: «Елім мені?» атты патриотты? , танымды? ойын-сауы? кеші
Атырау қаласы
№4 облыстық арнаулы шипажай мектеп-интернатының математика және информатика пән мұғалімі
Қарасаева Райгүл Құлқайырқызы
Тақырыбы: «Елім менің» атты патриоттық , танымдық ойын-сауық кеші
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
«Атамекен» әнін орындайтын Альбина Ерсайынова
Жүргізуші: Армысыздар жаны жайсан қазақ елі! Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан! Асқақтаған Атырау жұртшылығы. Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын мектебіміздің білімді жастарын анықтайтын, оқушылардың білімге деген қызығушылығын артыратын «Елім менің » атты патриоттық , танымдық ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!
«Қазақстан – дүниедегі әр қазақтың қастерлі құбыласы! Қазақстан – әлемдегі барша қазақтың құтты қарашаңырағы! Қазақ баласы дүниенің қай түкпірінде жүрсе де, тұтас қазақ халқының бір бөлшегі екенін біз еш уақытта ұмытпауымыз керек» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев баға берді.
Жүргізуші: Жүректен жасыл жырым жалын қылар,
Білімді биіктерді бағындырар,
Байқауға бүгінгі кеш жиналыпты,
Бүлдіршіндер, талантты дарындылар!
Бүгінгі күн жүрекке нұр енеді,
Бәрімізде таланттың иегері,
Қазақта жалындаған ұл-қыз барда
Ешқашан шет қалмайды, көп өнері!
Жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар
Мына бізге қараңдар!
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ойын сауық кешімізді бастаймыз!
Жүргізуші: Көкше , Баян, Қарқаралы, Алатау
Тоны алтын түгі торқа жер мынау
Сәлем , Қазақстан! Мектеп-интернатта елжанды ұл мен қыздың думаны «Елім менің ». Думанның жүргізушісі мен Гүлшат Қанатова
Сонымен қатар 2 топты бәйгеге қосатын екі топ басшылары бар. Олар оң қанатта Аружан Қанатова. Сол қанатта Батырхан Жолдасов.
Енді әтеттегі дәстүрмен топ мүшелерімен таныс болайық. Топта кімдер бар?
Топ қалай аталады?
(әр топ басшылары өздерін таныстырады)
І топ (сары) ІІ топ (көк)
Аружан 7в Мөлдір7в Батырхан 8 б Аманжол 8 в
Бексұлтан 7 в Диас 5б Жансая8б Еділ 8б
Алтынай 7 в Өмірбек 8б Айнұр 5 б Асылхан 7в
Жүргізуші: Ойын 5 бөлімнен тұрады.Әр бөлімдегі тапсырманы нақтырақ түсіндіріп отырамыз. 1 сұраққа 1 ұпай. Ән нотасын тапқанға 2 ұпай алуға мүмкіндік бар.
І айналым «Менің Отаным - Менің мақтанышым !»
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз – халқың.
Отан - өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан – осы достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
«Отан» - деп өс жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл! - дей келе І айналымызды Отан тақырыбына арналған 3 түрлі тапсырмалардан тұрады. Әр тапсырмадағы дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
№1 тапсырма 1 топқа «Отан» туралы ой-пікіріңізді білдіріп, отан деген сөздің мағынасын ашыңыз.
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
2 топқа «Егемен елдің болашағы» туралы ой-пікіріңізді білдіріп, Егемен ел деген сөздің мағынасын ашыңыз.
Тәуелсіз ел, ерікті ел, ешкімге бағынбайтын бостандықтағы ел. Өз алдына жеке мемлекет. Дербес мемлекет. Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сол себепті, біз үшін Тәуелсіздік ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.
№2 тапсырма «Жалғасын тап!» ойыны
1 топ мақалдың 1-ші жолын айтады , 2 топ оны жалғастырады.
