Программа вариативного курса по казахскому языку К?ркем жазу
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Макаров жалпы орта білім беретін мектебі
Көркем жазу
(таңдау пәні)
Дайындаған: бастауыш сынып мұғалімі
Кошаханова Альфира Конырбаевна
Түсінік хат
Бастауыш сынып оқушыларын танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі емес, сонымен бірге баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ойын жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының тіл дамытумен өзара байланыста оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға таңдау пәндері қосымша пайдаланылады.
Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында арнайы сабақтар ұйымдастырылады.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашу. Сауат ашудың негізгі мақсаты – балаға хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу аса жауапты және күрделі жұмыс. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қана қоймай, каллиграфиялық талапқа сай жазуға да дағдыланады.
1 - сыныпқа арналған «Көркем жазу» таңдау пәні бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың сауат ашудан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Сауаттылыққа, зерделілікке, қиялдауға, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
Актуалдылығы
Бастауыш сыныптарда сауаттылықтың алғы шарты – әріпті таныту. Ал әсем, әдемі жазу оқумен сәйкес жүргізіледі. Оқушыны мәнерлі жазуға қалыптастыруда әріптің тек суретін ғана салмай, оның әріп элементтерін сақтауға, таза жазуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыларды ескере отырып, «Көркем жазу» таңдау пәні қосымша аптасына 1 сағат енгізіліп отыр.
Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
Әріп элементтерін дұрыс салу дағдыларын қалыптастыру;
Жазба және сөйлеу тілін дамыту;
Міндеттері:
Жазу жолын сақтай отырып, әріп элементтерін дұрыс салуға баулу;
Сөздік қорын молайту;
Сауатты, көркемжазудағдыларынжетілдіру;
Ауызшажәнежазбашасөйлеудағдыларын, сөйлеумәдениетіндамыту.
Жазғанынтексеріп, қатесінтүзетеалуғаүйрету.
КүтілетіннәтижеОқушылардыңсауаташупәніненалғанбілімдерітолықтырылады;
Анатілгедегенсүйіспеншілігіартады;
Сауатты, әрікөркемжазуғадағдыланады;
Шығармашылыққабілеттерідамиды;
Өз ойларынтолықжеткізе білу қабілеті арта түседі.
«Көркем жазу»
1-сынып
№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты
1 Көркем жазу туралы түсінік. 2 «Әріптер әлемі» 3 «Дыбыстар үні» 4 Бүын. 5 Сөз. 6 Сөйлем. 7 «Суреттер сөйлейді» 8 Қызықты жаттығулар 9 «Дауысты дыбыстарға саяхат» 10 «Дауыссыз дыбыстарға саяхат» 11 Дыбыстық талдауға жаттығулар 12 Сөздік диктант 13 Мәтін. 14 Жаттығулармен жұмыс 15 «Жемістер жинайық» 16 «Көкөністер кереметі» 17 «Менің есімім» 18 «Көңілді сөздер» 19 Жаттығулармен жұмыс 20 «Астана- әсем қала» 21 «Менің сүйікті ауылым» 22 «Отбасым туралы өзім жазамын» 23 Жаттығулармен жұмыс. 24 Тест тапсырмалары. 25 «Мың бір мақал» 26 «Жүз бір жұмбақ» 27 Жаттығулармен жұмыс. 28 Көркем жазуға берілген ойындар. 29 «Жаңылмай жаңылтпаш жазайық» 30 «Кім жылдам?» ойыны 31 Жаттығулармен жұмыс. 32 Эстафета «Қай топ алда?» 33 «Жас көркем жазушылар» сайысы. 34 Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер
1.ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.Жалпы бастауыш білім.-Алматы: РОНД,2003.2. «Көрқем жазу» Орал-2006. Авторы Өмірзақова Р.Г.
3. «Айгөлек» журналдары.
4. «Балдырған» журналдары.
5. 1-2 сыныптарға арналған қазақ тілінен дидактикалық материалдар. (кеспе қағаздар)