КОМПЬЮТЕРДІ? ??РЫЛЫМЫ Ж?НЕ Ж?МЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ
Сабақ жоспары : «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі
«_______» ___________20__ж
Сабақтың тақырыбы : КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ. Микропроцессор (МП) Ішкі жад, Сыртқы жад. Жүйелік шина. Сыртқы құрылғылар.Қосымша құрылғылар. Өңдеу принциптері.
Сабақтың мақсаты : Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі, микропроцессор (МП) ішкі жад, сыртқы жад, жүйелік шина, сыртқы құрылғылар, қосымша құрылғылар, өңдеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;
Оқушылар білуі тиіс : микропроцессор (МП) ішкі жад, сыртқы жад, жүйелік шина, сыртқы құрылғылар, қосымша құрылғылар, өңдеу принциптерін
Оқушылар үйренуі тиіс : дербес компьютердің құрылымы және оның жұмыс істеу принципі Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру
IV Білімін өзектендіру
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
Есептеуіш машиналарының түрлерін атап шығыңдар.
Есептеуіш машиналардың жалпы сипаттамаларын атаңдар.
ДК -дің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады?
ДК-нің кең таралуына себепші болған сипаттамаларын атаңдар?
ДК-дің негізгі құрауыштарын атап шығындар.
Аналық (жүйелік) таңшаның құрауыштарьш атаңдар.
Монитор неге арналған?
Мақсатына қарай ДК-лер қандай топтарға бөлінеді?
Түрмыстық мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.
Жалпы мақсаттағы ДК-ні кімдер, қайда пайдаланады?
Кәсіптік мақсаттағы ДК-ні сипаттаңдар.
Конструктивтік (құрылымдық) орындалуы бойынша ДК-лердің айырмашылығынеде?
LАРТОР, NОТЕВООК, НАNDНЕLD ДК-лерінің негізгі сипаттамаларын ата?
МИКРОПРОЦЕССОР (МП)
Микропроцессор – дербес компьютердің орталық блогы, машинаның барлық блоктарының жұмысын басқаруға және арифметикалық – логикалық операциялар орындауға арналған.
Басқару құрылғысы барлық компьютердің жұмысын реттейді, яғни белгілі басқару сигналдарын құрастырады және дер кезінде беріп тұрады, ұяшықтары адресін ұйымдастырады және осы адресті ЭЕМ-нің блоктарына беріп тұрады.
Арифметикалық – логикалық құрылғы – сандық және символдық ақпараттарға арифметикалық – логикалық операциялар орындауды жүзеге асырады.
Процессордың сипаттамасы
Разрядтылық
Тактілік жиілік
Такт – Процессордың белгілі бір операцияны орындауына кететін уақыт бірлігі.
Тактілік жиілік - Бір тактіге неғұрлым аз уақыт кетсе немесе процессордың тактілік
жиілігі неғұрлым жоғары болса, ақпарат өңдеу соғұрлым тез өтеді.
Жад регистрлері - Ақпарат өңдеу барысында процессорға түскен деректерді сақтауға
арналған жадтың ішкі ұяшықтары.
Процессордың разрядтылығы — Бір тактіге процессор өңдей алатын байттар мөлшері.
Разрядтылық неғұрлым үлкен болса, компьютер бір такт ішінде соғұрлым көп ақпарат
өңдей алады.
Дербес пайдаланылатын компьютердің өнімділігі - ішкі жадтың көлеміне,
процессордың тактілік жиілігіне, процессордың разрядтылығына, кеңарна өңдеу соғұрлым тез өтеді.
ІШКІ ЖАД
Ішкі(жедел) жад-негізі
Жедел жадтау құрылғысы – ақпаратты уақытша жазуға, жадтауға және оқуға арналған. Компьютерді ажыратқанда жедел жадтау құрылғысының ішіндегісі өшіріледі.
Тұрақты жадтау құрылғысы – тұрақты және анықтамалық ақпаратты сақтауға, ақпаратты оқуға (алуға) арналған. Онда ақпаратты өзгертуге болмайды.
СЫРТҚЫ ЖАД Қатқыл магниттік дискілер (винчестерлер) Иілгіш магниттік дискілер (флоппи-дискілер немесе дискеттер) Лазерлік дискілер (СD-RОМ) Магнит тік таспалар
(стример лер)
МІНДЕТІ Сақтау, жазу, оқу өшіру Сақтау, жазу, оқу өшіру Сақтау, жазу, оқу Сактау, жазу, оқу
КӨЛЕМІ 20-180 Гбайт 1,44 Мбайт 700 Мбайт Таспа ұзындығ ымен
шектелге н
АҚПАРАТТЫ ӨЗГЕРТУ МҮМКІНДІГІ Иә Иә Иә жоқ
ЖҮЙЕЛІК ШИНА
Ақпараттық кеңарна (шина)
Шинаның разрядтылығы ондағы сымдардың санына тәуелді.
