Презентация корыныс (6 класс)
Көрініс Қатысатындар:
1.Әжей / Балмекен/ 2.Әжей /Кәрима/ 3.Немересі 4.Қарт 5.Жас жігіт
Автобус іші.Жолаушылар отырады.Әжей немересімен кіріп келеді.Жас жігіт орын береді. Әжей немересін қасына ала бергенде, қасындағы әжей:
Балмекен:-Әй,амансың ба,Кәрима!-дейді.
Кәрима:-Аманшылық,Балмекенбісің.Қартайып кетіпсің ғой,танымай қалдым ...
Балмекен:-Иии,қартаймай енді,жылдан-жылға қартаймасақ ,жасармайтын шығармыз. Өзің тыртаң-тыртаң етіп ,тіпті әлі ,мәә , шөртік киіп алғанбысың ,бәтшағар-ау?
Кәрима: -Отсталая болғым келмейді, сен құсап!
Балмекен: -Өй, сен де бір..Мынау немерең бе?
Кәрима:- Ия,немерем ғой.
Балмекен: -Өй ,жаным,атың кім?
Бала: -Я, Эрик. Ажешка,я пить хочу!
Кәрима: -Қазір,сыночик мой,родной мой!
Бала: -Ну,ажека, я не могуу.
Кәрима: - Чуть-чуть шыдашы ендыы.
Қарт: -Немереңіз қазақша білмейді екен,қасында әжесі бар,бұл қалай болғаны? /күле басын шайқап/
Кәрима: -Түу,сіздің не шаруаңыз бар а?
Қарт: -Құрдас-ау,айып етпеңіз,дәу де болса менімен жасты шығарсыз дегенім ғой.Басыңызға ақ жаулық салып,немереңізбен таза қазақша сөйлесіп отырғаныңызда ,тіпті жарасып кетер еді !
Кәрима: /ашулана,орнынан немересін жетектей,кейін бұрылып/ -Ей,қойыңызшы ,тіпті! Керек болса бұзып сөйлемеймін,орысша ,англисше ,китайша сөйлеймін! Қазақ тілің өзіңе білдің бе?
Балмекен: -Әй,Кәрима,қой енді.
/Кәрима немересімен жұлқынып,өз-өзінен сөйленіп ,түсіп кетеді/
Қарт: -Астафыралла,сақтай гөр!Май сасыса,тұз себерміз,тұз сасыса,не себерміз?...
Жас жігіт:-Ата,таусылмаңыз,ренжімеңіз!Еңсеңіз түспесін.Ондай кісілер бар екені рас.Бірақ біз , жастар,ондайға жол бермейміз!Біз –ел болашағымыз!
М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқиды.