Статья по теме ?аза? тілі саба?тарында ойын технологиясын ?олдануды? тиімділігі


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес білімді, кәсібі біліктілігі жоғары тұлғаны тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті білім негіздерімен қаруландыру және қазіргі жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға, және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім  беру жағдайындағы инновациялық үрдіс – педагогикалық идеяның, деректер мен тұжырымдамалардың, теорияның, әдіс-тәсілдердің жаңа сапалық өзгерістерін қамтамасыз ететін үрдіс, яғни білім алушының қандайда бір іс-әрекетке құзіреттілін дамыту. Оқушының құзіреттілігін дамытуда ойын технологиясының алатын рөлі зор.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Бұл,әсіресе, қазақ тілі туған тілі болып табылмайтын орыс тілді сынып оқушыларына тән.
Ойын түрлерінің материалдарында сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әселігін,тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға қызықты болады және сабақ материалын меігеруге септігін тигізеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
     Орыс сыныптарда қазақ тілін оқытуда  ойын технологиясын сабақ барысында қолдану тиімді әрі  жеңіл. 
Ойынның мақсаты – оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау.
Міндеті – оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Олар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында қолданылса, өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында –оқушылардың көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан орыс сыныптарында оқитын оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ:І
1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше  шеше білуге үйретеді.
3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5.Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге,қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.
Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын оқушының қабілетіне, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.
Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс. Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды
көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу.
Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитынын Я. А. Коменский атап айтқан. Ж. Ж. Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.
Қазақ тілі сабақтарымда ойынның әр түрлі ойындарды пайдаланамын. Мысалы: "Ұйқасын тап" ойыны.
Ойынды әр сабақтың соңында тақырыбтын бекіту маұсатында қолданамын. Оқушылар сөздердің ұйқасын табу арқылы жаңа лексиканы меңгереді.
«Дұрыс, бұрыс » ойынын жүргіземін. Бұл ойынның шарты: Мұғалім тақтаға бірнеше дұрыс және қате жазылған сөздерді оқушыларға талдатады. Оқушылар дұрыс жазылған сөздерді бір бағанға, қате жазылған сөздерді екінші бағанға жазады. Емлесін түсіндіреді.
Қорытындылай келе, ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдану оқушылардың білім беру мазмұнын меңгерулерінің бірден – бір кілті болып табылады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет
4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, Алматы // -241б
5. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы,2005. -233 б.
6. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.
7. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.
8. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.