Планирование ?аза? ?дебиеті ?аздар ?айтып барады


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Какарманова Р.Ғ.. 8 «А» сыныбы.
Оқушының саны 22 Астана қаласы №56МЛ
Мерзімі 17. 02.2015 Сабақтың атауы Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сілтеме Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармалары
8-сынып әдебиеті,Қ.Әбдезұлы, Г.Рыскелдиева, С.Тұрсынғалиева. 2014.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаты Қ. Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесін сын тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға туған жердің қасиеті туралы ұғындыру; туған жердің адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, Берілген үзіндідегі ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттер Мазмұнына байланысты: 1.Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап алатын, түсіне алатын нәтижеге жеткізу, көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру; бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге баулу;
2. Жазушы әңгімесі арқылы патриоттық сезімдері жоғары , білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.
3.өз бетінше ізденуге баулу.
Деңгейлік бағдарламаға байланысты байланысты: - кейіпкер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;
Топқа байланысты: - әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін қорғайды, бір-бірінің нұсқауларын орындайды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже Әңгіме мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы кейіпкердің туған жерге оралу шешіміне көздерін жеткізеді. Шығарманы талдай отырып , туған жерді қастерлей білуге, төзімділік пен қанағатшылдыққа үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.
Нәтижені бағалау Жазу арқылы ( Қартқа хат, «Туған жердей жер болмас»ойтолғау жазу)
Көрнекіліктер АКТ,үлестірмелі қағаздар, флипчарт, маркер, .«Жұмбақ сурет» Термин сөздер не сурет беріледі. Шекара, Карта Қытай, Қазақстан, ақсақал, топырақ.қаздар
Әдістер СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Кейіпкерге хат», «Ой толғау», «топтастыру»,
Сабақтың мазмұны
Уақыты Стратегиялар Ресурс
тар Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
2 мин Ұйымдастыру
кезеңі Тренинг Оқушылар Атамекен, Тарбағатай,Арғынаты, Етікші асуы сөздері арқылы топтарға бөлу.
«Неліктен бұл сөздер топтың аты болып тұр деп ойлайсың?» Әр топ өзінің ойын айтады
I кезең:
Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады.
3 мин Ойлауды Блум бой-ша жіктеу
«Білу» Интербелсенді тақта «Ой шақыру стратегиясы» бойынша:
1.«Жұмбақ сурет» Термин сөздер не сурет беріледі. Қабдеш Жұмаділов Шекара, Карта Қытай, Қазақстан, ақсақал, топырақ.қаздар
2.«Жұмбақ қонақтар» Қайрат, Қилымбек, Мирахан, Гүлнар
Термин сөздер мен Қайрат, Қилымбек, Мирахан, Гүлнар апайлардың не үшін қатысып отырғанын оқушы пайымы бойынша айтады.
5мин «Түсіну» Флипчарт, маркер І. ЖИКСО әдісі арқылы әңгіме мазмұнын түсіну.
Жанұя 1,2,3,4.
Жұмыс тобына бару
Жанұя тобына оралу.
Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады.
II кезең(Мағынаны тану) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (20 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды . Нәтижесі ауызша марапатталады.
20 мин «Қолдану», «Талдау»,
«Жинақтау» Кестелер, Ойды қорытындылау тәсілі 1.Үзінді. Мәтіннің негізгі идеясын ашатын 2-3 сөйлемнен тұрады үзінді келтіру керек. Келтірілген сөйлемдер мәтіннен көшірілмей, өзіндік түсінік тұрғысынан беріледі. 2. Дәлел. Келтірілген үзіндінің неліктен мәтіннің негізгі идеясын ашатындығын 3-4 сөйлеммен дәлелдеу керек. Мұнда басқа ақпарат көздеріне не көп таралған пікірлерге сілтеме жасалғаны орынды. 3. Сұрақ. Мәтін бойынша 1 проблемелық сұрақ келтіру керек. /Жан-жақты ашылмаған, ерекше толғандырған, назар аударған, қызықтырған, т.с.с. Мәселе бойынша/ -1 сөйлем. 4. Жауап. Қойылған сұраққа бірнеше сөйлеммен/2-3 сөйлем/ жауап беру керек. Жауапта бұл мәселенің неліктен өзіне назар аударғандығын және оны қалайша шешуге болатындығын көрсету керек. 5. Қорытынды. Мәтін бойынша туындаған ойларды /қорытынды шешім/ 3-4 сөйлеммен келтіру керек.
2. Анкета сұрақтары
Есімі:
Үш сөзбен сипатта:
Туыстық қатынаста басқаларға кім болады?
Өмірде неден қорқады? Басынын өткен 3-4 жағдай: Басынын өткізгісі келетін 2-3 жағдай:
Өмірдегі мақсаты:
3. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша шығарманы құрылысына қарай талдау.
жеке жұмыс, жұппен талдап, дәлелдеп, қорытынды ойды ортаға салады
Анкетамен таныстырады
Сәйкестендіру» әдісі бойынша шығарманы құрылысына қарай талдайды.
2 мин Сергіту сәті Ән, үнтаспа Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады. Оқушылар қосылады. Бейнетаспадан қолдарына Қазақстанның туы бар шетелдік қазақтардың туған жерге келіп жатқаны көрсетіледі.
Ән мазмұны арқылы ойларын сергітеді.
III кезең(Ой толғаныс кезеңі)(кері байланыс – бағалау кезеңі): Бұнда «бағалау» тәсілін орындау арқылы ойтолғаныс жасау, сабақ барысы, оқушылардың іс-әрекеті жайлы пікір,оқушылар белсенділігін бағалау,кері байланыс жүзеге асады.
10 мин «Бағалау» Жазу арқылы бағалау
Қартқа хат, «Туған жердей жер болмас» ойтолғау жазу Оқушылар хаттары мен ойтолғауларын оқиды, өз пікірлерін ортаға салады.
2 мин Қорытынды. Бағалау Сабақ талдау парақтары,
бағалау пппарағыпарақтары Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығару. Стикерлерге кері байланыс көрсетілу. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығарады. Стикерлерге кері байланыс көрсетіледі.
1 мин Үйге тапсырма Дәлелдеу: «Қарт арманына жетті»
«Қарт арманына жетпеді»
Осы әңгімені идеясын ашатын мақал-мәтел жазып келу
Құнды мәліметтер.Қабдеш Жұмаділов пен әңгіме арасындағы байланыс не?



Бекітемін:
№56 мектеп-лицей директоры:
Ж.Ә. Әлпішев

Қ. Жұмаділов
«Қаздар қайтып барады»
8 «А» сыныбы
Какарманова Р.Ғ.
Астана қаласы №56 МЛ
17.02.2015 жыл

2014-2015 оқу жылы