Тура ж?не ауыспалы ма?ыналы с?здер. 5 сынып




Семей қаласындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы жалпы білім беретін № 33 орта мектеп. Рузьева Райхан Аблахатовна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 Пән аты: Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларға ойдың тура не ауыспалы мағынада айтылуы туралы лингвистикалық білім беру.
2.Тәрбиелік: Тәрбиелік мәні зор сөйлемдерді оқыта отырып, оқушыларды елжандылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту және лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу,
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру:.Сұрақтар:
1. Мағына дегеніміз не?
2. Сөздің іші және сырты дегеніміз не?
3. Лексика дегеніміз не?
Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым – қатынасқа түспей, жеке дара тұрғандағы нақтылы, негізгі мағынасы лексикалық я тура мағына деп аталады.
Сөз тура мағынада заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталады. Мысалы: үй, биік, бару деген сөздердің белгілі бір мағынасы бар. Үй сөзі – затты тікелей атаса, биік сөзі – сын – сапаны, беру сөзі – қимылды атайды. Бұл сөздердің осы тура мағыналарында басқа сөздермен тіркесіп қолданылу өрісі олардың өзі белгілейтін шындық болмыстардың өзара қарым – қатынасымен белгіленеді.
Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
Сайыс
1. Сұрақ - жауап кезеңі.
«Тура мағына» тобының сұрақтары:
Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкіндігі неліктен, негізгі және туынды мағына қалай пайда болады?
«Ауыспалы мағына» тобының сұрақтары:
1. Ауыспалы мағына дегеніміз не?
2. Сөздің тура мағынасы мен қолданыстағы мағынасын қалай ажыратуға болады?
2. «Сөйлем құра» кезеңі.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. «Тура мағына» тобы тура мағынада, «Ауыспалы мағына» ауыспалы мағынада.
Ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, тері, май, маса, ағаш, темір, саңырау, алыс, ойыншық, бұлақ, қол, жал.
3. Мақал – мәтел жарысы.
Ауыспалы мағынада қолданылған сөзі бар мақал - мәтел айтады.
4. «Оқулықпен жұмыс» кезеңі
«Тура мағына» тобы
46 – жаттығу
1.Мәтіннен құрамында тура мағынада тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.
«Ауыспалы мағына» тобы
– жаттығу
1.Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді тап.
Сабақты қорыту:Ашық тест
1. «Терең білім» деген сөз тіркесі қандай мағынада?
А) Тура мағына
Ә)Омоним
Б) Ауыспалы
2. Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасын қалай айтамыз?
А) Лексика
Ә) Тура мағына
Б) Ауыспалы
3. Тура мағынада қолданылып тұрған қатарды көрсет
А) Терең құдық
Ә) Терең сезім
Б)Терең білім
Бағалау
Үй тапсырмасын беру. Үй тапсырмасы: Ауыспалы мағынаға мысал жазу.