?аза? ?дебиеті М.Ма?атаев “А??улар ?йы?та?анда” поэмасы.
Сабақ №13
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы.
Табиғаттың жүрегі жараланып...
Сабақтың мақсаты: Сезіммен өлең өрген жыр пырағы Мұқағали поэзиясына талдау жасау,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру,поэманың тақырыбы мен идеясы компазициясы туралы теориялық білім беру
а)Поэманың негізгі кейіпкері ана бейнесі арқылы көл еркесі аққуға жасалған қиянаттың қайғылы оқиғаға ұғындыру себебін таныту,қоршаған орта заңдылықтарына қарсы келмеу қажеттігін нақты дәлелдермен түсіндіруге жету.
ә)Аққудың басқа құстардан өзіндік ерекшелігі,қасиеті,киелі құс екендігін суреттеудегі ақынның шынайы сезімін таныту.
Оқушылардың пікірталасын ұйымдастыру,өз ойын дұрыс тұжырымдап,дәлелмен жеткізе білуге,еркін сөйлеуіне дағдыландыру,өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу,сүйсіне білу сезімдерін ояту,талдаулар жасай білу,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
Ақын тілімен салынған табиғат суреті арқылы эстетикалық талғамға,көркем шығарма арқылы табиғаттың сырлы көріністерін тамашалап,сұлулығын сезіне қамқорлықпен аялай білуге тәрбиелей отырып,экологиялық мәдениетін қалыптастыру
а)Экологиялық білім мен тәрбиенің алғышарты.
1.Танымды,мінез-құлықты тәрбиелеу.
2.Оқушының танымдық,шығармашылық дамуына жол ашу.3.Табиғатты аялау,қорғау сезімін оята білу.
Сабақтың түрі:Интеграциланған (дамыта оқыту)сабағы.
(Әдебиет сабағын театр,әуез,көкемсурет,сөз өнерімен интеграциялау)
Пәнаралық байланыс:Экология,бейнелеу өнері,музыка,география т.б.
Сабақ көрнекілігі:ақын суреті,техникалық құралдар,компьютер,аққу туралы жазылған нақыл сөздер,тақырыптық суреттер,көрініс,сызба- кестелер, “Жетім көл”суреті бейнеленген аққудың,шыршалы тоғайдың көрінісі.
Сабақтың әдіс-тәсілдер:
1. Мәнерлеп өлең оқу. “Мұқағали-әлеміне саяхат”.
2. Сахналық көрініс.
3. Компазициялық жоспар (сызба кесте)-талдау.
4. Шығармашылық ізденіс бағытында:“Дебат-пікір- сайыс ”.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру.
1.Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.(С.Тұрысбеков “Көңіл толқыны ” ойналады)
2.Мәнерлеп оқу: “Мұқағалиды аңсау”
II.Үй тапсырмасын пысықтау.
а)Поэзия минуты.
ә)Қызығушылығын ояту сайысы.Ойшақыру “Менің Мұқағалиым”атты үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасының шарты:ақынның өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа оқы және сенің Мұқағалиың екенін дәлелде.
III.Мұқағали әлеміне саяхат:
-Балалар,поэзия әлемінде Мұқағали мұрасы-жалпақ елдің жүрегінде,ой-парасатында,жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап нұр беруде.
Тірлігінде шекпен кимей,шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмайОт боп жанып өтіп кеткен ақынға,
Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай,-деп
Айтақын ағамыз жырлағандай,өлеңімен рухани азық,күш жинап,қажетіне қарай халқына бақыт сыйлаған ақиық ақынымыз ешкімнен кезінде енші сұраған емес-ті.