Деректерді оқығанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа ұяшық адресін береді, және деректер шинасы бойынша ұяшықтағыны алады. Дерек жазғанда процессор адрес шинасы бойынша ішкі жадқа адресін береді, ал деректер шинасы бойынша осы ұяшыққа жазылатын ақпарат жібереді.
Процессор Ішкі жад
Деректер СЫРТҚЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Сыртқы құрылғы ДК-дің жалпы бағасының 50-80 пайызын құрайды. ДК-ның сыртқы құрылғылары машинаның қоршаған ортамен, пайдаланушылармен, басқару объектілерімен және басқа ЭЕМ-дермен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.
байланыс және телекоммуникация құралдары
сыртқы жадтайтын құрылғылар немесе ДК-нің сыртқы жады
Міндеті бойынша сыртқы құрылғылардың мынадай түрлері бар:
ақпарат шығару құрылғылары
диалогтық құралдары
ақпарат енгізу құрылғылары
Пайдаланушының диалогтік қүралдарының құрамына бейнеманитор - ДК-ге енгізілген және одан шығарылатын ақпаратты бейнелеу құрылғысы және сөздік ақпарат енгізу-шығару құрылғылары кіреді.
Ақпарат енгізу қурылгыларына пернетақта, графиктік планшеттер. сканерлер, манипуляторлар, сенсорлық экрандар жатады.
Ақпарат шығару құрылғыларына принтерлер, графиксалғыштар (плоттерлер) жатады.
Байланыс және телекоммуникация құрылғыларына желілік контроллерлер атап айтқанда модем жатады.
ҚОСЫМША ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Жадқа тікелей шығу контроллері
Енгізу – шығару сопрецессоры
Математикалық сопроцессор
Енгізу – шығару процедураларының орындалуын жылдамдатады
Микропроцессорды магниттік дискілердегі жинағыштарды тікелей басқарудан босатады
Екілік сандармен операция орындауды жылдамдатуға арналған
Компьютердің жұмыс істеу принципін жалпы түрде алғашқы рет 1946 622935201930жылы американдық ғалым Джоно Фон Нейман жазған. Программалық басқару принципі мыналардан тұрады:
енгізу құрылғыларының көмегімен компьютердің ішкі жадынапрограмма жазылады;
процессор программаның бастапқы нұсұқаулары бар ішкі жадтыңұяшықтарындағыны шығарып оқиды:
ол нұсқауларды орындайды, олар:
деректермен операциялар (арифметикалык логикалық);
жадтан деректерді оқу (амалдарды орындау
деректерді жадқа жазу үшін (операцияларды орындау)
жадқа енгізу құрылғысы арқылы дерек енгізу)
шығару құрылғыларына жадтан дерек шығару;
Осылайша процессор нұсқаулар мен программалық автоматты түрде орындайды - бұл программалық басқару принцпі.
Жаңа сабаққа орындалатын тапсырмалар: практикум (5.1-5.5 тапсырмалар)
Сабақты бекіту сұрақтары:
1.Процессор қандай қызмет атқарады?
Микропроцессордың құрылымына қандай қүрылғылар кіреді?
Арифметикалық-логикалық құрылғы қандай қызмет атқарады?
Басқару құрылғысы не істейді?
Тактілік жиілік деген не?
Процессордың разрядтылығы деген не?
Ішкі жадта ақпарат қалай сақталады?
Жад ұяшығы дегеніміз не? Оның өлшемі қандай?
Ақпараттық кеңарна деген не?
Жүйелік шинаның негізгі қызметтерін атаңдар.
Ақпаратты ішкі жадқа шығарып оқу және жазу қалай жүреді?
Сыртқы қүрылғылардың қандай түрлерін білесіңдер?
Ақпарат енгізу құрылғыларына не жатады?
Ақпарат шығару құрылғыларына не жатады?
Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар.
Математикалық сопроцессор не үшін қажет?
Программа нұсқаулары қалай орындалады?
Процессор программа нұсқауларын орындау барысында қандай операцияларорындалады?
Компьютерді басқару программалық басқару неден тұрады?
Үйге тапсырма беру. Практикум: 5.6-5.8 тапсырмалар.
Оқулық: 41-59 беттегі тақырыптарды (МАЗМ¥НДАУ).
Оқушыларды бағалау.