1 топ
1.Отан - елдiн анасы,Ел - ердiн анасы.2.Отанды сую-От басынан басталады.3.Отанын суйген отка жанбайды,Суfа батпайды4.Отан ушiн курес-Ерге тиген улес5.Отансыз адам-Ормансыз булбул.
2 топ
1.Ер жiгiт елiнiн улы,Намысынын кулы.2.Ел-елдiн барi жаксыОз елiн барiнен жаксы.3.Жат елдiн жаксысы болfаншаОз елiннiн сакшысы бол.4.Ата коныс - алтын мекен.
5. Ата мекен - анан екен,Кысылfанда панан екен.
№ 3 тапсырма Әннің әуені жасырылады. Дұрыс тапқан топқа 5 ұпай алу мүмкіндігі бар.
«Ауылым-әнім» Е. Хасанғалиев Б. Тәжібаев Караоке
ІІ айналым. «Халқын сүйген - салтын сүйеді»
Жүргізуші:Туғаннан соң адам боп,Білімсізден жаман жоқ.Ел дәстүрін білмесең,Жұрт айтады надан деп.Ата-бабаң ардақты,Жамандыққа бармапты.Ардақ тұтып үлкенді,Ата жолын жалғапты.
Бауырласқан тәніміз,Бұзылмаған салтымыз,Кең даланың ежелгіҚазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз
Жүргізуші: Ендігі кезекті ІІ айналымымыз салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында болмақ. Бұл айналымда сіздерге арналған әр тапсырмадағы дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Экранға назар аударыңыздар!
№1 тапсырма Қандай ұлттық киім мен ұлттық ойын бейнеленген? Қалай аталады, түсіндіріп берсеңіз.
1 топ
Бөрік – жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киетін бас киім. Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп (жапсырылып) дөңгеленген пошымда тігіледі. Пошымына, тігілген материалынақарай шошақ бөрік, үкілі бөрік, камшат бөрік сияқты түрлерге бөлінеді.
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
ІІ топ
Айыр қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртында өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде, негізінен, хан – сұлтандар салтанатқа киетін болған.
«Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
№ 2 тапсырма Цифрдың астында салт-дәстүрден бейнесұрақ берілген.
Таңдау сіздерде. Тапсырманың жауабын тауып, жауабын көрініспен көрсетіңіздер.
Тұсау кесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп, көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншектері, әжелер шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға құрт,май, тәтті тағамдар, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ, т.б. әкеледі. Бұдан кейін 2 – 3 жасар балаларды жарыстырып, күрестіріп, озғандарына бәйге береді. Балаларға өлең, жыр, тақпақ, жаңылтпаш айтқызады. Той тарқарда әжелер тойдан немерелеріне сарқыт деп қалталарына тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік салып алады. Тұсау кескен әйелге көйлек немесе аяқ киім сыйлайды.
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
- Тәй-тәй балам, тәй балам,Жүре қойшы жәй балам.Қарыс сүйем қаз бастың,Қадамыңнан айналдым.
Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады.
Шашу — дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық әдет-ғұрып. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, сүндетке отырғызылғанда, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, бүркіт ұстап әкелгенде, жүйрік ат бәйгеден озғанда, алыс сапардан жолаушы оралғанда, т.б. қуанышты жағдайларға байланысты шашылатын құрт, ірімшік, өрік-мейіз, кәмпит жиынтығы. Шашуды, әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да, оны жастар, балалар теріп алады. Кейде тойдан тәбәрік ретінде үлкендер де алып, үйдегі жас балаларына апарып береді. Шашудың екі түрі бар. Бірі шашылады, екіншісі шашылмайды. Тойға көп адам Шашу әкелетіндіктен оның бәрін ысырап етіп шаша бермейді. Тек белгілі бір бөлігін ғана шашып, жосын-жоралғыларды жүргізеді. Туыс-туғандар әкелген дастарқан Шашу ретіндегі қазақ халқының қуаныш-тілегін білдіретін ниеті болып табылады. Оның бастаулары кем дегенде көне түркілік замандарға барады. Түркілер қуаныш кезінде құрт, ірімшік сияқты ақ тағамдарды “ақ жолтай“, “ақ тағамдай ақ болыңдар“, “ақ ниет тілейміз“ деп шашқан. Кейіннен тату-тәтті болсын деген ниетпен Шашуға кәмпит қосылған. Дәстүрлі қазақ қоғамында ауқатты адамдар күміс, алтын теңгелер де шашқан. Шашу қазіргі уақытта да кеңінен қолданылуда.
ІІІ айналым «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»
Бұл кезеңнің сұрағы,
Көпшілікке ұнайды.
Көп сұрақтың орнында,
Қандай сөздер тұрады.
Ойланайық азырақ,
Уақытты үнемдеп.
Кім айтады кәнеки?,
Жауабын мен білем деп.
№ 1 тапсырма Жұмбақтар
1. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шумақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты, қос ешкі.
Тор қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой. (17 бас мал)
2. Атам, әжем, ағаммен. Әкем, інім және мен, анам және енесі Енесінің бөлесі, отыр едік шай ішіп.
Жеңгем кірді майысып, арқасында кіші інім.
Саны қанша айта ғой, үйдегі бар кісінің? ( 11 адам)
№ 2 тапсырма Ал, енді екінші тапсырмада математика, физика және информатика пәндері бойынша білімімізді сынаймыз. Кім шапшаң, әрі көп білітінін анықтайық. Топ басшылыры топ мүшелеріне жедел сұрақтар қояды, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Мұқият тыңдап, мүмкіндіктеріңді жіберіп алмаңдар.
1 топ
Жазықтықта қиылысатын екі түзу (параллель)
Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
Санның жүзден бір бөлігі (процент)
Төртбұрыштың бір түрі (параллелограмм)
Қосу амалын өрнектейтін белгі (плюс)
Компьютердің ең басты бөлігі ( процессор)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі( файл)
Ұялы телефонды ойлап тапқан физик (Алферов)
Жерді қоршап тұрған ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера)
Ол физикалық өлшем «Бүкіл әлемдік тартылыс » заңын ашқан ғалым атымен аталады? ( Паскаль)
2 топ
Бұрыштың түрі (синус)
1,2,3,4 (сандар)
Қозғалысты бейнелейтйн атау (симметрия)
Қандай саннаң жазылуында қанша әріп, қанша цифр бар? (10 он 100 жүз)
Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс (сызғыш)
Бұрыштың түрлері ( тік, сүйір, доғал, жазыңқы)
Табиғи жарық көзі( күн)
Көктайғақта жолға неге құм себеді? ( үйкеліс күшін болдырмау)
Ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы. (принтер)
1 гбайтта неше мбайтта бар? (1024 мбайт)
№ 3 тапсырма
Әннің әуені жасырылады. Дұрыс тапқан топқа 5 ұпай алу мүмкіндігі бар.
«Ұстазым» Арман Дүйсенов Караоке
ІҮ айналым «Даналардан щыққын сөз»
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл.
Жетекшісі – талап.
Шолғыншысы – ой.
Жолдасы – кәсіп.
Қорғаны – сабыр.
Қорғаушысы – мінез болуы керек.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады
Келесі бөліміміз 4 айналымда Даналардан шыққан сөз деп аталмақ, Бұл айналымда топ мүшелеріне тапсырма жеке-жеке берілмек. Экранға назар салсаңыздар, танымал адамдардың қанатты сөздері, математикалық формулалар және тарихи тұлғаның кім екенін табуларыңыз керек. Толық ұпай алатын мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар, әр тапсырма 1 ұпайдан берілетінін білесісіздер, Іске сәт, достар!
