Саба? жоспары. М.Ма?атаев А??улар ?йы?та?анда поэмасы


Байқоңыр қаласы
№274 орта мектеп
Мұғалімі Сугралиева Нуржамал
Күні: 18.02.2017 жыл
Сыныбы: 8 «Ә»
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Сугралиева Н.Б.
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:М.Мақатаев туралы алған білімдерін кеңейту, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының негізгі мазмұнын түсініп ,баяндай білу, шығарманың тақырыбын, идеясын анықтау.
Дамытушылық: түсіну, талдау, салыстыру, баға беру дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: табиғатты қорғай білуге,мейірімділікке,ананың балаға деген махаббатын бағалай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: М.Мақатаев туралы ізденеді,білімдерін кеңейтеді, поэманы мазмұндайды, сұрақтарға нақты жауап беруге үйренеді,пікірлерін айтады.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс-тәсілдері: СТО, талдау,жинақтау, іздену.
Көрнекілігі: презентациялық слайдтар,карталар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі .
А) оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару.
Ә) психологиялық дайындық.
ІІ.Үй тапсырмасы:
А) М.Мақатаев туралы іздену жұмыстары.
Ә) Өмірі мен шығармашылығы, өлеңдерін жаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Қызығушылығын ояту.
А) «Поэзия» өлеңі оқылып, кімнің өлеңі екенін табу.
Ә) Мұқағали ағашына ілінген сұрақтарға жауап беру.
Б)«Аққулар ұйықтағанда» поэмасымен танысу
2.Мағынаны тану.
1-қатарға 1-бөлімі:Поэманы оқып,тақырып қою, мазмұндық жоспар құру.
2-қатарға 2-бөлімі: Жалғастыра оқып,оқиғаны баяндау.
3-қатарға 3-бөлімі: Оқып, оқиғаның шешімін табу.
IY. Жаңа сабақты бекіту.
3.Ой толғаныс.
А) Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталды?
Ә)Поэмаға арқау болған тақырып қандай? Бес жолды өлең.
Б) Егер мен автор болсам...
V.Қорытындылау.
1.Венн диаграммасы
2.Тест- интервью.
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма:1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып, үзінді жаттау. 2. Поэманы композициялық құрылысына талдау.
3. «Аққу – көлдің еркесі» эссе жазу.
І. Ұйымдастыру кезеңі .
А) оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аудару.
Ә) психологиялық дайындық.
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін көтеру, сабаққа ынтасын ояту.
ІІ.Үй тапсырмасы:
А) М.Мақатаев туралы іздену жұмыстары.
Ә) Өмірі мен шығармашылығы, өлеңдерін жаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту.
Әрбір қазақ үшін поэзия – кейде сырласыңа, мұңдасыңа айналып кететін дүние. Олай болса, «Поэзия» деп аталатын өлеңді кім біледі?
«Поэзия» өлеңі оқылып, кімнің өлеңі екенінін табу.
«Поэзия»
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
-Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Бұл кімнің өлеңі деп ойлайсыңдар?
Бұл қыран қанат ,тау ұлы Мұқағали ақынның өлеңі.
Шынында да ақын поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
-Олай болса, бүгінгі сабағымыз кім туралы болуы мүмкін?
-Мұқағали Мақатаев.
-Ақынның күнделігінен назар аударайық... «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеп, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...» (М.Мақатаев).
Балалар, біз Мұқағали туралы не білеміз?
Мына сурет кімнің суреті?
Сендер Мұқағалидың портретін қалай суреттеген болар едіңдер?
Көз алдымызда шашын артқа қайырған, тау тұлғалы ақын бейнесі.
Қалай ойлайыңдар, биыл ақын неше жасқа толды?(86 жас)
Дүниеден озғанына неше жыл? (41 жыл)
2. Мұқағали ағашына ілінген сұрақтарға жауап беру.
Мұқағали кім?→ Ақын, данышпан, аудармашы, ұстаз.1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? - Мұқаметқали2. Мұқағалидың әкесінің аты? - Сүлеймен3. Ақынның қай жылы дүниеге келді?- 1931ж. 9 ақпан4. Ақынның туған жері?– Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылы5. Ақынның әжесінің аты? - Тиын6.Ақынның ән жазылған өлеңдерін ата.
7.Қандай аудармаларын білесің?
2.Мағынаны тану. Күннің ретін жазу. Мұқағали туралы видео көру арқылы ақынның қандай шығармасынан алынған үзінді екендігін анықтау. Олай болса, бүгінгі сабағымыз ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Енді осы поэма жайлы Т. Молдағалиевтің сөзіне назар аударайық: «Мұқағали поэмаларының ең асылы, ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», «Аққулар ұйықтағанда» дүниесін айтамын. «Аққулар ұйықтағанда поэмасы» 1973 жылы «Жалын» альманағында жарияланды. Мұқағалимен кездескенде, поэмасын көп мақтадым. Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды. Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді.» Бұл-оқырманын бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін оқыттыратын, адам жанына мұң тарту ететін ерекше туынды. Олай болса, сабағымызда әр қатарға бөлім бойынша тапсырма беріледі, сол тапсырма бойынша жұмыс жасаймыз.
1-қатарға 1-бөлімі: Поэманы оқып,тақырып қою, мазмұндық жоспар құру.
2-қатарға 2-бөлімі:Жалғастыра оқып,оқиғаны баяндау.(Байланысы,дамуы, шешімі)
3-қатарға 3-бөлімі: Оқып,оқиғаның шешімін табу.
  Тақырыбы Жоспары
І. Тау басына біткен сұлу көл 1.Жетім көлдің табиғаты.
2. Айдын көл иесі -аққу.
3. Оралмаған аққулар.
ІІ. Науқас бала 1.Шарасыз ата-ана.
2. Тәуіп шалдың емі.
3. Ананың шешімі.
4.Аққуды атуы.
5. Жетім көлден сән кетуі
ІІІ. Жылқышы қарт. 1. Ана зары
2.Халық ырымы. Аққуды атқан оңбайды.
3. Баланың қайтыс болуы.
4. Қасиет. Қасірет.
Эпилог Оралмаган аққулар Аққу жайлы аңыздар көп
Тақырыпты меңгертуге байланысты сұрақтар:
1)Поэмада «Жетім көл» табиғаты қалай суреттелген?
2)Жетім көл неге жетімсіреп қалды?
3)Ананың аққуды атуына не себеп болды?
4)Поэмада қандай мәселені көтеріп отыр?
5)Жылқышы қарт анаға не деді?Бұл сөзден нені аңғаруға болады?
Кейіпкерлерді тауып,іс-әрекетін анықтау. (Оқулықтан тауып оқу)
Ана (қамқор,сәби үшін аққуды атады, қайғырады), бала (науқас,дәрменсіз),
Әке ( қалжырайды,халық дәстүрін берік ұстанған),
Жылқышы (ақылы мол,көргені көп ,дәстүрді сақтайды),
Тәуіп (қайырымсыз, ойы таяз,табиғаттың қасиетті құсын атуға мәжбүр қылды),
Табиғаттың бір бөлігі- аққу (құстың киесі).
1Y. Жаңа сабақты бекіту
«Ой толғау».
А) Поэма неліктен «Аққулар ұйықтағанда» деп аталды?
Ә)Поэмаға арқау болған тақырып қандай?
Б) Поэманың идеясы не туралы?
Бес жолды өлең
Аққу Ана Бала
Сұлу, киелі Жанашыр, асыл
Таранады, сыланады,ұйықтайды Мұңаяды, жабығады, оқ атады
Аққу ақ мүсін тәріздес Ана Жетім көлге атпен барады
Құс ӘйелВ) Поэманы қалай аяқтар едің?
V.Қорытындылау.
1.Венн диаграммасы.
Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы», Ананың балаға деген махаббаты Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Әңгіме, күң, жалғыз, қорықпайды, уытты сөйлейді . Поэма, қайғырады, абыржиды, ойланады, оқ атады.
-Балалар, адам - табиғат перзенті. Дүниеде екі адам бар. Бірі - тіршіліктің анасы.екіншісі-адамның анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды. Поэмада ақын ана мен аққудың ерекшелігін керемет сомдай білген.Ананың балаға деген махаббаты қай кезде де шексіз..Баласы үшін қасиетке оқ ату-касірет болды.Ақын киелі құс аққу арқылы табиғатты қорғауды мақсат етеді. «Адамзаттың табиғатсыз күні ,табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» екендігін естен шығармаңдар.

