Поурочный план 0 класс Отбасы


Тіл дамыту. мұғалімі Карибаева М
Сабақтың тақырыбы: Отбасы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Отбасы сөзінің мағанасын түсіндіру арқылы әр баланың өз отбасы туралы білімдерін толықтыру;
2.Тәрбиелік: Отбасын сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу;
3.Дамытушылық:Тілдерін дамыта отырып,сөздік қорларын дамыту ;
Сабақтың әдісі: таныстыру, сұрақ -жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең ( 2 мин) Балалардың көңілін сабаққа аудару.1,2,3 сыныптың іші тып-тыныш. Дыбыс тыңдау.
2. Ұстаз сәзі:Балалар сендер ауа райы туралы білесіңдер ме?(балалардың ойларын ,әңгімелерін тыңдау) - Қазір қай мезгіл?
- Неліктен күзді «алтын күз»дейді?
- Күз туралы не білесіңдер ? балалармен ой бөлісу,әңгімелеу.
- көкөністерді,жемістерді атау
Сергіту:
: Бала-бала-балақай
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат
Былай-былай ойнап.
Топ-топ ,топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса Алтын күн!
Жаса-жаса Алтын күн! Қимыл қозғалыс жаттығу
«Отбасым – бақыт мекені» мағынасын түсіндіру.
Жаңа сөздермен жұмыс – отбасы,отбасы мүшелері, ата-ана
-бас бармағым-атам,
-балан үйрек –апам,
-ортан терек –әкем,
- шылдыр шүмек – анам,
- кішкене бөбек –мен (хормен қайталап,жаттату
Хормен қайталау,балалар өздерін көрсетіп,кеудесіне қолдарын қойып айтады.
4.Әр бала өзінің отбасы туралы біле ме?-әр баланы әңгімеге тарту.
5. Оқулықпен жұмыс.Тапсырманы үлкендердің көмегімен орындайтындарын ескерту. Сурет салу .Әр бала өз үйінің суретін салады.

6.Сабақты қорытындылау: Сабақ ұнады ма? пікірлесу
Тексеру мерзімі Тексерушінің аты-жөні