Саба? жоспары ?араш-?араш о?и?асы (8 класс)


Сабақ тақырыбы:М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы».
Сабақтың мақсаты: Жазушы өмірімен таныстыру және повестің негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану. Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой-өрісін кеңейту. Шығарманы талдау арқылы, адами қасиеттерді сіңіру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару .
II.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы.
жазушы М.Әуезов қоғам қайраткері
ғалым драматург
ә) ББТ әдісі бойынша кесте толтыру.
Білемін Білдім
ШҚО Семей облысы Шыңғыстау бөктерінде 1897 жылы туған.
1908 жылы Семейде училищеде оқыды.
1919 жылы мұғалімдер семинариясы
1928 жылы Ленинград университеті филология факультеті
1930 жылы ташкент. Орта Азия аспирантура
1917 жылы «Еңлік-Кебек» пьесасы
1927 ж. «Қараш-Қараш оқиғасы»
1928ж. «Қилы заман»повесі
1942-1947ж. І-ІІ том «Абай жолы» 1952-1956 жылы өнделеді.
ІҮ. «Қараш-Қараш оқиғасын» түсіндіру. Тақырыбы: әлеуметтік теңсіздік
Идеясы:күрес арқылы халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын, жігерін көрсету.
Бөлімге бөліп, жоспар құру.
І бөлім. Тектіғұлдың өлімі.
1.Ер арысы аруақ.
2.Атан жілік азаман Тектіғұл.
3.Мендеген ауру.
4.Кегім кетті.
5.Ағайындылыр Сәлмен сотқардың малайы.
6.Соққыға түскен Тектіғұл.
ІІ. Боз биені олжалау.
1.Жаңбырлы түн.
2.Қалың топ жылқы.
3.Боз бие мойынында қыл арқан.
ІІІ. Қуғыншының құрығы ұзын.
1.Қалың қарағай.
2.Қара киіз үйдегі тіршілік.
3.Ту биені боршалау.
4.Қазандағы семіз ет.
5.Сәлмен бастаған топ жігіт.
6.Соққыға жығылған Бақтығұл.
ІҮ.Бәйбішеге тарту.
1.Есін жиған Бақтығұл
2.Пана табамын.
3.Құлжа арқарды олжалау.
4.Жарасбай ауылы.
5.Бәйбішеге сый.
Ү. Барымта.
1.Үлкен шаруаға араласуы.
2.Шалқар сайлауы.
3.Барымта.
4.Жарасбайдың Досай ауылына күйеу болуы.
ҮІ. Опасыздық.
1.Бақтығұлдың болыстан шеттеуі.
2.Болыстың сырт беруі.
3.Билер үкімі немесе алты қара.
4.Арыздар, Тоқпаевтың ақылы.
ҮІІ. Бақтығұл қашқын.
1.Тау тағысы, Талғар сайы.
2.Қуғыншылар.
3.Өмір үшін арпалыс.
ҮІІІ.Кек алу.
1.Елсіздегі Бақтығұл.
2.Қараш- Қараш.
3.10-15 аттылар.
4.Қарғыс оғы.
Ү. Бөлімдер бойынша талдау сұрақтары:
-Шығарма қандай көңіл күймен басталады?
-Іні өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
-Алғашқы әрекеті қандай еді?
- «Пана табу» шешіміне не себепті келді?
-Бақтығұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді?
- Жарасбай қандай адам?
- Бақтығұлды не үшін ұстады?
Бақтығұл қатесін қалай түсінді?
Бақтығұл неге Сәлмен емес Жарасбайды өлтірді?
ҮІ. Шығармашылық жұмыс. «Балық қаңқасы» тәсілімен «Қараш-Қараш оқиғасының» туу себептеріне талдау жасау.
ҮІІ. Қорыту.
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма. Хикая кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, жазушының суреттеу шеберлігіне талдау жасау.