Интеллектуалды сайыс 
интеллектуалды  сайысы
Мақсаты:
 Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
 Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
 Тәрбиелік: Окушыларды жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың  түрі:  жарыс  сабақ
Сабақтың  әдісі: топтық жұмыс ,сұрақ - жауап, әңгімелесу.Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі.Көрнекіліктері:  әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі туралы   мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. Пәндер   туралы  қанатты сөздер.
Өтілуі  барысы:Ұйымдастыру кезеңі:Мұғалім: Бүгін біз сайыс  сабағымызды  3  топқа бөлініп 5 кезеңнен тұратын интеллектуалды  сайыс  түрінде өткіземіз. Сайысымыздың  аты: «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар»Бұл сабақта берілген сұрақтарға жауапты тез, толық және нақты жауап берулерің керек. Ал   енді  сөз  кезегін  жүргізушілер  беремін.
1-жүргізуші:  Армысыңдар, ағайын,Ағайын тілін табайын
2-жүргізуші:  Бармысыңдар бауырларӨкпе жоқ, бізде бауыр бар
1-жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,Шаршамайтын қыс-жаздар
2-жүргізуші:  Ізетке ие інілер,Інілер, еті тірілер
1-жүргізуші:  Кешке келген сайланып,Отырам деп жайланып
2-жүргізуші:  Көрермендер аман ба,Отырған анау ойланып.
Екеуі бірігіп:   Бәріңізге бір сәлем.
1-жүргізуші:  Енді кешті бастайық2-жүргізуші:  Екеуміз енді саспайық1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз.2-жүргізуші:  Бүгін біз математиканың жұмбақты да тартымды әлемімен танысамыз.1-жүргізуші:  Біз бұл әлемнің қаншалықты қызықты,әрі сан түрлі екендігіне көз жеткіземіз.2-жүргізуші:  Ал енді бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
1-жүргізуші:  Ашық жарқын жүздіӘділқазылар біздің,Әділ баға берерге,Шақырайық біз төрге.Шеберлікті, білімді,Сараптап сіздер көріңіздер.Әділ қазы алқасы,Әділ баға беріңіздер –деп алдымен әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Төрағасы:
Мүшелері:
2-жүргізуші:  Бүгінгі сайысымыздың өтілу барысымен таныстырайық . Сайыс  бес кезеннен тұрады. 
1кезең  «Білгенге - маржан»2 кезең: «Тіл өнері»3 кезең: «Кім жылдам?»4 кезең: «Ойлан, тап!»5 кезең:  « Кім  тапқыр? »
1 –жүргізуші:Ғылымның сырын ұғына,Шығыңдар білім шыңына!Ұқыптылық пен зеректілік,Жеткізер сіздей өренді,Білімнің нәрлі сырына.Қадамдарың оң болсын,Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін.
1 топ: «Білімділер» Бұл сайыста қалма бос,Біліміңе білім қос.2 топ: «Ойшылдар» Тартысайық сайыста күш - жігермен,Айырылысайық қимас дос көңілмен.
3топ:  «Жүйріктер » Жүзден  жүйрік  болымыз,
Ақылды  болып  толамыз.
Әр топтан бір оқушы қарсылас топтарына  тілек  білдіреді.
1 кезең: «Білгенге - маржан» Сұрақтарға жауап беру.«Білімділер» тобына1. Көктем айларын ата / Наурыз, сәуір, мамыр/2. Табиғат дегеніміз не? / Бізді қоршаған орта/3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер/ кім? кімдер? Не? Нелер?4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев/5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас? /Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан/6. Абылай ханның шын аты кім? /Әбілмансұр/7. Қазақтың ұлттық аспабы /домбыра/8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары /Әлия, Мәншүк/9. Біздің облысымызды ата? /Алматы  облысы/10. Әліппенің атасы кім? /А. Байтұрсынов/
«Ойшылдар» тобына1. Мақал дегеніміз не? /сөз  мәйегі/2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз/4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім? /А. Құнанбаев/5. Мұқағали Мақатаев қай  жылы туылған, қай  айда,нешесі?/1931 жылы, 8- наурызда/6. Қабанбайдың шын аты кім? /Ерасыл/7. Жырды айтушы адам қалай аталады? /жыршы/8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім? /Р. Қошқарбаев/9. Біздің мектептің директоры кім? /Әділғазы Омарғазыұлы/10.. Күй атасы кім? /Құрманғазы/
 «Жүйріктер»  тобына
1.Абайдың  шын аты ? /Ибраhим/
2. Мітіннің  неше  түрі  бар,ата? /үш,  әңгімелеу, сипаттау, пайымдау./3. Қыс айларын ата / желтоқсан, қаңтар, ақпан/4. Бидай  мен қаңбақ мысалын кім  жазған  ? /Асқар Тоқмағанбетов. /5. Үш  жүзді  сайлаған  кім?/Тәукехан/6. Мұқағали  Мақатаевтың  шын  аты  кім? /Мұхаммедқали/7. Күй  анасы  кім? /Дина Нұрпейсова/8.  Тәуелсіздік  күні  қай  күн?/16  желтоқсан/9. Рамазан айында  қандай өлең  айтылады? /Жарапазан/10.Наурыз мерекесі  қай  мезгілде  тойланады?  /Көктем/
2 кезең: «Тіл өнері»Бұл кезеңде берілген мақалды аяқтау керек
«Білімділер» тобынаТіл тас жарады,... /тас жармаса бас жарады/Жақсы сөз... /жарым ырыс/Ойнап сөйлесең де... /ойлап сөйле/Әдепті бала - арлы бала,.../ әдепсіз бала – сорлы бала./Жақсыдан үйрен -.../жаманнан жирен/
«Ойшылдар» тобынаҮлкенге құрмет -.../кішіге ізет/Бірлік болмай.../тірлік болмас./Еңбек етсең ерінбей,... /тояды қарның тіленбей/Туған елдей ел болмас,.../туған жердей жер болмас/Жүз теңгең болғанша,.../жүз досың болсын/
«Жүйріктер»  тобына
Қойдың  сүті қорғасын. ......./қойды  ұрған  оңбасын/
Оқу  инемен ...... /құдық  қазғандай/
Бір  тал  кессен ....../он  тал  ек/
Оқусыз  білім  жоқ, ...... /Білімсіз  күнін  жоқ/
Нар  жолында ....../жүк  қалмас/
3 кезең: «Кім жылдам?»Жұмбақтың шешу.«Білімділер» тобына1. Жеті қазынаның біріАдамды қорғап жүретін досы. /ит /2. Футболшының алаңдағы ойын заты. /доп /3. Тұмсығымен қозғаларСоңынан аппақ із қалар /бор /4. Үсті толы ине,Бірақта, іс тігіп,Қадамайды түйме. /Кірпі/5. Қанаты жоқ – ұшады,Аяғы жоқ – қашады. /Жел /
«Ойшылдар» тобына1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде /қалам /2. Сағат сайын соғыладыМектептен табылады. /қоңырау /3. Жеп көріп ем өзін мен,Жас шығарды көзімнен /Пияз /4. Қабат – қабат қаттамаАқылың болса аттама /кітап /5. Ашылып жабыладыӘр үйден табылады /есік /
«Жүйріктер»  тобына
1.Шыңдары шырқау, 
Көшіп жүр бір тау. (Түйе) 
2. Жайған жастық сөгілді, 
Аппақ мамық төгілді. (Қар)  
3. Желден желігеді 
Судан шегінеді. (От)  
4. Жылт-жылт етеді 
Жылғадан өтеді. (су) 
5. Өзімнен өзгенің бәрін көремін. (Көз) 
4 кезең: «Ойлан, тап»Бұл кезеңде 12 ұяшық, Қалауы бойынша таңдап, артындағы сұраққа жауап беру керек. Дұрыс жауап берсе, ұяшықтағы ұпай саны беріледі.10 10 1020 20 2030 30 3040 40 401 - ші қатардағы ұяшықтар1. Терең  мұхиттардағы  су  астын  зерттеуге  арналған арнаулы  аппарат 
/ Батискаф/2. Ұзындық өлшеуіштерін ата / мм. см. дм. м. км./3. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай? / хабарлы, лепті, сұраулы/4. Рәміздерді және олардың авторларын ата/ Әнұран – авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдыаяқов.Ту – авторы: Ниязбек Шәкен ОңласынұлыЕлтаңба – авторы: Мәліков Жандарбек, Шот – аман Уалихан/2 - ші қатардағы ұяшықтар1. Аспан  мен жердің  атасқан жерінен ойша  сызық жүргізсек оны  не  дейміз?