2.Тест- интервью. Рефлексия.
VI.Бағалау.
VII.Үйге тапсырма:
1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып,үзінді жаттау 2.Поэмағаны композициялық құрылысына талдау.
3. «Аққу – көлдің еркесі» эссе жазу.
Мұқағали шығармаларының ерекшелігі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?
Ойы өзекті.
Бейнелі рух сезім басым.
Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады. Ана махаббатының құдіреттілігін сезінеді.
Табиғатты қорғауды үйретті.
Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.
Ой шақыру. «Менің Мұқағалиым»
1) Ақынның поэмасындағы нагізгі арқау болған тақырып не?
2) Автор өзі көтерген мәселені қаншалықты аша білген?
3) Ана неге аққуды атпақ болды?
4) Бұл шешімге келу анаға оңайға түсті ме?
5) Ананың бұл ісі дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
Проблемадан шығу:
1)Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып – ананың балаға деген махаббаты. Идеясы- табиғатты қорғау.
2)Автор өзі көтерген мәселені толығымен ашқан, себебі поэма шын тебіреністен шын шабыттан, шын күйзелістен, шын сағыныштан туған.
Қорытынды сұрақтар:
1. Мұқағалидың туған жері? (Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)
2. Өмірсүргенжылдары? (1931-1976 ж.ж)
3. Әкесі мен анасыңесімі? (Сүлеймен, Нағиман)
4.Мұқағали ақынның жыр жинақтарын ата. («Армысыздар, достар», «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Шолпан», «Өмір дастаны», т.б.)
5. Мұқағали ақын кімнің тәрбиесінде болды? (Әжесінің. Ол «Мені сөзге, жырға үйір еткен – әжем» дейді. Ақын әжесінің аты – Тиын. Келіндері оны «Мақпал апа» деген)
Аққуды атуға бола ма?
Болады Болмайды

Баласын өлімнен сақтап қалу үшін
атады.Аққу - махаббаттың белгісі, ана мен бала арасындағы махаббаттан артық махаббат жоқ.Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бақи кінәлап өтер еді. Аққуды атуға болмайды.
Аққу - киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.Аққу – табиғаттың жаратылысы, бірақ өмір сүруге тиіс.Аққу – махаббат белгісі, махаббатты қорлауға болмайды.“Аққуды атпа, махаббатты сатпа” деген дана сөз бар.