Физикадан сыныптан тыс ж?мыс Та?ырыбы: Физикалы? сайыс


Тақырыбы: Физикалық сайыс.
Сабақтың мақсаты:
Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу.
Мақал мәтелдер мен жұмбақтарды пайдалануға,қызықты логикалық сұрақтарға жауап бере білуге,ойлау қабілетін дамыту.
Оқушының ой өрісін кеңіте отырып,тәртіпке,ұқыптылыққа,адамгаршілікке,өз ойын ашып айтуға, достыққа тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары,қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!
Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болғаныма қуаунарым сөзсіз.
1-бастаушы:
Мінеки, мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Командалар сайысын,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
Сайысымызды бастамас бұрын сіздерге қалжыны араласқан ғылыми теория айтып берейін. Екі дос бір бірінене сұрапты:Оқушылар кішкене білмей қалса, мұғалімдер «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па? . Сонда екіншісі: Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі затттардың ең көбі су. Ол қанның 79,3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83,3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.
Айта берсек мұндай мысалдар көп, енді сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен танысайық...
____________________________________________

_________________тобы: Жетекшісі:______________
_________________тобы: Жетекшісі:______________
Топ командирлері яғни менің көмекшілері өз топтарындағы оқушыларды жекелеп таныстырады және топтың аты мен ұранын айтады.
Сайыстың барысы:
І. Сырлы сауалдар.
ІІ. Ғажайып сандықша.
ІІІ. Мақал мәтелдер. (Сәйкестендіру).
ІV.Тұлғалар. (Ғалымдардың аты жасырылады)
V.Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір.(Жұмбақтардың шешуін тауып,физика тілімен түсіндірілуі керек)
VI. Не? Қайда? Қашан? (математика және физика,информатика бойынша түрліше сұрақтар қойылады.)
VII. «Cөз тапқанға» сайыскерлерге әріптер беріледі,сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөзбен жауап берулері қажет.
І тур.Ойла ,ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген,
Сауалдарды білмесең
Өте алмайсың көпірден. «Сырлы сауалдар» туры.
Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)
Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)
Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)
Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
ІІ тур.Ұстаз, мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?-деп Асан мұғалімінен сұрапты.
Мұғалім:Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: -Менің телефон нөмірім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен,-дейді. Сонда физик:-Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын,-деген екен.
Ал ,енди біздің оқушыларымыз,физиканың заңдылықтарын қалай естеріне сақтайды екен тексеріп көрелік. Екінші тур «Ғажайып сандықша». бұл турда сайыскерлерімізге физика пәні бойынша түрлі сұрақтар қойылады. Яғни әр топтың қатысушысы өзіне тиісті сұраққа жауап беруі тиіс.
І топ.
1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)
2. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері)
3. Сұйықтың қатты затқа айналу процесі (Қатаю немесе кристалдану).
4. Өз сұйықтығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.(қаныққан бу)
5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)
4. Дененің өзі алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті. (инерттілік)
5.Денелердің өзара әрекет энергиясы?(Потенциалдық энергия)
6.Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)
7.Жылу мөлшерінің олшем бірлігі:(Джоуль)
8.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін ата? (Жылу беру және Механикалық жұмыс істеу арқылы)
9.Заттың неше күйі бар: (үш;газ, сұйық,қатты)
10.Жылу алмасусыз жүретін процесс? (адиабаталық)
11.Периодқа кері шама? (Жиілік)
12. жылдамдықдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама? (үдеу)
ІІ топ.
1. Суйықтың буға айналу процессі? (Конденсация)
2. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)
3. Сұйықтың буға айналу құбылысы. (булану)
4. Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)
5. дененің бос ортада түсуі қалай аталады? (Еркін түсу)
6. Заттың қатты күйден сұйыққа өтуі. (балқу)
7.Денені құрайтын ұсақ бөлшектердің үздіксіз қозғалысы? (Жылу)
8. амперметр тізбекке қалай жалғанады? (Тізбектей)
10. Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қалай аталады? (қисықсызықты қозғалыс)
11. Дененің инерттілігінің сипаттамасы болып табылатын шама? (масса)
12. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі. (конвекция)
Жүргізуші:
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен, даласы.
