Та?ырыбы: Зерде (сыныптан тыс ж?мыс)


 
Мақсаты:
Сынып оқушыларының білімге, технология пәніне деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, халқымыздың салт-дәстүрінде қолданатын бұйымдар және әдеп-ғұрпын насихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Мазмұны:
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 8. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
І айналымның атауы – «Білгенге маржан». Топтарға технология пәні аясында әзірленген 10 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады.
І топ.
Ағаштан қандай оңай бұйым жасауға болады?
Үй жағдайында бос бөтелкелерден қандай бұйым жасауға болады?
Көне қолөнер бұйымдары қайда сақталады?
Музыкалық аспаптар қандай материалдан (заттан) жасалады?
Әшекей бұйымдарды жасайтын кім?
ІІ топ
Жерді жыртудың мақсаты қандай?
Шеберханада жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы:
Желімнің түрлері?
Ағашты қалай кептіреді?
Балық сүйектерін пайдаланып қандай макет немесе бұйымдар жасауға болады?
ІІ айналымның атауы – «Әліппе». Екінші кезеңде топтарға қазақ әліппесінен кез-келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут уақыттың ішінде сол әріптен басталатын ағаштан және металдардан жасалатын заттардың аттарын планшетке жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде, барынша көп сөз жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
ІІІ айналымның атауы – «Құрастырма сурет». Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 4 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.
І топ. Сандық
ІІ топ. Домбыра
IV айналымның атауы – «Математик» деп аталады. Топтар кезекпен математикалық ойын ойнайды. Топтың мақсаты – математикалық амалдарды қолданып, жасалатын заттардың моделін сызып, өлшемдерін барынша дұрыс шешу. Барынша жылдам орындаған топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
V айналымның атауы – «Сөзжұмбақ». Бұл кезеңде сөзжұмбақ шешіледі. Топтар сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс. Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде тігінен «Шикізат» сөзі шығады. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді, сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
1.Қаңылтыр бетіне ою салынып жасалатын бұйым?
2.Үй тұрмысындағы ағаштан жасалған зат?
3. .... етсең емерсін.
4.Ағаш бетін тегістейтін құрал?
5.Әшекей бұйым жасайтын ұста?
6.Жер жыртатын техника?
7.Машина, трактор ол ... ?
Қорытынды.
Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, сайыстың жеңімпазы анықталады. Жеңімпаз топтар марапатталады
М.Әуезов атындағы №251 орта мектеп
«Зерде»
( Интелектуалды сайыс )
Сыныбы: 6, 7
Өткізген: Е.Дүйсенов
2014 жыл