Капиллярлы?, веналы? ж?не артериялы? ?ан кетуде к?рсетілетін ал?аш?ы к?мек.
4029075142240
Атырау облысы
Атырау қаласы
Атырау селосы
Ф.Оңғарсынова атындағы
орта мектеп
Биология пәнінің жоғары санатты мұғалімі:
Жумабаева Мая Биғалиқызы
1 деңгей бойынша сертификатталған
8-сынып.Биология.Қысқа мерзімді жоспар
№ Сабақтың тақырыбы Капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек.Жүрек-қан тамырлары жүйесі бойынша қортындылау.
1 Мақсаты Оқушыларға капиллярлық, веналық және артериялық қан кетуде көрсетілетін алғашқы көмек туралы білім беру.
Оқушылардың аяқ- қол тамырлары зақымданғанда жгутты пайдалана білу, мұрыннан қан кеткенде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы білу қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижелері Оқушылар жүрек- қан тамыр жүйесі, артериялық және веналық қан кетуде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы сипаттап айта алады
3 Түйінді идеялар Сабақта жаңа әдістерді пайдалана отырып салауатты өмір салтын ұстанатын, дені сау білімді ұрпақ қалыптастыру.
4 Қолданылған әдістері мен тәсілдері Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: ЖИГСО ,ИНСЕРТ.Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз ,бір тілек;АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
5 Қажетті құралдар Интерактивті тақта, компьютер , маркер, стикер, ақ бетшелер.Слайдтар, бейне көрсетілім т.б.
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқыту модульдері Оқушылардың іс-әрекеті Уақыты
Кіріспе Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сыныпқа жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында жылы сөздер айту, 3топқа бөлу
І топ: «Эпикард»
ІІ топ «Миокард»
ІІІ топ «Эндокард» Топтық жұмыс Оқушылар сәлемдеседі,кезекші оқушыларды түгелдеп,хабарлайды. 3 мин
Үй тапсырмасын тексеру Ой қозғау:
Жүрек- қантамырлар, ауруларының қандай түрлерін білесіңдер
І топ Анемия, Лейкемия қандай ауру?
ІІ топ Жүрек кемістігі неден пайда болады?
ІІІ топ Қан қысымының өзгеру себептері неден болады?
Гипертония
Гипотония
Топтық жұмыс Оқушылар бірігіп сұрақтар бойынша постер құрады, қорғайды, бағалайды. 7 мин
Негізгі бөлім Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу, қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы интер белсенді тақтадан бейне көрсетілім, слайдтар арқылы түсіндіру. СТО Оқушылар назаларын тақтаға аударып жаңа сабақ бойынша кестені дәптерлеріне жазады 7 мин
Жаңа сабақты бекіту Ой толғаныс
Жаңа сабақ бойынша
топтық тапсырмалар орындау.
1.Қан кеткендегі алғашқы көмек.
1.Жүрек: Артерия тамырынан қан кеткенде көрсетілетін жәрдем.
2.Артерия: Венадан қан кеткенде көрсетілетін жәрдем.
3.Вена: Мұрынна қан кеткенде көрсетілетін жәрдем.
-11944351390640
Сергіту сәті
2.Ойын ойнау
Үлкен және кіші қан айналым шеңберінде оттегі, көмірқышқыл газдың қозғалуын көрсету.
3.Жүректен- жүрекке бір-біріне тілек жазу.
Топтық жұмыс Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топ болып орындайды. Алғашқы көмек жәрдемін көрсетеді.
Бірінші оқушы-жүрек.
Екінші оқушы- өкпе.
Үшінші оқушы- артерия.
Төртінші оқушы- вена.
Бесінші оқушы- жасушы болып қозғалыс жасайды.
Қызыл шар оттегі, көк шар көмірқышқыл газы.
Оқушылар қызыл түсті қағаздан жүректі қиып, өз тілектерін бір-біріне жазады.
7 мин
5 мин
3 мин
Қорытындылау
Жүрек- қан тамырлар жүйесі бойынша сұрақ- жауап арқылы қорытындылау. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты пысықтайды. 5 мин
Үйге тапсырма
Жүрек- қан тамырлар жүйесі тарауын қайталап, қорытындылап оқу. Топтық жұмыс Қан кеткенде көрсетілетін жәрдем бойынша оқып көрсете білу. 3 мин
Бағалау Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалау жүргіземін.Көңіл күйлерін білу мақсатында смайликтермен формативті бағалау. Топтық жұмыс Сыныптасын және өзін-өзі критериалды бағалап шығады.Сабақтан алған көңіл күйлерін смайликтермен көрсетіп шығады. 3 мин
Рефлексия Кері байланыс Өткен тақыры бойынша өз пікірлерін жазады. 2 мин