Мені? атам мен ?жем заманауи саба? жоспары


Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем.
     Мақсаты: балаларды қадірлі де құрметті ата мен әженің отбасындағы алатын орны, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
    Әдіс – тәсілдері: түсінік беру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары.
    Көрнекіліктер: суреттер, әріптер арнасы.
Сабақтың барысы.
1). Ұйымдастыру кезеңі.  Суретті сөздіктермен отбасы мүшелерінің атауларын еске түсіру.
  Сұрақ – жауап әдісімен балаларды әңгімеге тарту. Өз әке – шешелерінің , тата – әжелерінің аты – жөндерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.
2). Өткен сабақты қайталау. Суретті сөздіктің көмегімен сөздік  жұмысын жүргізу. Сұрақ – жауап:
-       Сенің отбасында неше адам бар?
-       Әкеннің аты кім?
-       Шешеннің аты кім?
3). Дыбыстық  жаттығулар.
-       Ім, - ім, - ім – мейірім.
-       Кө, - кө, - кө – көңіл.
-       Лі, - лі, - лі – қадірлі-       Лы, - лы, - лы – аяулы.
-       Ті, - ті, - ті – сүйікті4). Іңкәрдің ақылы. Көрнекті суреттер арқылы сөздік жұмысын жүргізу:
Ақкөңіл – добробушный.
Аяулы – милый.
Мейірімді – добрый.
Қадірлі – дорогай.
5). Сергіту сәті. Сәбиді әлдилеуге арналған өлең – жырларды айтқызу арқылы сергіту сәтін ұйымдастыруға болады.
6). Тіл дамыту.
-       Сенің әжен бар ма?
-       Сенің атан бар ма?
-       Әжеңнің аты кім?
-       Атаңның аты кім?
-       Ол қандай адам?
7). Тақпақ үйрену. Ата, әже туралы жеңіл өлеңдерді таңдап алып, жатқа айтуға үйрету.
8). Сұрақ – жауап.
-       Әжең қандай адам?
-       Атаң қандай адам?
-       Әженнің аты кім?
-       Атаңның аты кім?
9). Сөздік ойын.  «Сымсыз телефон» оыйны.
10). Қорытынды.
    Жұмыс дәптердегі бүгінгі үйренген сөздермен жаттығу жұмыстарын орындату, жаңа сабақты бекіту.