Білім беру саласы: «Таным» ?ОІ?-і бойынша: «?орша?ан ортамен таныстыру» Та?ырыбы: ?й ??стары


«Қарлығаш мектепке дейінгі балалар мекемесі»
Тақырыбы: «Әжелер көңілдің- ажары»
Тәрбиеші:Тұрсынова Г

2014-2015 жыл

Ән әуенмен балалар залға кіреді.
Жүргізуші:  Құрметті,қонақтар,тәрбиешілер және бүлдіршіндер.Қош келдіңіздер! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. 
Бүгінгі наурыз мерекесіне орай «Күншуақ»тобының әжелері мен немерелерінің арасында болатын «Әжелер өмірдің ажары,немере көңілдің базары»атты сайысымызға қош келіпсіздер.
Ән: «Наурыз»
                                  Аналарға сүйеміз,сөзін ойға түйеміз,
                                    Әжені де ардақтап,әдеппен бас иеміз.
                            Бала деген бал екен.
                                 Бал дегенің бала екен.
                                 Немеренің бойында                                 Бар жақсылық бар екен.
                                Туған балаң жай ғана.
                                 Демесең де жат бөтен.
                                 Нағыз бала ойласаң,
                                 «Немере» екен тәтті екен.-дей отыра
  бүгінгі сайысқа әжелерімізді немересімен қол соғып ортаға шақырамыз.
1Әбиля әжей немересі Адиямен
2 Қазима әжей немересі Салтанатпен
3 Алтынгүл әжей немересі Махамбетпен\
4 Дүрия әжей немересі Аружанмен
 
 Жүргізуші:Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен танысып өтейік.
1 Балабақша директорының уақытша міндетін атқарушы Сүлеменова Амангүл
2 Балабақша медбикесі Ниязбекова Алмагүл
3 Ата-ана
Ең алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
 1 «.Шаңырағым-шаттығым»--Өзін, өз отбасын таныстыру.
2. «Өнерлі өрге жүзер»
3-Әжелеріміздің немерелеріне арналған әлдиі
4  . «Шебердің қолы ортақ»--Ою ойып,онымен таныстыру.        (Өздерінің қолдан жасаған заттарын көрсету
5. «Ас адамның арқауы» --Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден пісіріп әкеліп көрерменге көрсету)
1-бөлім. Таныстыру.
Жүргізуші: Өнер қуып әжелер өтер дейміз.
                                           Бір басына өнері жетер дейміз.
                                           Сайысқа келген әжелер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
Сөз кезегі әділ-қазыларда
2-ші бөлім Жүргізуші: Жақсылыққа үйреткен,                    Жамандықтан шектейді.                    Ертегі айтып беретін,                    Әжеге ешкім жетпейді-дей келе
Әжелеріміздің өз өнері дайын болғанша балаларымыздың тақрақтарын қабыл алыңыздар.
Еркеназ: Наурызым, күткен көктемсің
Көгімнен ұшып жеткенсің
Жеріме лебің гүл болды
Еліме бақыт жеткерсін
Даяна:Көктем келді Наурыз келді
Жер көгерді Ел көгерді
Дастарханын жайып дархан
Жақсылық пен бақыт шашқан
Бекбол:Жас қосатын жасыңа
Жыл басы бұл наурыз
Әр кіргізген асыңа
Бал татыған сары уыз
Ерасыл:Наурызбен құттықтап
Алыс жақын қауышты
Көгімдегі жарқын сәт
Көңілдерге ауысты
Перизат: Ата бабам тойлаған
Наурызым армызың
Қызығыңа тоймаған
Дархан дала қарлы шың
Мадияр:Қыс өтіп,жаз жетіп,
Шырайлы жаз жетіп
Мейрамы ежелден
Құтты болсын наурыз!
Балжан :Армысың наурыз
Қуаныш боп кір төрлет
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый құрмет.
3-бөлім. Даусың қандай сырлы еді
                  Табиғатты тыңдатқан
                    Көркің қандай нұрлы еді?
                  Таң шолпанмен астасқан
                     Өнеріңді кәне бүгін көрсетші
                Мына жұртқа қошеметпен қол соққан.
3- бөлім келесі кезек әжелеріміздің немерелеріне арналған әлди әндерін қабыл алайық.
4-бөлім. «Шебердің қолы алтын» Қолөнер сайысы.
                                              Көп жасаған қария.
                                              Ақылы теңіз дария.
                                              Қолдарымен өнерді
                                    Текемет,киіз,құрақ көрпе жасаған -  деп
әжелерге ою-өрнек оюға кезек береміз.
Би: «Періштелер»
Тақпақтар:
Әлішер: Наурызым ,ғажап туысың,
Ұлыстың күні,ұлысың.
Жылытты жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Диас: Наурызым,жылдың басысың,
Қуаныш қарт та,жас үшін.
Көңілде шаттық тасыттың,
Елінде ырыс тасысын.
Әділжан:Арпа бидай бастаған
Жеті дәмнен аспаған
Наурыз көже ежелден
Бұл тойдағы Бас тағам.
Ақниет:Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге тойлашы
Дастарханым көп көп
Береке ырыс сыйлашы
Бекзат:Наурыз келді құт болып
Мына бізге нұр болып
Аққа аузымыз толады
Бәрі жақсы болады
Іңкәр:Ұлы күні ұлыстың
Күні мен түнді теңеген
Тәтті дәммен ырыстың
Таттық наурыз көжеден.
Махабет:Келді наурыз жар салып
Би билейік ән салып
Жылда келсін ұлыс күн
Тұрайық есен қарсы алып
Әділ қазылардан 4 кезеңнің бағасын сұраймыз.
Ән: «Наурыз жыл басы»
Би: «Батырлар»
5-бөлім «Ас адамның арқауы» (үй тапсырмасы,ұлттық тағам даярлау)
                       Ұлыс күні тағам толса,
                       Ол жылы ақ мол болар.
                       Әжелер ұлттық тағам жасаса,
                       Қолдарынан бал тамар.
Әжелер өздері дайындаған ұлттық тағамдармен таныстырады.
 Би: «Сәнқойлар »
Қортынды: Сайыс соңында қазылардың шешімімен әжелерімізге «Асыл әже», «Өнерлі әже», «Биші әже», «Шебер әже» деген атақтар беріледі және марапатталады.
 
