Ойлы бала озар (4 сынып)
Өзiн-өзi тану сабағы
Мерзiм____________
Тақырып: Ойлы бала озар
Құндылық:
Қасиеттер:
Сынып: Сабақтың мақсаты: «Ой» ұғымының құндылық ретінде мәнін ашу.
Міндеттері:
терең ойдың, ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
ойлай білу іскерліктерін дамыту;
ойлылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:
Үй тапсырмасын тексеру.
М.Хакімжанованің «Сәби ойы» өлеңін жаттау. Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесі бойынша мультфильм көрсетіледі.
Сендер қай баланы ойлы бала деп ойлайсыңдар?
Ойлы баланың бойында қандай қасиеттердің болуы тиіс деп білесіңдер?
Сендердің де ойлылық танытқан сәттерің болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Дәйек сөз.
«Терең ой асыл іс»
Абай Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Ойлылық бақытқа жетелейді» атты тақырыбына шағын эссе жазу.
Топпен ән айту.
А.Асылбековтің «Менің жадым» өлеңін мәнерлеп оқу.
Үй тапсырмасы
А.Шамкеновтің «Біздің сынып» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Суреттегі балалардың көңіл күйі туралы айтып беру. (26 бет)
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.