Саба? жоспары ?.Ж?маділов «?аздар ?айтып барады» 8класс
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»Сабақтың мақсаты: Шығарманың құрылысын талдау,шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру, сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниетанымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру; туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Шығарманың тақырыбы мен идясын біледі,құрылысын анықтай алады.. Шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын түсінеді.
Өз білімдерін қолдана алады. Қорытынды шығарады.
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Кім жылдам,Компазициялық талдау,Жигсо, Топтастыру
Қолданылатын ресурстар Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Мазмұны Тапсырмалар Қолданылатын әдіс- тәсілдер Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс -әрекеті Нәтиже
Ұйымдастыру 1 мин
Психологиялық ахуал туғызу. Оқушыларға бүгінгі күнге деген сәттілік тілектер айтқызу. 3 топқа бөліну
Амандасу. Сыныптағы
оқушыларды түгендеу.
Оқушыларды ортаға шығарып, жақсы тілектер айтқызу. Мұғаліммен амандасады
Жоқ оқушының себебін айтады. Жүздері жарқын ,жайдарлы болды.
Ой қозғау Сұрақ –жауап,жаттау
« Бұл менің ақырғы тілегім» дегенді қалай түсінесіңдер?» Жетелеуші сұрақтар қоя арқылы тақырыпты ашқызамын.
Оқушылар білгендері бойынша жауап береді. әңгіменің мәнін түсінген
Мағынаны тану топтық тапсырма 1-топ
1. Жолға шыққан қарт қайда сапар шегіп келеді? Оның сапар шеккеніне неше күн өтті?
2. Асудың ұшар басының табиғаты қандай екен?
3. Қарттың жол азығы қандай?
4. Неліктен жолаушы қиын да болса төте жолды таңдады?
2-топ
5. Қуғыншыдан қауіптенбей, жолаушының көкжалдан қорқуы неліктен? Қарт көкжалдан қалай құтылды?
6. Өзеннен өтіп демалып отырғанда адамның қу басын көрген ол құдайға не деп жалбарынды?
7. «Өрттен қалған қу томардай болып жалғыз қалдым» деуінің мәнісі не?
8. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсың?
3-топ
9. Немересімен үйрек атуға барғанда қаздар туралы айтқан әңгімесінің түйіні не, қарт күрсінісі нені аңғартады?
10. Неліктен жолаушы шекара сызығын қыл көпірдей сезінді?
11. Туған жер топырағын аттаған қарттың сезім күйін, сағынышын, қуанышын автор қалай суреттеген?
12. Байтас қартты туған жерге жетелеген қандай құдірет, қандай күш берілген тапсырманы топта талдап, түсіндіреді. Оқушылар топпен, жұппен бірге бірлесе отырып анықтайды. әңгіменің идеясын түсіне білді.
Сабақты қорыту Әңгіменің басты кейіпкері Байтас қарт арманына жетті деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер.(Оқушылардың пікірі былайша өрбиді)
Жетті Жеткен жоқ
Байтас қарт қырық жыл бойы күткен арманына жетті.
Ата-бабасы қалған,кіндік қаны тамған туған жеріне,өз үйіне келіп шамалы болса да ұйықтап,демін алды.
«Енді өліп кетсем де арманым жоқ» деді. Байтас қарт арманына жеткен жоқ.Себебі жат жерде оның жақын адамдары қалды.Өзі туған еліне келгенімен,бір өзі қалай өмір сүрмекші?Оның үстіне артынан ит жетек-
теген шекарашылар түскен жоқ па?
Үйге тапсырма мазмұндау «Сен туған жерге деген махаббатыңды қалай жеткізер едің?» шығарма жазып келу. қайталау Күнделіктеріне тапсырманы жазады. Рефлексия 2 жұлдыз, 1тілек. Алма ағашына жабыстыру Өздеріне сабақтың ұнаған сәттерін стикерге жаздырамын. Сабақтың сәтті және сәтсіз сәттерін стикерге жазады.