?дебиеттік о?у Арыстан мен тыш?ан


Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан
Сабақтың мақсаты:
Мысал арқылы жамандыққа жақсылық қайтарудың мәнін түсіну
Сабақтың міндеттері:
Арыстан мен тышқанның іс-әрекеттері адам өмірінде кездесетіндігін балалалрмен бірге талқылауӘрқайсысының іс-әрекеттерін салыстыру, сипаттау, саралау жұмыстарын жүргізуге көмектесуОқушылар жеке, топта жұмыс істейді, топта пікір алмасады, ой бөліседі, бірін-бірі үйретеді.
Күтілетін нәтиже:
Сабақ соңында оқушылар мысалдан алған өмірлік сабақтарын өзгелермен бөлісе алады.
Мысалдағы кейіпкерлерді осы өмірмен салыстыра алады,талдау, талқылау жұмыстарын жүргізе аладыЖеке ойларын ортаға сала алады.Топқа ойын жеткізе алады. Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.
Нәтижені бағалау,тексеру: Еркін жазуҚажетті материалдар: Мәтін, ватмандар, қосымша ақпараттар,оқулықтарІ. Қызығушылықты арттыру:
Ой шақыруТермин сөздермен болжау /берілген сөздер арқылы ертегілер құрастыру/
арыстантышқанжақсылық
жамандықорманІІ. Мағынаны ажырату «Болжау» стратегиясы1 бөлімҰйықтапты бір арыстан айдаладаТыныштық алу үшін сай-панада Үстіне арыстанның ойнақтапты,
Бір тышқан іннен шығып сол арада.
Тышқан жүр сейіл құрып, ойнақ салып,
Бір уақыт жүгіріпті басқа барып,
Арыстан өлтіруге айналыпты,
Басын басқан тышқанды ұстап алып.
Сұрақтар:
1.Осы бөлім туралы не айта аласыңдар?
2. Арыстан туралы не айтқыларың келеді?
3. Тышқан туралы не ойлайсыңдар?
4.Әрі қарай не болады деп ойлйсыңдар?
2 бөлімЖалынды сонда тышқан: «Өлтірме!»- деп,-
Ағатай, маған зиян келтірме! –деп,-
«Бір қайтар менен-дағы бір жақсылық,
Азат қыл, байқамадым, өлтірме!» деп.
Сұрақтар:
1. Қалай ойлайсыңдар, арыстан тышқанды өлтіруі мүмкін бе?
2.Тышқанның рөлінде өздеріңді қалай сезіндіңдер?
3.Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?
3 бөлімАрыстан күліп айтты : «Сорлы тышқан !Не жақсылық қайтады сен байғұстан ?Дүниеде саған қалған күнім құрысын !Күшің кем жұдырықтай шымшық құстан.
Жатасың қорыққаныңнан қазып жерді ,Күлдірдің болмасты айтып мендей ерді .Күлдіріп көңіл ашқан ақың үшін
Азат қылдым»,- деді де , қоя берді
Сұрақтар:
1.Арыстанның іс-әрекеті туралы не айтасыңдар?
2. Неліктен ол тышқанды мазақ етті деп ойлайсыңдар?
3. Әрі қарай қалай жалғасуы мүмкін?

4 бөлімБір күні арыстаным торға түсті ,
Үзем деп, ақырып, тулап, салды күшті,
Оралып, шырматылды, шықпастай боп,
Басына құдай берді мұндай істі.
Сұрақтар:
1.Мысал немен аяқталуы мүмкін?
5 бөлімКүн қайда құтылатын торды бұзып,
Бақырып ызаланды жерді сүзіп,
Дауысын танып,баяғы тышқан келіп,
Құтқарды торды қиып, тістеп үзді.
Сұрақтар:
1.Осындай іс-әрекеттерді біздің өмірімізде кездестіруге болады ма?
2. Мазмұнына байланысты қандай мақал-мәтелдермен ұштастыруға болады?

ІІІ. Ой толғаныс
Жақсылыққа жақсылық - әр адамның ісіЖамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі«Еркін жазу»
Мен ТышқанмынМен Арыстанмын немесеМысалдағы кейіпкерлерге хат жазу