Биология п?ні: Жыландар, сарыбас жылан,с?р жылан
Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
Биология және химия пәні мұғалімі
Едресова Карылгаш Аймурзиевна
Биология 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жыландар, сарыбас жылан,сұр жылан. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты,уының әсері.Жыланның шағуынан қорғану,шаққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.Жыландардың маңызы.
Сабақтың мақсаты: Өз бетінше жұмыс жасауға, тапсырмаларды өзі таңдап іздеп табуға, өз пікірін ашық айтып, рухани және әлеуметтік жағынан білімдерін көтеруге баулу, белсенділіктерін дамыту.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, рухани өсуіне, жеке тұлға тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап,видеоролик көру, мәтінмен, оқушымен жұмыс, Венн диаграммасы, постер қорғау, семантикалық карта,‘телебағдарлама’.
Көрнекіліктер: «Жорғалаушылар отрядының көптүрлілігі» кесте,ылғалды препараттар, маркерлер,слайд,видеолар.
Сабақтың барысы:1. Психологиялық ахуалды қалыптастыру ;
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,зейіндерін сабаққа аудару.
-Оқушылар, 8-наурыз қандай күн?\аналар мен қыздардың мерекесі\
Олай болса тақтадағы сөздерді ұлдар оқимыз.
Қайырлы күн,құрбым.
Қайырлы күн,болсын.
Сабағыңның әр сәті.
Сәттілікке толсын
Бүгін алар бағаңыз
Кілең бестік болсын! Гүл сыйлайды\Гүлдердін күлтесінің арасында топтың аты жазылған\
Сонымен,бүгінгі сабағымызға қатысушы топтар;
1.Жыландар. 2.Кесірткелер 3.Құбылғылар
4.Тасбақалар 5.Крокодилдер 6.Гаттериялар
Лидер сайлау, бағалауды тапсыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру ‘Биологиялық пошта’
Оқулықтың 268-бетіндегі №3 тапсырмадағы
1-топ ‘Сүйекті балықтарға’тән белгілерді жинаңыз
2-топ ‘Қосмекенділерге’тән белгілерді жинаңыз
3-топ ‘Жорғалаушыларға’тән белгілерді жинаңыз
1.Қарыншасының арасында жартылай пердесі бар
2.Жүрегі 2 құлақша 1 қарыншадан тұрады
3.Терісі құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған
4.Өкпесі арқылы тыныс алады
5.Өкпесімен де,терісімен де тыныс алады
6.Таспа тәрізді жұп бүйрегі бар
7.Жамбасқа жақын орналасқан 2 бүйрегі бар
8.Ми қыртысының нышаны байқалады
9.Аналь тесігі бар
10.Клоакасы бар
11.Іштей ұрықтанады
12.Түрленіп дамиды
13.Кеңірдек,ауатамыр мүшелері пайда болған
14.Омыртқа жотасы;мойын,тұлға,сегізкөз,құйымшақ
15.Алғаш кеуде қуысы пайда болған
16.Қанайналымы 2 шеңберден тұрады
17.Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақ болмайды
18.Саусақтарында мүйізді тырнақ болады
19.Денесіне аралас қан тарайды
20.Сырттай ұрықтанады
Сүйекті балықтар Қосмекенділер Жорғалаушылар
6,9,20 2,5,10,12,14,16,17,19,20 1,2,3,4,7,8,10,11,13,15,16,18,19
Венн диаграммасы
4-топ.Қосмекенділердің ерекшелігі
5-топ.Жорғалаушылардын ерекшеліктері
6-топ.Ұқсастықтары\қосмекенділер мен жорғалаушылардың\
Қосмекенділер Ұқсастығы Жорғалаушылар
1.Құрғақта да,суда да тіршілік етеді
2.Терісі жұқа,ылғалды безді
3.Қанқасы 4 бөліктен тұрады
4.Тырнағы жоқ
5.Саусағы 4-5
6.Бұлшық ет тек артқы аяқтарында жақсы дамыған
7.Сілекей безі бар
8.Өкпесімен,терімен тыныс алады
9.Қарыншасында перде жоқ
10.Мишығы нашар
11.Көбі сырттай ұрықтанады 1.Тіршілік етеді;құрлық,
су,топырақта
2.Ас қорыту жүйесі
ауыз қуысы,өңеш,қарын,
аш ішек,тоқ ішек,
тік ішек
3.Сезім мүшелері көз,
құлақ,танау тесігі
4.Жүрек құрылысы\3\
5.Қан айналым шеңбері тұйық\2\
6.Өкпесімен тыныс алады
7.Зәр шығару жүйесі;
Бүйрек,несепағар түтігі,
Қуық,клоака
1.Тек құрлықта тіршілік ететін 8000 түрі бар
2.Тері бездері аз, мүйізді қабыршақты сауытты қапталған
3. Қаңқасы 5 бөліктен тұрады. Алғаш рет кеуде қуысы пайда болды.
4. Тырнақтары бар
5. Саусақтары бар
6. Бұлшық еттері жақсы дамыған.
7. Сілекей бездері улы безге айналған
8.Тек өкпемен тыныс алады.
Алғаш рет кеңірдек,ауа тамырлары бар.
9.Қарыншасында перде бар.
10.Мишығы жақсы жетілген
11.Бәрі іштей ұрықтанады
3.Мағынаны тану.
“Ұшында бір тамшы
Уы бар сұр қамшы”(жылан)
Қазақтың мүшелдік жыл санауына кірген жыландар жөнінде сабағымызды бастаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Жыландар.Улы жыландар.Жыландар шаққанда көрсетілетін алғашқы көмек.Жыландардың маңызы.
Видеоролик көру.<<Жыланхана»,<<Жылан уының пайдасы>> .
-Өз бетімен жұмыс
1топ. Жыландардың көптүрлілігі (постер қорғау) .
Кәдімгі сұржылан ,дала сұр жыланы ,қалқантұмсық оқжылан ,қаражылан (гюрза),сарыбасжылан.
2 топ.<<Жылан мен кесірткені салыстыру>>кесте сызу
3 топ. Телебағдарлама:Улы жыландардың шағуы ,жыланның шағуынан қорғану, алғашқы жәрдем.
4 топ. «Жыландардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы» мәтінмен жұмыс. Эссе жазу
5 топ. Жылан туралы<<Халық даналық>>сөздері. Автор орындығында отырып оқу.
6 топ. <<Қараторғайдан хат келді>>.<<Жұмбақ конверт>>әдісі
Кетіп едім жыраққа
Арып-ашып келемін
Жауап берсең сұраққа
Ән салып мен беремін
<<Жуан және жіңішке>> сұрақтар дайындайды
Мен бұл сұрағымды -----------------қоямын -деп арнайды
Бір-бір оқушыға қояды.
4.Бекіту сұрақтары<<Семантикалық карта>>
Өздеріне тән белгілер Жылан Кесіртіке
1.Қоныз,шегірткемен қоректенеді
2.Бас сүйегінің көптеген сүйектері қозғалмалы орналасқандықтан қорегін оңай жұтады
3.Бес саусақты қысқа аяқтарымен өте шапшаң қозғалады
4.Денесіндегі ескі қабыршақты терісін түлетіп отырады
5.Денесі бас,мойын,тұлға,құйрық,бес саусақты аяқтан тұрады
6.Көз қабақтары мөлдір, шыны тәрізді тұтас жабады
7.Өздігінен құйрығын үзетін ерекше құбылысы бар
8.Үстіңгі жақ сүйектеріне орналасқан тістерінде уы болады
9.Көзі қозғалмалы қабақты
10Тілі сипап сезу қызметін атқарады +
+
+
+
+ +
+
+
+
+
5-топ Жылан туралы<<Халық даналығы>>
<<Жыланның уы басында,бейқамның жауы-қасында>>деген халық даналығы бекер айтылмаған.Қаражылан,кобра,атпажыландардың уы адам ушін өте қауіпті. Халық арасында <<Жыланның уы-тілінің ұшында>> деген сөз бар, ол дұрыс емес. Жыланның тілі сипап сезу мүшесі.Уы тісін де болады.Халқымыз жыланды тура атамай <<түйме>> деп, үйге жылан кірсе, өлтірмей, ақ құйып шығарып салған. Халқымыз жануарларды қорғауға шақырған.
