Сауат ашу:О?ы,ойна.Неліктен ойнамады? 1 сынып


Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Айтиев селосы
Айтиев бастауыш мектебі
Мұғалім:Танатарова Шолпан Каратаевна
Сынып:1
Пәні: сауат ашу Тақырыбы: Оқы,ойна. Неліктен ойнамады?
Мақсаты: а\Білімділігі: Өлеңмен,мәтінмен таныстыру.Сауатты,дұрыс оқуға, жатқа айтуға үйрету, оқу дағдысын қалыптастыру.
ә\Тәрбиелілігі:адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы:Оқушылардың ой санасын, сөздік қорын кеңейту.
Пән аралық байланыс: еңбек
Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік,топтастыру
Түрі:аралас
Көрнекілігі:үнтаспа,мақалдар.

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.Шаттық шеңбер.
Күлім қағып қолымды
1,2,3 деп соғайын
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын
Жылы-жылы жүзіңнен
Маңдайыңнан сипайын
Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын
Ыстық алақанымен қолынды бер қысайын
Амандасып өзіңмен құшақтасып алайын
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Өткен сабақты қайталау.
1)Алфавитті қайталау/жатқа сұрау/
2)Көкөністер туралы әңгімелеу.
-Өткен сабақта біз қандай өлеңімен таныстық?Ол өлеңнің авторы кім?Олең не туралы?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1)-Балалар,қалай ойлайсыңдар дос,достық деген не?/оқушылардың пікірлерін тыңдау/
-Ал,сараң бала,сараң адам дегенің қалай түсінесіз? ?/оқушылардың пікірлерін тыңдау/
2)Топтастыру:

Сараң бала
Дос




3)Оқулықпен жұмыс:
1)Абай өлеңі: «Ғылым таппай мақтанба»,үнтаспадан тыңдатып,талдау.
2) Оқу-білім туралы,тазалық туралы,әдеп туралы әңгімелеу.
3) М.Хакимжанованың «Оқы,ойна» өлеңімен таныстыру.
4)Оқушыларға тізбектеп оқыту,талдау.
5)Бағытталған оқу: «Неліктен ойнамады?»
6)-Балалар,қалай ойлайсыңдар Аман келгенде балалар неге үндемеді?
7) Мақалдар
8)Рөльге бөліп мәтінді сахналау.
9) Әр оқушы күн суретін қиып алып,досына сыйлайды.
Дәптермен жұмыс:
1) «Отан»-көшіріп жазу:
Бесігін елдің тербеткен,
Анамсың,байтақ Отаным!
Нәр алып,ерте ержеткен,
Мен де бір ерке ботамын.
А.Оразбайқызы
2) Сөздік диктант:
Күз,лагерь,дәптер,кітап,жол,әліппе,балық,дыбыс,сызғыш,білім,жұлдыз.
V.Қорытынды.VI. Мадақтау.