/Көкжиек  сызығы/2. Сөз таптарын ата. /зат есім, сан есім, сын есім, етістік/3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Зотобол ауданында туған ағартушы кім? /Ы. Алтынсарин/4. Су  астында  жүзетін  адамдардың тыныс  алу  үшін арнайы, ішіне  ауа  толтырылған аппарт қалай  аталады?  / Акваланг/3 - ші қатардағы ұяшықтар1. Қандай кірпінің тікені кірмейді? /жаңа туған кірпінің/2. Қай құс ерте келеді? /таған/3. Суда туып, құрғақта өмір сүреді. /бақа/4. Кеше Айнұрдың туған күні болған. Ертең бейсенбі болады. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні? /сейсенбі/
 5 кезең « Кім  тапқыр? »  Математикадан  логикалық тапсырмалар.
«Білімділер» тобына1. Бір  топ үйрек ұшып  барады.Олардың  барлығы  бесеу.Біреуі  жерге  қонса, нешеуі  қалады? 
 /  Ж: Біреу. Өйткен қалғаны  ұшып кетеді./2. Аулада 17 қаз және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр? /34/3. Бірінші қосылғышы 11, екінші қосылғышы 12, үшінші қосылғышы 13. Қосындының мәнін тап. /39/4. Қарбыздың салмағы 8кг. Осындай екі қауын неше кг болады? /16/5. Әкесі 36 жаста, ал баласы одан 30 жас кіші. Баласы неше жаста? /6/6.Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?  /2/7.Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді? /40/8.4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі? /4/«Ойшылдар» тобына1. Аулада 15 тауық және сонша үйрек жүр. Аулада барлығы неше құс жүр? /30/2. Бірінші қосылғышы 13, екінші қосылғышы 11, үшінші қосылғышы 15. Қосындының мәнін тап. /39/3. Белгісіз қосылғышты тап: 50+..?.=52   /2/4. Әкесі 46 жаста, ал баласы одан 40 жас кіші. Баласы неше жаста? /6/5. Шыршаның басында 15 алма өсіп тұр. Марат 3 алманы үзіп алды. Шырша басында неше алма қалды? /шыршада  алма  өспейді/6.2 кг мақта ауыр ма, 2кг темір ауыр ма? / бірдей/7.Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /Алмұрт/8. Бір айда 5 жексенбі бола ма? /болады/«Жүйріктер»  тобына
1. Аулада 14 қаз және сонша тауық жүр. Аулада барлығы неше құс жүр? /28/2. Бірінші қосылғышы 16, екінші қосылғышы 10, үшінші қосылғышы 14. Қосындының мәнін тап./40/3. Қарбыздың салмағы 6кг. Осындай  3 қауын неше кг болады?/18/4. Белгісіз қосылғышты тап: 40+...=49 /49/5. Әкесі 29 жаста, ал баласы одан 21 жас кіші. Баласы неше жаста? /7/6. Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр. Талғат 1 шамды сөндірді. Неше майшам қалды? /1, қалғаны  жанып  кетеді/7.Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады? /200 кг/8.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар? /5 баласы/Қорытынды:
Ұпай  сандарын  анықтап, марапаттау.
Әділқазыларына  сөз  кезегін  беру.