1 топ пен 2 топтың тапсырмалары:
(а+в)2 =а2+2ав+в2 1 )(а-в)(а+в)=а2-в2
(Екі өрнектің қосындысының ( екі өрнектің квадраттарының
квадраты ) айырымы )
2) P = 4a 2) S=ab
(Шаршының периметрі ) (Тік төртбұрыштың ауданы)
3) «Жақсы өлшеу туралы ғылым –бұл геометрия» ( П. Рамус)
«Сандар туралы ғылым –бұл барлық ғылымдардың ішіне кіреді»
( Әл-Фараби)
3079750326390788035326390 Ұлы математиктер
Карл Гаусс Евклид
5. Күн көзі жылына неше рет шығады? (364)
5. Жерді қоршап ауа тұрған қабаты қалай аталады? (атмасфера)
6. Informatio - ...қандай ұғымды білдіреді? (Ақпарат сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәліметдеген ұғымды білдіреді)
6. Процессор деген не? ( бұл компьютердің негізгі бөлігі, ол компьютердің «миы»
№ 2 тапсырма
Әннің әуені жасырылады. Дұрыс тапқан топқа 5 ұпай алу мүмкіндігі бар.
«Елім менің» Н. Назарбаев Б. Тілеуханов караоке
Ү айналым «Кім шапшаң!»
Шешуші кезең 5 айналымға өтеміз. Құрметті ойыншылар, жанкүйерлер. Бұл шешуші кезең. Топ мүшелеріне 8 әріп тиесілі. Қойған сұрақтарға осы әріптің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. Қанша сөз құралса, сонша ұпай жинайсыздар. Ал, енді дайын болсаңыздар ,бастаймыз.
1 топ Л, П, Ы, Н, Т, А, Қ, А.
Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді.(алты)
Қорған болу ... болу (пана)
Қасқырдың іні (апан)
Мұң –қайғының синонимі (нала)
Ашу дұшпан, .... дос. (ақыл)
Арыстанның күшігі (алан)
Қазақтың скипкашы (Лана)
Құс немен ұшады? (қанат)
Адамға еңбегі үшін не беріледі? (атақ)
Ерболат Құдайбергеновтың әкесі (Қанат)
2 топ Н, К, Е, Т, Р, Л, Е, І.
ҚР медалі .... еңбегі үшін (ерен)
Елігу етістігі етістігі жіктік жалғаудың 2-ші жағында (елік)
Тары түйетін ыдыс. (келі)
М.Жүнісова орындайтын ән . Қазақтың ерке қызымын.(ерке)
Алғаның антонимі (кері)
Досқан Жолжақсыновтың інісі (Ерік)
Болжалуы келер шақтағы іс-әрекет атауы (кетер)
Заңды түрде ерлі-зайыпты болу (неке)
Малға, адамға зиянды жәндік (кене)
Ру атауы ....(кете)
«Болашақ» тобы ______ сөз тапты___ ұпай жинады.
«Қазақстан» тобы______ сөз тапты___ ұпай жинады.
«Елім менің » атты патриоттық , танымдық ойын-сауық кешінің жеңімпазы анықталды. Есеп: 1 топ ____ 2 топ____
____________ тобы жеңіске жетті. Құттықтаймыз.
Жүргізуші: Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Егемендік иесі мен деген сөз,Көптеген бері естілмеген ерен сөз,Екі тізгін, бір шылбырын өзі алғанКөркем жігіт болып өссе көрген сөз.Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.«Егемендік» деген сөзден естілерАта жұрттың арысы мен бергісі.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ! –дей келе «Елім менің » атты патриоттық , танымдық ойын-сауық кешін аяқтаймыз. Ардақты ағайын, Елім менің, азат еліміз, байтақ жеріміз, жаны жомарт ұл-қыздарымыз аман болсын! Мектеп-интернатта ел-аманда кездескенше ағайын! Назар қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмат! Қош сау юолыңыздар!
Хор «Көк тудың желбірегені» сөзі: А. Ахметбекұлы
№ 4 облыстық мектеп-интернат
290195162560
Тақырыбы: «Елім менің » атты патриоттық, танымдық ойын-сауық кеші
(5-8 сынып)
2650679221306
Өткізген: Қарасаева Р. Қ.