 Жүргізуші: Кең болсың қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Бүгінгі әжелерімізден бата алайық

                                   









«Қарлығаш мектепке дейінгі балалар мекемесі»
Партиялық жобалар аясында өткізілген аудандық балабақшалар арасында өткізілген сайыс
Тақырыбы: «Жайдарман»
2014-2015 жыл













«Қарлығаш мектепке дейінгі балалар мекемесі»
Партиялық жобалар аясында өткізілген «Бақытты балалық» атты іс-шара
Тақырыбы: «Күз ханшайымы»
Тәрбиеші: Бекмурзина Г
2014-2015 жыл
Күз мерекесіне арналған «күншуақ» тобында өткізілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы. Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балабақша апайлары,қонақтар! Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз. Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге бірге қыздарымыздың да ақылды да,парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық. Әділқазы береді, Өздеріңе билікті. Өнерде кім жеңеді, Алады сол сыйлықты,- деп ең алдымен сіздерді әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік: 1.Балабақша директоры:Мажитова Натипа апай 2.Балабақша әдіскері,Сүлемеова Амангүл апай3.Балабақша медбикесі,Ниязбекова Алмагүл апайЖүргізуші: Уа, халайық,халайық, Бәріміз назар салайық. Мерекесі бақшаның, Сайысын біз бастайық. (Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамын) Жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келді міне ортаға толқып-тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошаметпен қарсы алайық.
Би: «Күзгі жапырақтар» ( Сайысымызда арулардың реттік белгілерін анықтау үшін, әділ-қазылардын алдынан реттік сандарын алады..)Сайысқа қатысушы аруларды реттік белгілері бойынша таныстыру, орындарына отырғызу. Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін: Сайыс шарттары: 1.Менің ата-тегім . (Өзін-өзі таныстыру.) 2. Өнерлі өрге жүзер» (Өз өнерлерін көрсету
3Кім ойға жүйрік(жұмбақ шештіру)
4. «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету) 
5 Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама) Жүргізуші: «Күз ханшайымы» сайысына қатысушы аруларымыздың өзін-өзі таныстыруларын қабылалайық«Менің ата-тегім» 1.Өзін-өзі таныстыру (реттік санымен аруларды шақыру) 
1.Назым: Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің, Жастайымнан жалындап жана білдім. Өнерменен білімге жаны құштар, Әкімжан Назым мен боламын. Құрбыммен бұл сайыста тең боламын, Қызымын өсіп- өнген кең даланың. Бүгінгі ханшайымдар сайысында, Деп ойлаймын жеңімпаз мен боламын. 2 Еркеназ
Өнерімді жиып алып дестелегенҚұлағы сайыс десе елеңдеген.
Әділдік топ ішіне бере тұғын,Әділқазы алқаларға сәлем бердім!Еңліктей білім берген ұстазым барӨмірдің белесіне жетелеген.
Атым Еркеназ ата-анам әлпештеген,Анам бар үнемі қамқор болар
Бүгінгі "Алтын Күз" байқауында,Келіпті айдай сұлу аруларда.Үкілеп үмітімді арқау етіп,Менде келдім бұл сайысқа қатысуға.
3Адия: Әке-шешем мақтаған, Адия қызың мен болам. Осы күнге сақтаған, Тақпағым бар жаттаған.
 Сайыс десе жайнаймыз, Намысымды қайраймын. Тоты құстай құлпырып, Сандуғаштай сайраймын. 
4 Саяжан
Таныстырсам атымды Саяжанмын
Әкем аты Руслан Төртқараның қызымын
Тәнті болып өнеріме қараңдаршы,
Бүгін міне сайсқа келіп тұрмын.
Жайнаған егеменді елім жатыр.
Көсіліп кең жазира жерім жатыр
Елімнің болашағы біздей болар,
Шыңдалып өсіп жатқан сайыстардан
5 Перизат Армысыздар!Аяулы елім,халқым!
Мұра еткен,ұрпаққа өнер салтың
Армаңдар көп алдымда асқаралы
Шаттық толы жүрегімде,көңілім жарқын
Өзім перизат,Талғаи әкем аты
