?аза? ?дебиеті ?абдеш Ж?маділов. «?аздар ?айтып барады».


Сабақ №15
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады».
Мақсаты: Жазушының өмірі, шығармашылығы жайлы білімдерін кеңейту. Шығармаларының өзіндік ерекшеліктері мен тақырыптарын анықтату. Ақын көтерген мәселелер негізінде оқушылардың туған жеріне деген махабаттарын ояту. Өз Отандарын сүюге баулу.
С.түрі: Жазушының өмірі мен шығармаларына талдау жасау сабағы.
С.әдісі: ұжымдық оқыту әдісі. СТО стратегиясы
Қолданылған әдебиеттер: 8- сынып мектеп оқулығы. 2. Жазушы шығармашылығы жайлы пікірлер, еңбектері, т.б.
С.барысы. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
3-кезең. Жазушы шығармашылығы , өмірі жайлы оқушы түсінігін ортаға салу.
Қосымша деректермен жұмыс жасату .
Шығармалары, марапаттаулары, пікірлері, шығармаларының тақырыптары
Қосымша мәліметтер
Өмірбаяны
Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).
Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).
«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.
1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.
Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.
Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.
Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990), Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».
Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы»
Қабдеш Жұмаділов. Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
• 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
• 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
• 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
• 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
• 1954-жыл. Үрімжіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
• 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
• 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды.
• 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
• 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
• 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
• 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Сәуле Әукенқызына үйленді.
• 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
• 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
• 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
• 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
• 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
• 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
• 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
• 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
• 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.