?аза? ?дебиетінен саба? жоспары М.Ма?атаев «А??улар ?йы?та?анда»


Тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»Мақсаты:1.Мақатаев өмірінен мағлұмат беру
2.Мақатаев поэмасының мәнін ашу
3.Өлеңді талдау машығын жетілдіру
4.Экология туралы ұғымдарын кеңейту,табиғатты сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі:портреті,схема,сурет,буклет
Сабақтың түрі:Поэзия сабағы
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңінен жатқа үзінді сұралады
3.Үй тапсырмасын қорыту
4.Жаңа сабақ.(Сабақты басынан аяғына дейін өлең жолдарымен түсіндіру)
5.Өміріне тоқталу
Жаңа сабақ (Бірінші М.Мақатаевтың өміріне тоқталу)
-Туған жерің?
-Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың
-Туаған жылың?
-1931.Құрадасымын Шәмілдің
-Жынысың кім?
-Еркекпін ғой,еркекпін
-Мекен-жайың?
-Мекен жайым-жер менің
-Жерде жүрген ақын деген пендемін
-Қалам,қағаз,уақыт бер аздаған
-Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Адам өмірінің бақытты шағы-балалық шағы
Балалық шақ бақытсыздық пен өтсе,санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені
Сүйінші бер,ағайын,сүйінші бер
Қуанышпен шешілсін түйін шідер
Қоржын тамға қоныпты шілдехана
Сүлейменнің үйіне жиылсын ел
Көрімдік бер,ағайын,көрімдік бер
Жақсылықтан қай қазақ шегіндік дер,
Жатыр әне шырылдап бір нәресте
Азаматың келешек сенім жүктер
Сүлеймен бе ел-жұрттан жекеленген
Сол жоқшылық оған да төте келген
Жалғыз қасқа биесі өткен күзде
Жетегінде бандының кете берген
Тал бесікте нәресте шырылдайды
Шырылдайды мән-жайды ұғынбайды
Емізерде Нағиман күрсінеді
Тиын әже көз жасын сығымдайды
Түсінбейді бықсиды тұтамай қи
Қырау басқан тапал бесік жұтаған үй
Тал бесікте шарқ ұрып шырылдайды
Сүлейменнің тұңғышы-Мұқағали
3.Мұқағали мектепке барды.
Ожауын оң ұстаған Тиын әже
Сорпаны деміл-деміл сапырады
Қуанышпен құлпырған Нағиманда
Табақ жинап көршіден,шарқ ұрады
Тұңғышы тұңғыш рет мектеп көрсе
Әке несін аянып тартынады
Баласына баянды бақ тілеген
Қазақтың қанға сіңген салты-дағы
Зерек шәкірт үш айда хат таныды
Ажыратты алдағы артағыны
«Қозы Көрпеш-Баянды» сарқып оқып
«Ер Тарғын», «Қобыландыны» жатқа білді.
4.Мұқағали оңға келгенде солғыс басталды
Сұм соғыс атты қазыққа арқандат
Он жасар ақынға да қақпан құрды
Тасаткөлде қоштасып,көңіл тас болып,
Ол да әкесін апатқа аттындырды
Ғайып болды сол күн-ақ балалығы
Ойсырады-жетім боп тағдыр бағы
Кейбіреудей еңіреп жылаған жоқ
Жыр боп шықты «Әке» деп шыңғырғаны
Ойлатып,табыстырып тереңдеді
Өмір-ұста сомдады кемеңгерді
Он үш жасар жетімге қатал Тағдыр
-Мә,әкеңнің құны-деп өлең берді.
5.Мұқалиға әкесінің өлгені қатты батты.Ол әкесіне былай деп уәде берді
Сонымен құладың ба,тас қамалым
Қалмады күйініштен басқа амалым
Зиратың аяқ асты болмасын деп
Бұзылған қорғанымнан тас қаладым
Шынымен құладың ба,шым қорғаным
Шынымен өртендің бе,нулы орманым
Әке сенің өміріңді жалғамасам
Құрып кетсін жер басып,ұл болғаным
«Армысыңдар достар» «Қарлығашым келдің бе?» «Мавр «дариға жүрек», «Шуағым менің», «Өмірдастан», «Өмір өзен» деген өлеңдер жинағы бар.
Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір,сырлы,мұңалы поэзия (Фариза Оңғарсынова)
М.Мақатаев былай дейді: «Егер бір кездерде менің өмірім,творчеством әлдекімнің көңілін аударса,оларға былай дер едім,менің қымбатты достарым .Егер мені содан тапсаңдар,онда ақын болмағаным»
Мұқағали халқын сүйді,жалпы ақынды сүйді.
Оның кейбір өлеңдері халық арасына кең таралып,әнімен айтылып жүр.Мысалы, «Есіңе мені алғайсың», «Фариза», «Мектебім»
Енді біз «Аққулар ұйықтағанда» өлеңіне тоқталайық.Өлеңінің мазмұнымен таныстыру.Мазмұны бойынша сурет салынған.Сол бойынша мазмұнын түсіндіру.Оқушылардан өз ойларын сұрау.
Қорыту
Үйге мазмұнын оқу.Әр бөлімге ат қою.
Мазмұынан сай сурет салу,өлең шумақтарын шығару.
Бағалау