Қырғыздай руым бар,асыл заты
Алла тағалам,әр қашан қолдай жүрсін
Өрлесің құлынынның өрге тасы.
Жақсы дәстүр таба берсін жалғасын
Ару қыздар,армаңдарың талмасын,
Бойға жиған бар сұлулық әлемі
Ертеңі үшін қазағымның жандансын.
6Салтанат Шат думанға бөленіпті маңайым
Ықыластарыңа қандай теңеу табайын
Бәріңізге сәлем берем ізетпен
Армысыздар,жанкүйерлер,ағайын
2Мен қызымын қазақтың еркелеген,
Балабақша өз үйім ерте келем
Гүлсім,Гүлнар,Зиба апайлар күнде бізде
Үйретіп жақсылыққа жетелеген
3Шықтым бүгін сайысқа алғашқы рет,
Қолдаңыздар бәріңіз қошеметтеп.
Жанболаттын қызы болам Салтанат
Көрсетейін өнерімді саралап.
4Әділ-қазы ата-ана көріңіз,
Жас бүлдіршін талантына сеніңіз.
Алтын күздің сайысында осындай
Әділ-баға қызыңызға беріңіз.
5.4жастамын,өсе берем әліде,
Ата-анама еркелеймін әркезде
Құрбыларым шыққан бүгін сайысқа,
Тілеймін мен сәттілік бәріңе.
Аружан
7Атымды айтар болсам Аружанмын,
Ата-әжеме кішкентай тәуіржанмын.
Руымды сұрасан тілеу болар,
Сүйкімді қызымын мен Бауыржаннын
Анамдай бар Риммадай дара тұлға
Ұстазым бар жетелер мені алға
Өнерім бар көпшілік көретіндей
Сондықтан келіп тұрмын күзгі балға
Гүлдана
Әке-шешем мақтаған,
Лүлдана қызың мен болам.
Осы күнге сақтаған,
Тақпағым бар жаттаған.
Әкем Мирас,шешем Гүлшат,
Қанаттың мен немересі.
Тақпақ-өлең аитамын,
Апайлардың өнегесі.
Сайыс десе жайнаймын,
Намысымды қайраймын.
Тоты құстай құлпырып,
Сандуғаштай сайраймын.
Сайыстың «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша әділ-қазылардан берген бағаларын көтерулерін сұраймын. Ән: «Күз жомарт»
2. «Өнерлі өрге жүзер» (өнерлерін көрсету) Арулар дайындаған өнерлерін ортаға салады. 
Жүргізуші:Әді-қазыларымыздың әділ бағасын алайық «Кім ойға жүйрік»(жұмбақ шешу) Ортаға реттік белгімен аруларды шақырып,ұнатқан жеміс-жидектерін алғызып соның жұмбақтарын шешкізу. 
Жүргізуші:Аруларымыз сән үлгісіне дайын болғанша балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.
(күзгі байлықтардан жарнама жасау) 1.Мирас (Қызанақ) Тал шыбығым бұралып , Бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен-қызанақ, Күнге қарап ұялып. 2.:(сәбіз)  ЕрасылӨсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпын, Мен жазықсыз сәбізбін. 3.Балжан: (картоп) Мен картоппын,картоппын, Жер жүзінде мен көппін. Тамаққа көп қолдансаң, Пайдамды сонда білерсің. 4.Бекзат:(пияз) Асханадан шықпаймын, Атым-пияз бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. 5.Мадияр:(қияр) Мен қиярмын,қиярмын, Жесең есті жиярмын. Кетіруге безеуді, Шырыныммен жуарсың. 
Ән: «Жемістер мен көкөністер»
Әсем аруларымызды ортаға шақырайық
4 кезең сән үлгісінің бағасын алайық.
5 « Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» ( мамаларымен бірлесіп дайындаған салаттарын әділ-қазыларға ұсынады) Ән: «Күзгі бақ»
Көк майсалы көрікті Іңкәр
Алқаптағы көпи егін
Бүл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін
2 Көбейді құт-береке Әділжан
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз
3 Қуандырып біздерді Махамбет
Мерекелі күз келді
Кел,жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
4 Күздің қазан айында Бекзат
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді
5 Ас мәзірін ұсынуӘділ-қазылардың берген бағасы. 
Ойын кім жылдам:
Би: «қырманға кел»Жүргізуші: Білім,ғылым,өнерге, Қанат қағар кездерің. Еліміздің ертеңі , Үміт етер өздерің. -дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз. Әділ-қазылар қорытынды шығарғанға дейін балалармен би билейміз«Күз ханшайымы» сайысы бойынша аруларға берілген атақтар беріліп кеуделеріне лента тағылды.