Поурочный план по воспитательной части на тему ??стар — бізді? досымыз


Тақырыбы: Құстар – біздің досымызМақсаты:1.Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
2. Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру.
3. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!» нақыл сөздер.Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.Сабақтың барысы:
Топқа бөлу.
«Қарлығаш» тобы, «Аққу» тобы, «Көгершін» тобы.
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!» («Топтастыру» әдісі)
2 - бөлім Құстар әлемінде (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім «Артық болмас білгенің» Қызыл кітапқа енген құстар4 - бөлім “Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.
1 - жүргізушіҚұрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!Құстар, құстар келедіЖерді шуға бөледіКөктем келді деп бізгеЖақсы хабар береді.Ән құрадым әнімменСән құрадым гүлімменҚуантамын бәріңдіҚұт - береке күнімен
2 - жүргізушіСіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.Сәлем достар аман ба?Мынау бейбіт замандаШат -- шадыман көктеміңШаттық болсын қашанда1-бөлім. «Топтастыру» әдісі бойынша топтар
2 - бөлім Жұмбақтар шешуТуысы дейді құстардыңІнісі дейді тышқанныңТышқан да емес, құс та емесЕкеуінен де тыс қалдым(Жапалақ)Қызығып әр адамҰстап ап даладанЖүнімен жұлып апБесікке қадағанБұл қай құс?(үкі)Қашаудай мықты тұмсығымБәсеке тігем бұл шынымҚұрт, қоңыз, аулап жарысамОрман дәрігері боп табылам(Тоқылдақ)Түсі қара мақпалдайТөсі ақ сыр жаққандайҰшса оқтай зулайдыКөктен жұлдыз аққандай(Қарылғаш)Биікке салған ағаш үйСол ғой оның мекеніЖаздай сайран салып апҚыста алысқа кетеді(Қараторғай)Он екі айдың біреуіСірә оның атындаӨзге ұяға із тастапМен деп жар сап жүреді(Көкек)3 - бөлім «Артық болмас білгенің» қызыл кітапқа енген құстар туралы мәліметтер жинап, айту.4 – бөлім. «Табиғат сырын құстар да біледі” (Халық болжамдары)
1 - жүргізуші1. Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.2. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.3. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.4. Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.5. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.6. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.7. Шағала келсе сең бұзылады.8. Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.5 - бөлім «Біле жүргенің артық болмас» қорытынды сөз.
Көктем жаршысы, адамзаттың досы болған құстарды аялайық, оларға қамқоршы болайық. Қалықтап ұшқан құсты көз алдыңа елестетші... Еліміздің болашағы – білімді ұрпағымда. Білім аспанында құсша шарықтап ұш. Елімізде тыныштық болып, бейбітшілктің ақ құсы аспанда шарласын. “Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.”