Е?бек ерлікке жеткізеді е?бек саба?ы (3 сынып)


Тақырыбы: Еңбек ерлікке жеткізер.
Мақсаты:
Оқушылардың әртүрлі материалдарды, қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Еңбек мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
Оқушылардың бейнелі ,нақты ,логикалық ойлауын ,қиялын дамыту.
Сабақ жабдықтары:
Шүберек,қайшы,ине,жіп,түйме,қағаз түрлері,жұмбақ кітапшалар.
Сабақ барысы:
11-14 сәуір аралығында бастауыш сыныптар арасында «Әр бала бір жұлдыз» атты онкүндік өтуде.
Қатысатын оқушылырды таныстыру.
Жасайтын жұмыс түрлерімен таныстыру.
Жабдықтарын түгендеу.
1.Таныстыру: 4 «А» сынып Қызғалдақ
4 «В» сынып Назым Мұратбекова
3 «А» сынып Ескермес Аңсаған
3 «А» сынып Тойман Жамал
3 «Б» сынып Әділбек Аружан
2 «А» сынып Серік Айтолқын
2 «Б» сынып Арайлым
2.Тапсырмалар:
1.Түйме қадау.
Түйме –киімге тағылатын қарсы ілгектің бір түрі.Олар әр түрлі : жалпақ,екі не төрт көзді,құлақшалы түймелер.Түймені қадамас бұрын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
Қайшыны ұшымен ұстауға болмайды.
Инені,түйреуішті ауызға салуға болмайды.Оларды ине қадағыш жастықшаға қадап қою керек.
Жұмыс соңында ине мен түйреуішті санап алу керек.
2.Шаш өру.
Енді қыздарымыз ұзын шашты қыздарды отырғызып шаштарын өреді.Шаш өрудің түрлері:шекелеп өру,екі бұрымғып өру,бір бұрымғып өру,жыланбауыр өру.
3.Түрлі – түсті қағаздан құрақ жасау.
Геометриялық пішіндерді қиып алып құрақты дайындау.






4.Тігістің түрлері.
Кейбір бұйымдар тігіспен тігіледі.тігістің түрлері өте көп.Соларды еске түсіріңдер. Торлап тігу,көмкеріп тігу,көктеп тігу,ілмектеп,айқас тігіс.Оның ішінде қандай тігісті білесіңдер сол тігісті тігіп шығайық.
5.Жұмбақ жасыру.
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жетке бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен?
(Оқу)
Тілібар,үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да,қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
(Кітап)
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді.
Із-міз тастап кетеді.
(Ине)
Бағалау: қорытындысын анықтау.
Қорытынды:
Еңбекке баулу сабақтарында әр түрлі материалдарды өңдеуді сондай-ақ өз ойларыңнан және шебердің жұмыстарынан алған әсерлерің мен табиғат бейнелері негізінде көркем бұйымдар құрастыруды үйренесіңдер.Келесі жылы бұдан да көбірек біліп,күрделі бұйымдар жасайтын боласыңдар.
Сыныптан тыс сабағымды «Еңбек ерлікке жеткізер» деген мақалмен аяқтағым келіп отыр.
Тақырыбы: Айналадағы дүние
Мақсаты:
Оқушылардың айналадағы дүние жайлы мағлұматтарын кеңейту.Оларды айналадағы ортаны қорғауға,таза ұстауға,пайдалана білуге үйрету.Олардың ойын,тілін,зейінін,ынтасын арттыру.
Көрнекі құралдар: Суреттер,шыбық т.б.
Сабақ барысы:
Біздің бүгінгі сабағымыз 4 кезеңнен тұрады.
Сұрақ-жауап.
Суретпен жұмыс.
Өлең жолдары.
Шыбық отырғызу.
Сұрақ-жауап кезеңі.
-Жыл мезгілдерін ата.
-Олар бізге несін сыйлайды?
-Қай мезгілді ұнатасың,неліктен?
-Бір жыл мезгілін сипаттап бер?
-Қоршаған орта туралы әңгімеле?
2.Суретпен жұмыс.

3.Өлең жолдары.
Ал балалар осы айналадағы дүниеге байланысты өлең шумақтарын білеміз бе?
4Шыбық отырғызу.
Қазір далаға шығып шыбық отырғызамыз.Оны отырғызбасүшін не дайындау керек?
Жер қазамыз.
Құнарлы қара топырақ саламыз.
Шыбықты салып көмеміз.

Енді міне шыбықты отырғыздық.Оны күнделікті суарып күтіп баптап отыруымыз керек.Ал басқа жыл мезгілдерінде не жасап отыру керек?
Енді барлығымыз жұмбақ шешіп көрейік.
Ұзын-ұзын,ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жетке бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен?
(Оқу)
Тілібар,үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да,қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
(Кітап)
Қорытынды:
-Біздің сабағымыз қандай болды?
-Қандай жұмыстар атқардық?