Мен 7-8 сыныптар ортасында физика п?нінен Кеш ?алма?ыз! та?ырыбында интеллектуалды сайыс саба?ымды жасадым.Ма?сатым Физика?а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру логикалы? ойлау ?абілетін ж?не ораторлы? шеберлігін ойын ар?ылы дамытуОй-?рісін ке?ейту, логикалы? 
Тақырыбы: "Кеш қалмаңыз!"   (интеллектуалдық сайыс сабақ)  Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Физикаға деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, карточкалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта
Түрі: Физикадан интеллектуалды сайысТипі: Сайыс түрінде
Топтар : «Ньютон»,«Паскаль» 
Сабақтың өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз. 1. Кіріспе бөлімі. 
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
дей келеНазарларыңызға “Кеш қалмаңыз! ” атты сайысымызды ұсынбақпыз.                     Құрметті сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 2  кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.
Сабақтың кезеңдері.І тур. " Сәлем сөздің анасы"  топтардың сәлемдесуі . II тур ."Физика біздің айналамызда"  физикалық жұмбақтарға жауап беру. III тур ."Өрмекші" формулалар эстафетасыІV тур.  " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .V тур. "Ғажайып алаң"  үй тапсырмасын көрсету.                                                                                     VІ тур. "Қызықты логикалық есептер". 
VІІ тур. Қорытынды.І тур. " Сәлем сөздің анасы"  топтардың сәлемдесуі                                                             1 - топ – «Ньютон»Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,Әрқашанда үміткерміз жеңіске».2 - топ – «Паскаль»Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».                                                                                 II тур ."Физика біздің айналамызда"  физикалық жұмбақтарға жауап беру.                           1.  * Ол кез келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп;                                                       * Ол шама векорлық емес, скаляр шама.                                                                                                 * Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады. ( жауабы: масса)                                          2.* Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта;                                                                                          * Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана;                                                                                     * Оны сағатпен өлшейді. ( жауабы:  уақыт)                                                                                       3. * Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйелдерге қарағанда, ер адамдарда көп;                                                                                                                                               * Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды;                                                             * Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылыту үшін ғана керек.      ( күш)                  *Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады;                                                                                * Онсыз бір аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз;                                            *Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз;      (үйкеліс)                           4. * Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді:                                                                    * Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді;                                                 * Жердегі ең ақылды кім?     ( адам)                                                                                                     5.  * Адам организмде бар зат;                                                                                                               * Заттың үш күйінің бірі;                                                                                                                * Жерде онсыз өмір жоқ.      (су) 
IIІ тур ."Өрмекші"  Формулалар эстафетасыФормуладан формула шығарып, өрмек салу керек.
Паскаль тобына массаны есептеу формуласы: m=ρ V
Ньютон тобына тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I = U / R
 ІV тур.  " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .                                                                                               
Табиғат      10    20     30   40                                                                                                        Техника      10   20     30   40                                                                                                    Құбылыс     10  20     30    40                                                                                                                                V тур. " Ғажайып алаң"  (іс-қимылдармен фомула мен құбылысты  көрсету)VІ тур. "Қызықты логикалық есептер".                                                                                             Ньютон тобына:                                                                                                                                                            №1 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды? Жауабы:Сондай градуста №2  Электричка сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатыр. Түтін қай бағытта және қандай жылдамдықпен бұдақтап шығып жатыр?                                                                                 №3  Қатардағы 3 парафин шамның біреуін  өшіріп тастасаң, қанша шам қалады?                     Паскаль тобына: №1    5 жұмыртқа 4 минутда піссе, 100 жұмыртқа неше минудта піседі. Жауабы: Сондай                                                                                                                                    №2   Биіктігі бірдей  2 ағаштың басында 2 торғай бірдей жылдамдықпен қандай жерге түседі?                                                                                                                                               №3  Оқушы тізесін бүгу арқылы  5 рет отырып тұрды. Сонда атқарған механикалық жұмысы қанша?                                                                                                                                          VІІ тур. Қорытынды.  "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" . Марапаттау                              Еңбектеніп сайысқа келгендер де - бос емес!                                                                                 Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес!                                                                                           Сынақтар мен болашаққа дайындалып,                                                                                          Уақытты үнемдеуден кеш қалмаңыз!