Тірі нәрсе-шөп деген,көгал деген
Көкті жұлма болады обал деген
Ата-анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып <<жоғал>> деген
Жылан Кесіртке
1.Қоректенуі: ірі қоректі оңай жұтады.
2. Денесі қабыршақтармен қапталған, екеуі де түлейді.
3. Жыланның аяғы жоқ.
4. Екеуіде дара жынысты, іштей ұрықтанады, бірақ жылан ұрықтанған жұмыртқа салады.
5. Қабырғаларының төменгі ұшы бос жатады.
6. Көз қабықтары көздің алдыңғы жағын тұтас жауып тұрады.
7. Үстіңгі жақ сүйектерінде орналасқан тістерінде уы болады.
Жыландардың тілі жіңішке ұшы екі айыр, сипап сезу жүйесі.
Жәндіктермен қоректенеді.
Кесіртке құйрығын үзеді, регенерациялық қабілеті бар.
Бес саусақты аяғымен тез қозғалады.
Көзі қозғалмалы қабықта.
Құрметті көрермендер; «Бізбен бірге болңыздар» бағдарламасы өз жұмысын бастайды.
Бүгінгі қонаққа медицина ғылымының докторлары: ________________________
келіп отыр. Қош келдіңіздер!
Бүгінгі бағдарламамыздың тақырыбы: «Улы жыландардың шағулары.Шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы жәрдем» .
Сұрақ: Біздің мемлекетімізде улы қандай жыландар бар, жылан уы адамға қандай әсер етеді?
1-Доктор: жыландар мемлекетіміздің барлық жерінде тараған. Солтүстік сұржылан, оңтүстікте қара жылан/гюрза/, эфа, әбжыландар бар. Жыланның түріне байланысты, оның уы орталық жүйке жүйесіне, жүрекке, қанға әсер етеді.
Әбжылан шаққанда барлық дене жансызданады. Сұржылан, қара жыланның уы ең қауіпті.
Сұрақ: Жылан шаққан жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?
Доктор: Дереу, мүмкіндігінше уды алып тастау керек. Ол үшін шаққан жерінен 15 минутта уды ауызбен сорып тастайды. Бұл үшін көмек көрсетушінің ауыз қуысында жаралар болмауы керек. Жараланған жердің тыныштығын сақтау керек, онда арнайы жыланға қарсы сарысумен емдейді.
Сұрақ: Жыланның шағуынан қорғану үшін не істейміз?
Доктор: Өкінішке орай көктем, жаз кезінде адамдарды улы жыландар шағып алатын жағдайлар болып жатады.
Сондықтан да жорыққа жиналар кезде, жылан шағып алмас үшін, аяққа жабық киім киіп, шалбардың балағына, киімнің жеңіне резеңке салып қою керек. Жүріп келе жатқанда жыланды басып кетпеу үшін аяқтың астына қарап жүру керек.
Жыландар өздігінен тиіспейді, тек өзіне қорғау жағдайларда ғана шығады. Сондықтан да оларды ұстауға, олалармен ойнауға, басып кетуге болмайды.
V. Үйге тапсырма: §54. «Жылан шағудан қорғану шаралары»сжазып келу
1.Сабақ ұнады ма?
2.Кімнің сабаққа қатысқаны ұнады?
Пікірлерін білдіреді,смайликке жапсырады/Смайлик ілу/