«Нан дастар?ан?а ?алай келді?» саба?ы
Западно-Казахстанская область
Бокейординский район
Общеобразовательная средняя школа имени ЖангирханаШамшединова Арайлым Кабдрахимовна воспитательница
предшкольной подготовки.
Технологиялық карта.Мектепалды даярлықта қоршаған ортамен таныстыру пәнінен ашық сабақ
Күні: 15.02.2017.
Тәрбиеші: Шамшединова Арайлым Кабдрахимовна.
Тақырыбы: «Нан дастарқанға қалай келді?»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Мақсаты: Ұннан жасалған тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылар еңбегі жайлы түсіндіру.
Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру. Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу,
үлкендердің еңбегі н бағалауға баулу.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Нан туралы әңгіме.
Әдіс – тәсілдер: Көрсету,түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, әңгімелесу.
Қажетті көрнекі құралдар: Наубайшылар киімі, алдын ала ашытылып қойылған шикі нан.
Қостілділік компонент /билингвальный/: Нан – хлеб, диқан – хлебороб, земледелец.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Балалар шеңбермен бойымен отырады. «Гүл, ағаш, жеміс» ойыны.
Санамақ ретімен санамақ айтуды ұсыну. «Гүл,ағаш, жеміс, гүл, ағаш, жеміс ...» деп кезекпен жалғастырады. Санамақ тоқтаған кезде, бала тез арада жемістің не ағаштың, не гүлдің атын айту керек.
Атаулары қайталанбау керек. Атау дұрыс болса, ойын жалғасады. Бала уақытты созып алса, не дұрыс айтпаса, ойыннан шығады.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі «Нан» туралы әңгіме.
Нан – адал ас. Нанды жерге тастауға, аяқпен басуға болмайды. Оны қадірлеу керек. Өйткені нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етеді.
Билингвальный компонент:
Нан – хлеб, диқан – хлебороб, земледелец
- Нан қандай ас?
- Нанды қалай қастерлеу керек?
- Бүгінгі әңгіме нанның біздің дастарқанымызға қалай келетіні туралы болмақ.
- Нанды қазақ халқы өте қастерлеп,ардақтаған. Нан туралы шешендік сөздер өте көп. Сендер нанға қатысты қандай мақал – мәтел, тыйым сөздер білесіңдер?
Әңгіме оқу: «Нанды қадірлейік»
Кейбір балалар нанды тойғанша жеп, қалғанын лақтырып тастайды.
Бұ дұрыс емес.
Нан еңбекпен табылады. Диқандар жерге тұқым себеді. Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп – баптайды. Күзде астықты орып алады. Жүргізушілер астықты машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі – адам еңбегі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.
- Бидай неден өсіп шығады?
- Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?
- Егін өсірушілердің мамандықтары атаңдар.
- Суреттерде нелер бейнеленген?
- Бұларды бір сөзбен қалай атайды?
- Дәнді дақылдар ішінде қайсы түрінен бидай татылып, нан пісіріледі?
- Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданады. Бірақ жоқшылық, қиыншылық уақыттарда дәнді дақылдардың бәрінен ұн тартып, нан пісірген. Қазір арпа, күріш, жүгеріні, көбінесе тәтті нан түрлерін, шелпектер пісіруге пайдаланады. (сұлы печенье, жүгері нанын көрсету)
Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?
Балалрдың назарын келесі суретке аудару. Суретте элеватор бейнеленген.
Элеватор – деген не?
Элеваторды басқаша қалай айтуға болады? Бұрынғы уақытта ұнды қандай жолмен алғанын көрсетеді.
-Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?
- Нан пісірушілерді қалай атайды?
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлеп!
Торғайларға тастаңдар!
Балалар тәрбиеші әңгімесін тыңдайды.
- Адал ас.
- Нанды баспайды, жерге тастамайды, қолын жумай ұстамайды.
Балалар мақал – мәтел, тыйым сөздерді айтады.
- Ас атасы - нан, нан атасы – дән.
- Нанды бір қолмен үзбе.
- Нан қиқымын басуға болмайды.
Балалар әңгімені тыңдайды.
- Бидай тұқымнан өсіп шығады
- Астық.
Балалар суреттегі бағдаршаммен көрсетілген тұқымнан нанға дейін өсіп жетілу кезеңін атайды.
Тұқым – жас өнім - бидай- астық- ұн - наубайхана – нан.
- Трокторшы, диқан, дирменші, комбайыншы.
- Арпа, жүгері, күріш, бидай, қара бидай, тары, сұлы.
- Дәнді дақылдар.
- Бидай, қара бидай.
Балалар аналары пісіретін нан түрлерін айтады.
Балалар суреттегі элеватордағы ұн тарту процесін тәрбиеші көмегімен айтады.
- Ұн тартатын орын.
- Диірмен.
- Наубайхана.
- Наубайшы.
Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасау.
Іс- әрекеттің бағалау кезеңі Сұрақ – жауап арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін пысықтау.
Сұрақтарға жауап береді, бір –бірінің жауаптарын толықтарыды.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Нанның дастарқанға келу жолы.
Қандай түсініктерді игерді: Бидайдың тұқым кезінен бастап, нанға айналу кезеңдерін, дәнді дақылдар туралы.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлеуді.