Е?бек — б?рінде же?бек
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары
Білім саласы: Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Еңбек-бәрінде жеңбек»
Мақсаты: Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінін зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: Плакаттар, сурет, слайд, жұмыртқа, балапан бейнесі.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, балалардың ой-өрісін дамыту, көрсету, дидактикалық ойын.
Әнұран
Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Саламатсыздар ма?
Кіріспе:
Тәрбиеші: Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Тәрбиеші: Елбасы президентіміздің есімі қалай аталады?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев
Тәрбиеші: Ұлтымыз қандай?
Балалар: Қазақ
Тәрбиеші: Біздің еліміздің рәміздерін атаңдаршы?
Балалар: Әнұран, елтаңба, көк ту
Тәрбиеші: Балалар бір жылда қанша мезгіл бар?
Балалар: 4 мезгіл, қыс, көктем, жаз, күз
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Балалар: Қыс
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:
Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Еңбек – бәрінде жеңбек», - деп аталады. Еңбек тәрбиесі – қашанда ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Ұрпақ тәрбиелеуде қай халықтың болмасын еңбек тәрбиесін сырт қалдырмайтыны белгілі. Өйткені адам үшін еңбексіз өмір жоқ, еңбек тіршілік көзі, адамзат ғұмырының мәні.
Қазақ халқы баланы «жеті жасқа дейін патшадай күт» - десе де еңбек тәрбиесін ерте жасынан баулуды қолға алған. Дәлірек айтсақ, халқымыз бесік жырынан бастап, үлкен-үлкен жыр-дастандарына дейін еңбек тәрбиесін тәрбиелік – ізгілік мұрат санап, насихаттап отырған.
Мысалы: «Менің бөпем қайда екен
... Алма теріп жүр екен
Алмасынан қанекей
Жаңа теріп жүріп екен» - деген бесік жыры бәрімізге таныс.
Ұрпағының қызығын көріп, жемісін жеуді армандаған осы жайтты терең түйген әрбір ата-ана баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Халқымыздың өмірі техника мен ғылымға тәуелсіз замандарда ата-бабамыз өз балаларын қасына ертіп жүріп, күнделікті өмірдің қажеттілігіне үйреткен. Ер бала мен қыз бала тәрбиесін өзара бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, тамақ тауып, отбасын асырауға баулыса, қыздарды үй тазалау, төсек жинау, шай құйып, ас пісіру, кесте тігіп, тон пішу т.б. отбасының әйелдерге тән жұмыстарына баулыған. Мұны ешкім теріске шығармайды. Бұрын әке-шеше баласының көз алдында еңбек етіп, отбасын асырайтын болса, қазіргі балалар ата-ананың үйдегі күнделікті ұсақ тірлігі болмаса, басқа еңбегінен бейхабар. Сондықтан да арнайы бала тәрбиесімен айналысатын бізге, яғни тәрбиешілерге үлкен жауапкершілік жүктелген деп айтуға болады. Осыған байланысты балабақшада еңбек тәрбиесіне барлық сабақта, тіпті ойын кезінде де баулуға тиіспіз. Еңбек еткен бала ғана, алға ұмтылылған бала ғана үлкен азамат болып өседі, - екен. Балалар біз еңбек жайында көптеген мағлұматтар алдық енді орманға барып, табиғатты тамашалап, әдемі ағаштарды көріп құстардың неше түрлі үніне зер сала тыңдайық.
Тәрбиеші: Мына ән салып тұрған қандай құс?
Балалар: Бұлбұл
Тәрбиеші: Кім бұлбұл туралы тақпақ біледі?
1-ші бала: Бұлбұл әсем жырлайды,
Ел-жұрт елтіп тыңдайды.
Тәрбиеші: Талдан талға секіріп, шиқылдаған қандай құс?
Балалар: Торғай
2-ші бала: Торғай-торғай торғайсың
Таяу келіп қонғайсың
Жем шашайын тойып ал
Сонда ғана тоңбайсың
Тәрбиеші: Күндіз ағаштың қуысына тығылып алған, түнде ұшатын құс?
