Д?ниетану п?ні Кенге жатпайтын пайдалы ?азбалар 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты:
1.Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.
2.Балаларды кенге жатпайтын пайдалы қазбалариен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру, балардың сөйлеу, логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау қабілетін дамыту.
3.Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Түрі: сайыс,аралас,экскурсия,кіріспе,топтық,жұптық,ұжымдық...
Әдісі: проблемалық,ситуациялық,зерттеушілік,
ауызша,түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап...
Типі: білімді қорыту,жүйелеу
Формасы: топпен,жұппен,дербес,ұжыммен
Көрнекілігі: Пайдалы қазбалар картасы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:
Оқу үрдісінің тәртібі:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Психологиялық кезең:
ІІІ.Үй тапсырмасын зерттеу:
Жаңа тақырыпты хабарлау.
Оқулықпен жұмыс.
Кіріспе бөлім
Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс:
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың пайдалы қазбалар туралы алған білімдері пысықталады.
Пайдалы қазбалар деген не?
Олардың кен орындарын картадан көрсетіндер.
Пайдалы қазбалар қандай екі топқа бөлінеді?
Қандай кенді пайдалы қазбаларды білесіндер?
Кенсіз пайдалы қазбалар қандай екі топқа бөлінеді?
Кесте ілінеді.
Пайдалы қазбалар
Кенді
Кенгежатпайтын пайдалы қазбалар
Құрылыс Жанғыш
Темір кені
Гранит, әктас, құм, сазбалшық Таскөмір, мұнай, табиғи газ
Сөздік диктант.
Пайдалы қазбалардың атын жазу.
Жеңіл, ылғалды сіңіріп алады, жақсы жанады, тыңайтқыш ретінде қолданылады.(Шымтезек).
Шахтада игеріледі, ауыр, мықты, созылғыш (Темір кені).
Қара түсті, қатты, жылтыр, суға батып кетеді, жанғыш(Таскөмір).
Оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу. Мұғалім пайдалы қазбаларды негізгі топтарға бөлуге тапсырма береді. Кенді, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Кел, ойланайық!
Бұлардың осылай аталу себебін айтындар.
Пайдалы қазбаларды жоспар бойынша әңгімелеу.
а) Аты
ә) Қасиеті
б) Игеру тәсілі
в) Маңызы мен қолдануы.
Бұл жұмыс топпен орындалады. Әр топқа пайдалы қазбалардың үлгісі беріледі;
Сарамандық жұмыс.
Картамен жұмыс.Оқушылар картадан пайдалы қазбалардың кен орындарын тауып көрсетеді және оларды кескін картаға шартты белгілерімен белгілейді.
Өздік жұмыс:
Сергіту сәті.
Деңгейлік тапсырмалар нәтижесін зерттеу:
Шығармашылық жұмыс
Ақпараттық кезең(ғылымилығы)
өзіндік жұмыс
а) деңгейлік жұмыс
Бағдарлау –мотивациялық кезең:
Өтілген материалдарды қайталау.
Сөзжұмбақ шешіледі.
қ а з б а б а й -7175519939000 -6540519939000 л ы қ 1. Қатты тау жыныстарының үгілуі салдарынан түзілетін тас түйіршіктері.
2. Мысты басқа металдарға қосу арқылы алатын металл.
3. Тағам дайындауға пайдаланылатын зат.
4. Жер беті алғашқыда газдан және неден тұрады?
5. Картада ақ мұнар таңбасымен белгіленетін қазба байлық атауы.
6. Жердің беткі бетінің қабатының пішіні.
7. Қатты тау жынысы.
8. Жанармай алынатын майлы, қоймалжың зат.
9. Керамикалық ыдыстар жасауға қолданылатын жұмсақ тау жынысы.
10. Қызғылт түсті жұмсақ металл.
11. Көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал.
Сөзжұмбақтың шешуі: 1. Құм; 2. Қола; 3. Тұз; 4. Бу; 5. Газ; 6. Бедері; 7. Гранит; 8. Мұнай; 9. Сазбалшық; 10. Мыс; 11. Құбыланама.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.
Табиғат пен адамның арасындағы байланыс жайлы пікірталас өткізу.
Бекіту.
Рефлексиялық-бағалау кезеңі(комментаримен)
Үйге тапсырма беру.
Мәтінді оқу, кесте-сызба арқалы кенге жатпайтын пайдалы қазбалар туралы әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру.