтиже жеткен балалар.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Адами ойлау, ізденімпаздың-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарапай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап дамыту керек. Ал қарсы көзқарастар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән. Сондықтан, дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы.
Педагогикалық энциклопедияда дарындылық туралы анықтама берген. Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында
іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде сәтті іс-әрекетте топтастыруға әрекет жасады.
Нышандардың іс-әрекеттік негізінде қабілеттілік қалыптасады;
Әдейленген дарындылық-сапалы өзіндік қабілеттердің бірлесуінде іс-әрекет сәттілігі құрылады;
Жалпы дарындылық – қабілеттілік кең шеңберіндегі іс-әрекеттер;
Іс-әрекет сәттілігін белгілейтін жеке адамның басқа адамдарынан айыратын ерекшеліктер
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау – ежелден келек жатқан дәстүр. Республикамызда ашылған көптеген колледждер мен лицейлер – негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны. Мұндай оқушылар ел болашағына, оның интелектік қуатына баға жетпес резерві. Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу- аса мәнді мейірбанды, гуманистік іс. Оларды мәпелеп, қамқорлық алу – баршамызға ортақ, бүкіл халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай да іздесе таптырмайтын ұлттың рухани байлығы.
Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқпа? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? Міне, бұл сұрақтарды ата-аналар жиі қояды.
Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады. Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады.
Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады. Қабілет, дарындылық, талант қалай пайда болады? Олардың табиғаты қандай? Туа болған қасиеттер мен жүре игерген қасиеттер арасындағы қатынас неде? Бұл сұрақтардың бәрі де қазіргі психология ғылымының шұғылданатын мәселелерінің ең күрделісінен саналады.
Психологтардың басым көпшілігі қабілеттілік әрекет үстінде оқытып, тәрбиелеу негізінде қалыптасып, дамиды деп есептейді.
Шығармашылық дарындылық белгілерінің тізімдерінің сараптамасы мінез – құлық аспектілерімен байланысты сипаттамалардың бар екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде дарынды балалардың ерекшеліктері мен бейімділігін және мінез-құлқын сипаттайтын бірнеше тізімдер бар. Мысалы, әлемге әйгілі Б.Кларктың кітабында дәл осындай бес тізім бар. Олар баланың ойлау, шығармашылық қабілеттерін және өнер саласындағы (ән, би, драма т.б) қабілетін сипаттайды.баланың шығармашылық дарындылығының сипаттамалары нәтижесінде мына сипаттамаларды атап айтуға болады:
Зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғарғы қажеттілік;
Ақыл-ойдың жоғары қажеттілігі;
Тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылығы;
Белгілі бір іс-әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
Өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу.
Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр
Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».
Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема.
713740290830Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары
00Дарынды балалармен жұмыс істеу бағыттары

336232532004000
419735350520Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу
00Баланың жеке ерекшелігін, дарынын зерттеу
4217035356235Балалар шығармашылығын газет бетіне жариялау
00Балалар шығармашылығын газет бетіне жариялау

2677160762000
422592595885Сабақ үстінде ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, ән
00Сабақ үстінде ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, математика, ән
43116590170Игерілген нәтижелерді бақылау
00Игерілген нәтижелерді бақылау

268033519177000
Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмекгі арқылы ашылады және дамиды.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге әсерін тигізеді.
Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыту отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуда, дамыта оқыту технологиясының тиімділігі ерекше.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талан дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кенеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек». Өйткені ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыруымыз керек. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі ұрпақ екенін естен шығармауымыз керек.