Балалар: Жапалақ
3-ші бала:Түнде ұшатын жапалақ,
Қызыл қанға қанталап.
Тәрбиеші: Ал суда жүзіп жүрген қандай құс?
Балалар: Үйрек
4-ші бала:Үйрегім-ай, үйрегім,
Келіп жүрме билегің?
Жүзгіштігің керемет
Суда жарыс болса егер
Бас бәйгені берер-ек.
Тәрбиеші: Ала қанат, қара құс қалай аталады?
Балалар: Сауысқан
5-ші бала:Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Құртты шоқып тауысқан.
Санитар-бұл сауысқан.
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, бәрің құстарды жақсы біледі екенсіңдер.
Ал құстардың балалары қалай аталады?
Балалар: Балапан
Тәрбиеші: Құстар балапандарын немен тамақтандырады?
Балалар: Жем, шөп, түрлі құрттар.
Тәрбиеші: Иә, өте дұрыс айттыңдар. Халықта «Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деген мақал бар. Бұл құста сүт болмайды деген ұғымнан туған. Бір ғана құста сүт болады. Ол балапандарын сүтімен асырап өсіреді. Оны біліп қойыңдар, кәдімгі көгершін.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, менің қолымда өзі аппақ, дөңгелек зат тұр. Мұның не екенін білесіңдер ме?
Балалар: Жұмыртқа (Осы кезде оның ішінен балапан шығаді)
Балапан: Сәлеметсіздер ме балалар. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Менің анамды көрмедіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар балапанның енесі келгенше көңілін көтере тұрайық. Қане бәріміз бірігіп «Шөже шөжелер» әнін орындап берейік:
Балалар:
Шөп, шөп шөжелерім,
Мамық жүді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Кең шалғында жайылым бар,
Кел, тұрмаңдар жайылыңдар.
Кең шалғында жайылым бар,
Кел, тұрмаңдар жайылыңдар.
Ай, менің шөжелерім
Ай менің шөжелерім.
Балапан: Балалар әнді әсем қимылмен, билеп қалай әдемі айтасыңдар. Маған да үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай, айтқан тілді алсаң, көп оқысаң, білімді, зерек болсаң бәрін үйренуге болады ғой балалар. Мен сендерге «Жалқау балапан» әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты халіне кім кінәлі екенін соңында айтасыңдар. Ал, ыңғайланып отырып, тыңдаңдар.
Бір торғайдың балапанын енесі жылы ұясына мәпелеп өсіреді. Балапанның жүні жетіліп, қауырсының қайтаған соң, енесі ұшуға баулиды. Бір күні ол балапанға:
Үлкейдің ұшуды үйрендің, енді өз күніңді, өзің көр, - дейді. Балапан біраз ұшып, қанаты талып ұшудың оңай емес екенін сезеді.
Мен ұшпай – ақ ұямда жата берейін, - дейді балапан.
Неге? Дейді енесі.
Әлі жаспын. Егер қатер төнсе, мен өзімді қалай қорғаймын, - дейді балапан.
Сенің қорғанышың – қанатың. Қауіп төнсе, ұшып кет – дейді енесі.
Балапан ұясына келіп, жатып алады. Жем таситын анасы жоқ, қарны ашып кетеді. Таң атысымен басқа торғайлар тіршілік жасайды. Ал балапан енесін тосып жата береді. Арада бір күн өтеді. Қарны әбден ашып амалсыздан ұясынан ұшып шығады. Тамақтанбаған ол әлсіреп қалған екен, ұша алмай жерге құлап түседі. Біраз уақыттан кейін, жанынан енесінің ұшып бара жатқанын көреді. Енесі дереу жанына ұшып келіп:
Саған не болды, жараланып калдың ба?
Жаспын, күн көре алмаймын десем, болмадың. Міне енді аштан өлгелі жатырмын, - деді балапан.
Ана байғұс жаны қалмай тамақтандырып жүреді. Ал балапан ұшып өзі тамақ табуды да ойламай ұяда жата береді.
