Саба? жоспары: Тор?ай мен тыш?ан
Тақырыбы: «Торғай мен тышқан».
Мақсаты: Балаларды халық ауыз әдебиетінің шығармаларындағы
бейнесі арқылы адамгершілік қарым-қатнас әлемімен
таныстыру.Ертегі мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін
бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге
сипаттама бере білуге үйрету.Көркем сөйлеу және орындау
қабілеттері дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер, бет перделер, ертегі бейнеленген суреттер,пазл
құрастырмалары, ермексаз, ақ парақ, сүлгі.
О.І.Ә.әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, үйрету.
Б.К: Торғай-воробей, тышқан-мышка.
И.П: С.Т.О. техналогиясы.
Ә.И: Дмитрийге сөздерді айтуды үйрету.
Әрекет
кезеңдері. Тәрбиеші іс-әрекеті. Балалар
іс- әрекеті.
Мотивациялық
қозғаушы
Іздену
Ұйымдастырушы
Рекфлексивтік
коррекциялаушы
Назарын тәрбиеші өзіне аударып, қараңдаршы мына менің қолымда көңілсіз шар бар.балалар осы шардың көңілін көтеру үшін сендер бір шумақ өлең айтып беріңдер, шардың көңілі бір көтеріліп қалсын.Жақсы бала еңбекшіл-әнін айтып беру.Шар көңілді күлімдейді.Ендеше күлімдеген көңіл –күймен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастайық.Балалар естеріңдеме?Қандай ертегілерді үйрендік, кім айтады.Балалар ертегідегі кейіпкердің рольіне еніп, ойнап береді.Жарайсыңдар балалар олай болса бүгін сендермен «Торғай мен тышқан» ертегісін үйренеміз, мұқият отырып тыңдаймыз.Ертегіні мәнерлеп көрнекіліктен пайдаланып айтып беремін.
Балаларды рольдерге бөліп ойнату.
Кім тышқан болады?
Кім торғай болады?
Кім ата болады?
Балалар кейіпкерлердің рольін белсенділікпен орындап берді. Жарайсыңдар балалар, атаның тышқан мен торғайға бөліп берген дәнін мына ермексаздан мүсіндеп үйренейік.
Дәннің түсі қандай?
Балалар сары түсті ермексазды алып, жұмысқа кіріседі.Балалар жұмысын бағалап, мақтап-мадақтау.Келіңдер балалар бойымызды сергітіп алайық.
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден дәнді шоқып ап.
Бүтегесі бүлкілдеп,
Шиық-шиық етіп отырады.
Балалар енді біз сендермен ойын ойнаймыз.
«Пазл» құрастыруойынын ойнаймыз.
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту, қиялдарын, эстетикалық талғамын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.Мақтап-мадақтап оқу іс-әрекетін қорыту. Бауырсақ ертегісі, тауық пен түлкі ертегісі, ит пен мысық ертегісі.
-Милана.
-Сарра.
-Берік.
-Сары түсті.
Өлеңді қимыл-қозғалыспен көрсетті.
Балалар ойынға бірлесе қатысады
Күтілетін нәтиже.
Біледі : Ертегінің аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта біледі.
Игереді: Ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі,
сахналандыру түсініктері қалыптасады.
Меңгереді : Кейіпкерлер бейнесіне ену, ертегіні эмоциямен айту,
ермексазды қолданады.