Т?уелсіз Мемлекеттер Достасты?ы саба?ы


БЕКІТЕМІН ПӘНІ ГЕОГРАФИЯ СЫНЫП 10 «А» МЕРЗІМІ 16.03.16
ТАҚЫРЫП: ТМД елдеріне жалпы шолу
МАҚСАТЫ: ТМД елдері туралы білім беру, ерекшелігімен танысу;
Ой - өрісін, танымдық ойлау қабілетін, іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;Өз бетімен ізденіске бейімделеді;
Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді; Сыни ойлау дағдылары артады
САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ ресурстар Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың іс- әрекеті Сабақта 7 модуль-дің кіріктірілуі:
Ұйымдастыру кезеңі
2 мин Амандасу тренингі. Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу Бас саусағының көмегімен көңіл күйлерін көрсетеді Оқытудағы жаңа тәсілдер
2. Психологиялық дайындық3 минТүрлі түсті қағаз қиындылары «Маған ұқсайтын досым», мақсаты: қазақтың көрісу салт-дәстүрі негізінде оқушылардың арасындағы жылулық қалыптастыру. Өздеріне ұқсайтын оқушылар бір-біріне тілек айтады. Түрлі түсті қағаз қиындылары бойынша топқа бөлініп отырады. СТО, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
3. Жаңа сабақ:
7 мин
Слайд І. Қызығушылығын ояту: “Ой шақыру”
1. - Бұл материкте біздің Отанымыз –Қазақстан орналасқан.
Еуразия материгінің дәл ортасын ғарыштағы спутниктің көмегімен есептеп шығарғанда, қазақ жерінде, Ұлы Абайдың: Жидебай жайлауында екені анықталды. Еуразияның қақ ортасы екенін анықтайтын пирамида орнатылып, оның 4 жағына қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде жазылып қойылған.
2. Таныстырылым көрсету: ТМД елдеріне жалпы шолу Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, таныстырылымды мұқиат тыңдайды
Оқушылар таныстырылым көргеннен кейін сабақтың тақырыбын өздері анықтайды.
АҚТ
Жаңа материалды меңгеру кезеңі.
13 мин Атлас
Кітап Мағынаны тану:
Оқушылар тақырыпты өз бетімен оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі.
Тақырыпты оқып болған соң, топтарға тапсырма беріледі 1. Жеке тапсырма
1 - топ - ТМДның қалыптасу тарихы
2 - топ: - Ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары
3 топ - Кедендік Одақ;
2. Әр топ тапсырманы ватманда орындайды. Тақырыпты ашу мақсатында әр топтан 2 оқушы шығып флипчарттарын қорғайды, уақыты 2 - минуттан.
3. Төрт жол өлең шығару
4 Бірінші топқа екінші топ сұрақ қояды, екінші топқа үшінші топ сұрақ қояды, үшінші топ бірінші топқа сұрақ қояды Топтар сұрақтарға жауап береді.
СТО, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
5. Ой толғаныс:
13 мин Эссе «ТМД елдерінің болашағы»
Қосымша: «Пікір алаңы»
1.Неге КСРО-ның таралы туралы мәселені оған кіретін 15 одақтас республикалардың өкілдері емес, үш славян мемлекетінің басшылары шешті деп ойлайсыңдар?
2.КСРО-ның күйреуін дұрыс деп есептейсіңдер ме?
3. Тәуелсіздік Қазақстанға қандай жағдайда келді?
4.Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы неде?
Оқушылар сұрақтарға жеке жауап береді.
Қорытынды сөз:М. Әуезов:“Адам мен адамды, халық пен халықты теңестіретін нәрсе - білім” Оқытудағы жаңа тәсілдер
6. Бағалау кезеңі
3 мин Бағалау парағыБағалау: «Бағалау парағы» 1-3 ұпай аралығында бағалау
Оқушының аты Постер қорғау Төрт жол өлең Эссе Белсенділігі Қорытынды
Кері байланыс: Оқушылар сабақта алған әсерін қағазға жазып, мұғалімге тапсырады ОүБ және оқуды бағалау
Қорытындылау. Үйге тапсырма
2 мин ТМД халқы туралы сөз жұмбақ құрастыру; Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Елдерді кескін картаға түсіру Күнделіктеріне үй тапсырамасын жазып алады.