Открытый урок по казахскому языку на тему ??стар – бізді? досымыз!
Сабақтың тақырыбы: Құстар
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы білімдерін кеңейту
Міндеттері:
1. Құстар туралы жалпы түсінік беру2.Оқушылардың дүниетанымын, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеулерін
дамыту.
3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу, құстарға қамқоршы бола білуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді жобалау технологиясы арқылы меңгеру.Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: құстар туралы слайд, ермексаздан жасалған аққудың мүсіні,мазмұндауға арналған қысқаша мәтіндер, құстың қауырсыны,құстың жұмыртқасы.
Сабақта қолданылған әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, түсіндіру,жобалау технологиясы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері. Танысу.
Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып, бір- бірінің қолдарын ұстап тұрады.
Бір- бірімізбен амандасамыз.
- Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
- Сәлеметсіз бе, күннің көзі!
- Сәлеметсіздер ме, құстар мен жануарлар!
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар және оқушылар!
Осы көңіл күймен орнымызға отырып, сабағымызды бастайық.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II.Негізгі бөлім.
1.Интерактивті тақтамен жұмыс.
Құстар туралы жалпы не білеміз?
Құстар
Оқушылардың жазғаны бойынша бекіту.
2. Сен білесің бе?
1.Дала құстары неге ұшады, үй құстары неге ұшпайды?
2.Құстарды зерттейтін ғылым- орнотология.
3.Қырағы құс сұңқар, ең үлкен құс- түйеқұс.
4.Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт, ең жүзгіш- пингвиндер.
5. Аққуды атпа!
3. Топпен жұмыс.
Жұмбақтар жасыру, шешуі конвертте1- топ
Ала шапан киеді,
Қыпылықтап жүреді.
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
Қалдықты жеп тауысқан,
Аты оның...........( Сауысқан)
2- топ
Өзі кішкентай , өзі әдемі,
Ертегінің кейіпкері.
Ал, айта қойыңдаршы,
Бұл қай құс?.........(Қарлығаш)
Сергіту сәті.
Ептеп- ептеп жерден бидай терейік,
Тергеніңді торғайларға берейік.
Торғай, торғай, томпаң- томпаң секірсін,
Ол да біздей үлкен болып жетілсін.
Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал,
Енді менің әңгімеме құлақ сал.
2. Құстар қалай дыбыстайды.
1- топ 2-топ
Тауық- қыт-қыттайды Әтеш- шақырады
Қарға- қарқылдайды Тырна- тыраулайды
Бұлбұл- сайрайды Сауысқан- шықылықтайды
Торғай- шиқылдайды Көгершін- уілдейдіҚарлығаш- шықылықтайды Шағала- шаңқылдайды
Ал, балалар осы құстардың дауысын шамамен жобалап көрейік.
3. Енді балалар құстардың пайдасы мен зияны туралы пікірлеріңді ортаға салыңдар.
1-топ 2-топ
Қарға
Пайдасы зияны Тоқылдақ
Зияны Пайдасы4. Мәтінмен жұмыс. ( Мазмұндау)
1- топ
Қарға- қара немесе сұр қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс.
Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
2-топ
Тоқылдақ- Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс.Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Өзге құстарға жемін табуға көмектеседі.
5. Табиғатта қандай құсқа ұқсағыңыз келеді. Суретін сал.
6.Ермексаздан жасалған аққуды мамықпен безендіру.
7. сабақтан алған әсеріңді жұмыртқаға бейнеле.
III. Сабақты қорыту.
- Бейбітшілік құсын білесіңдер ме?( Көгершін)
- Ендеше, сол құс туралы әнді есімізге түсіріп, орындап көрейік.
Бағалау.
Үйге тапсырма: өздеріңе ұнайтын құстың суретін салыңдар.
Сабақты аяқтау. Жақсы тілектер айту.