ІІІ тур. Мақал- мәтелдер. Интерактивті тақтада көрсетілген мақалдардың мағынасын айту қажет.
Мақал –мәтел Физикалық мағынасы.
Жұпарды жасырғанмен иісі білдіреді. Диффузия.
Аяқ сүрінсе , басқа салмақ түсер. Инерция.
Тонның жылуы терісінен емес, жүнінен Жылуөткізгіштік.
Отқа салса, темірде балқиды. Заттың күйлері.
Мақал –мәтел Физикалық мағынасы.
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар. Заттың күйі
Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. Диффузия
Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас. Механикалық қозғалыс.
Жел соқпаса шөптің басы қозғалмайды. Ньютонның бірінші заңы.

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.
Қай жүйрік Архимедті басып озған,
Жалынды патриот, батыр ғалым
Ғасырлар түпкірінен қолын созған.
ІV.Тұлғалар. (Тұлғалардың аты жасырылады).Сіздердің топ басшыларыңыз сіздерге түсінікті етіп, ғалымдардың атын жасырады. Сіздер сол ғалымдарды табуларыңыз қажет. Уақыт бір жарым минут. Барлығы он бес тұлға.Бір тұлғаның аты бір балл.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым. (Ньютон)
Рычаг ережесін тағайындаған кім? (Архимед)
Қысымның өлшем бірлігі қай ғалымның құрметіне берілген? (Блез Паскаль)
Ұлы Александр патшаның тәрбиешісі, ұстазы болған Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)
Алғаш Нобель сыйлығын алған физик ғалым. (Рентген)
Киноны ойлап тапқан француз ғалымдары (ағайынды Льюмерлер)
Білім министрі. (Бақытжан Жұмаділов)
Мектеп директоры. (Е.Д. Алипбаев)
Жылу мөлшері,энергия,жұмыс өлшем бірліктеріне аты берілген ағылшыни ғалымы (Джоуль)
Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)
Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер? (Тоқтар Әубәкіров)
Қазақ қыздарына арналған тұңғыш мектеп ашқан қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы (Ыбыра Алтынсарин)
Лондон Олимпиадасында бокстан «алтын медаль» қазақ жігіті: (Серік Сапиев)
Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)
Орыс ғалымы, 1711-1765 жылдар аралығында өмір сүрген.Жылу табиғаты туралы корпускулалық теорияның дамуына үлес қосқан.(М.В.Ломоносов)
Француз ғалымы.Ол сұйықтармен газдардың бірқатар маңызды қасиеттерін ашып зерттеген.Атмосфералық қысымның бар екенін қызықты әрі нанымды тәжірибелермен дәлелдеген.( Б.Паскаль)
Рентген сәулесін ашқан ғалым? (Рентген)
Қ.Р. Примьер министрі (Серік Ахметов)
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: (Наврузбаева Алшагүл Мақтанбайқызы)
1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
Нүктелік зарядтардың өзара әрекеттесуін анықтаған франциз ғалымы: (Ш. Кулон)
Адамзаттың тұңғыш ғарышкері кім? (Ю.Гагарин)
Екінші ұстаз атанған ұлы ғалым: (Әл –Фараби)
Электромагнитттік индукция құбылысын ашқан ағылшын ғалымы: (Фарадей)
Қазақтың ұлы ақыны: (Абай)
Лондан олимпиадасында екі дүркін олимпиада чемпионы атанған қазақ зілтермішісі: (Илья Илин)
Серпімділік күшін ашқан ғалым: (Гук)
Шу ауданының әкімі: І.Ә.Тортаев
V.Физиканың елінде,
Физиканың тілінде
Жұмбақ шешіп ауысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Мақал мәтел айтысып
Көңілді күй жасайық.
Тіліңмен жүгірме,біліміңмен жүгір.(Жұмбақтардың шешуін тауып,физика тілімен түсіндірілуі керек)
Жұмбақтар шешуін табуы керек, жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі қажет. Шешуін тапқан үшін бір ұпай, физика тілімен түсіндіргені үшін екі ұпай. Жалпы үш ұпай қойылылады.
Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді. (Күн мен ай - табиғи жарық)
Отқа жанбас суға батпас (Мұз - заттың қатты күйі)
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (су – сұйық күй)
Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (Шаңғы - сырғанау үйкелісі, қысым)
Жүйрік өзі тұлпардан,Ұшқыр өзі сұңқардан.Күні түні жүйіткейді,Кең далада бір тарлан. (жел -  конвекция)
Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай - оң, теріс заряд, табиғи жарық)
Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды. (масса – физикалық шама)
Жерде туып көкте өледі . (түтін –конвекция.)
Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар. (бор – жұғу құбылысы)
Көк лағым көген сүйреді. (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)
VI. Не? Қайда? Қашан? (математика және информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады.) Әрбір дұрыс жауап бір ұпай.
1.     Үнділіктер оны "сунья" деп атаған, ал араб математиктері "сифр". Қазір біз ол цифрды қалай атаймыз.(Нөл)
2.     Дүниежүзілік ғалымдарға математикадан басқа ғылым салаларында қол жеткізген жетістіктері үшін берілетін сыйлықтың аты? (Нобель)
3.     Бұл сөз латынның "екі рет" және "кесу" деген сөзінен құралған, яғни қазақшаға аударғанда мағынасы "екі бірдей бөлікке бөледі" деп аударылады. Не туралы сөз болып тұр.(Биссектриса)
4.     Осыдан 5-10 жыл бұрын оларды 286-шы, 386-шы, 486-шы деп нөмірлейтін еді. Ал 586-шы нөмірден бастап оларға жаңа атау енгізілді. Ол не?(пентиум)
5.     Бұл ұлы математиктің қабіріндегі құлпытасқа шардың және оған сырттай сызылған цилиндрдің суреті салынған. Осы сызулар бойынша 2 ғасырдан кейін әлгі кісінің қабірін анықталған болатын-ды. Бұл математик кім?(Архимед)
6.     Бұрындары бұл терминнің аты болған жоқ-ты. Ол терминнің атын XVII ғасырда француз математигі  Франсуа Виет енгізді. Латыншадан аударғанда бұл сөз "доңғалақтың сымы" деп аударылады.(радиус)
7.     Қара жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда "ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балаладрың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте жатқан не?(Кубик)
8.     Бұл фигураның аты грек тілінен аударғанда "тартылған садақтың жібі" дегенді білдіреді. Бұл не?(Гипотенуза)
9.     Венгриядағы осы нүктеден бастап арақашықтықты есептеу бекітілген. Будапештің дәл орталығында осы нүктеге байланысты ескерткіш қойылған.  Бұндай марапатқа ие болған кім немесе не?(Нөл)
10.                       Рим елшісі Марцеллдің әскері Сиракуз қаласының түбінде көп кідірді. Оларды кідірткен өз қаласын жаулардан қорғауға ойлап шығарған ұлы оқымысты Архимедтің қуатты катапультті машиналары еді. Қара жәшікте осы күнге дейін тұрмыста қолданылатын Архимедтің тағы бір ойлап тапқан заты жатыр. Қара жәшікте жатқан не?(Архимед винті, осы күнгі  еттурағыштада қолданылады)
1 жүргізуші: Сайысымыздың соңғы бөлімі «Сөз тапқанға...». Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өздеріне қойылған сұрақтарға таратылған әріптен басталатын сөз арқылы жауап қайтаруы тиіс. Ұпай саны топтардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына байланысты қойылады.
____________тобына қойылатын сұрақтар
(М,Ж,Е,О,Д)
1.Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?
2.Тонның жылуы несінен?
3.Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?
4.Қаз судан неге құрғақ шығады?
5.Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?
6.Физика сабағында неге тыныш отырасың?
7. Булану дегеніміз не?
8.Қатты денеде диффузия неге жай жүреді?
9. Физика сабағы қызық па?
10.Бүгін сайыста кім жеңеді?
______________тобына қойылатын сұрақтар
(Т,А,С,Ө,Қ)
1.Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде аласа ма? Неліктен?
2.Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?
3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?
4.Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?
5.Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын конифольиямен сүртеді?
6.Физика сабағында неге тыныш отырмайсын?
7. Неге ыстық шайда қант тез ериді?
8.Диффузия деген не?
9.Физика сабағы ұнай ма?
10.Бүгінгі сайыс қалай болды?
Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды ойынымыз, «Физика әлеміне саяхат» сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!Қош сау болыңыздар!