Күз өтіп суық қыс келеді. Ана торғайға өзі үшін, әрі жалқау балапаны үшін тамақ табу қиынға түседі.
Бір күні торғай астық қоймасына кіріп, жем ала бастайды. Әлдекімдер есік, терезені жауып кетіпті, қайта шыға алмай қалады.
Арада бірнеше күн өтеді, енесі оралмайды. Балапан тамақ іздеп сыртқа өзі шығады. Бірақ әлі жоқ, қарны аш көп ұша алмайды, бір бұтаққа әзер қонып отырады. Күн суық, аяз. Ол қорек табудан әбден күдер үзеді. Сол бұтаққа бүрісіп отыра береді. Бойын суық алған балапан есі ауып, құлап түседі...
Тәрбиеші:
Әңгіме сендерге ұнады ма?
Не жайлы айтылған?
Балапан неге ұша алмай қалды?
Анасы қандай жанашырлық көрсетті?
Балапанның осындай халге душар болғанына кім кінәлі деп ойлайсыңдар?
Балапан сен осындай болдың ба?
Балапан: Жоқ, мен балалар сияқты еңбекқор, ізетті, көп білетін білімді, анамның тілін алатын тілалғыш, тәрбиелі балапан боламын.
Сырттан шиқылдаған дауыс шығады.
Менің анам келді, мен кеттім. Сау болыңдар балалар, апайларыңмен, ата-аналарыңның тілін алып, еңбек сүйіп өсіңдер? – дейді балапан. /шығып кетеді/
Тәрбиеші: Халқымызда «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбай» деген мақал бар. Сол сияқты ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарны тоқ, көйлегі көк болатынын сендер білесіңдер. Сонымен қатар адамның қалай өмір сүруі тек өзіне байланысты екенін түсінген боларсыңдар.
Ал енді бәріміз орнымыздан тұрып, бойымызды сергіту үшін жаттығу жасап алайық:
Шыр, шыр еткен торғайды
Қорғамасақ болмайды
Кіп-кішкене торғайлар
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды
Ұя бұзған ойбайды.
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.
Д/о «Сұраққа жауап бер»
Тәрбиеші: Мен кімге доп лақтырамын, сол адамға сұрақ қоямын, допты қағып алып, менің сұрағыма жауап бересіңдер ме балалар.
Қандай құстарды білесіңдер?
Шөже деген не?
Қандай әңгіме тыңдадық?
Балапан неден пайда болды?
Қандай құста сүт бар?
Әңгіме неге «Жалқау балапан»-деп аталған?
Тәрбиеші: Балалар біз сендермен көптеген құстар туралы тақпақ, әңгіме айттық. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Кім табады екен:
Ерте тұрады
Жар шақырады /қораз/
Қайталап өз атын
Көктемде ән салады
Кез-келген ұяға
Жұмыртқа салады /көкек/
Күндіз жоқ
Түнде бар /жарғанат/
Тәрбиеші: Өте жақсы, ал енді біз сендермен құстар және еңбек туралы көп айттық. Сол еңбек туралы кім мақал-мәтел біледі.
Еңбек-бәрінде жеңбек
Еңбекпен ел көгерер,
Жаңбырмен жер көгерер.
Еңбек түбі зейнет
Есің бар да еңбектен
Еңбек ерді терлеткен
Еңбекпен тапқан нанға
Керек болмас майда
Іргелі еңбегің болсын сенгенің
Сонда қаларсың астында теңгенің
Бақыт таза еңбекте
Көтерген көпті жер көкке
Еліңнің сені сүйгені
Еңбегіңнің сіңгені
Тиыннан теңге жиналар
Еңбектен де жинап ал
Тәрбиеші: еңбектің адам өміріндегі орнын, еңбек арқылы ғана үлкен азамат болуға болатынын түсінген боларсыңдар балалар.
Ал, балалар барлығымыз еңбек туралы жаттаған тақпағымызды айтумен бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізді қорытындылайық.
Балалардың барлығы:
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты-еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты еңбек
Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты еңбек
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Күтілетін нәтиже:
Не білді: Балалр еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететініне көздері жетті.