Орманды дала ж?не дала зоналары
Күні: 02.02.2016
Сынып: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарының дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде мағлұмат беру;
- дамытушылық: Оқушылардың жаңа технологиямен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
- тәрбиелік: Орманды дала және дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Оқыту әдістері: сұрақ - жауап, салыстыру, жинақтау, анықтау
Көрнекілігі: электронды оқулық, презентация, видеороликтер, Қазақстанның зоналар бойынша картасы, буклеттер.
Пәнаралық байланыс: биология, өлкетану, жаратылыстану.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың орманды дала және дала зоналарының айыра алуы, картадан табиғат зоналарының шекарасын нақты анықтай білуіжауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру;
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру;
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту;
ІV кезең – үй тапсырманы беру;
V кезең – бағалау кезеңі;
VІ кезең – қорытынды.
Сабақ барысы:
КезеңМұғалімнің әрекетіОқушылардың әрекетіІ Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар - жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді. Мұғаліммен орындары-нан тұрып амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді.
ІІ Оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексердім (Қазақстан республикасының топырақ зоналарын кескін картаға түсіру). Өткен сабақта айтып кеткендей оқушылардың алған білімдеріне сүйеніп, табиғат зонасы деген не? деген сұрақ қоядым.
Яғни оқушылар тақырыпты анықтау үшін орманды дала мен дала зонасының әсем табиғат көрінісі бар видеороликті корсеттім.
Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады. мұғалім Қазақстанның физикалық картасын пайдаланып, оқушылармен сұрақ-жауап әдісі бойынша, Қазақстан аймағындағы орманды дала, дала зоналарының географиялық орны мен жер бедеріне тоқталадық. Климат картасын пайдаланып орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда қолайлы жауын-шашын мол түсетінін балалар айтты. Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардан зоналарды қандай топырақ түрлері кездесетінін сұрадым. Оқушылар Қазақстан аумағында 4 табиғат зонасы таралғанын айтады. Олар: орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары.
Оқушылар кезекпен кескін карталарын көрсетіп, бағаланды.
ІІІ Тақырыпты бекіту үшін балалар «Поле чудес» ойының ойнайды. Олар келесідей сүрақтарға жауап береді:
Қазақстан жеріндегі орманды дала зонаның территориясын атаңыз?
Орманды дала зонасының климаты қандай?
Қазақстан жеріндегі дала зонаның территориясын атаңыз?
Дала зонасын кесіп өтетін өзендерді атаңыз?
Дала зонасын жалпы көлемі қандай?
Орманды дала зонасының жалпы көлемі?
Орманды дала зонасын кесіп өтетін өзендер?
Орманды дала зонасының топырақ жамылғысы және олардың қалыңдығы?
Дала зонасының климаты қандай?
Дала зонасының топырақ жамылғысы және олардың қалыңдығы?
Қазақстанның жазық бөліктері солтүстіктен оңтүстікке қарай қанша зонаға ауысады? Оларды ата.
Қай зонаның әдемі табиғатты аудандарында сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан?
Сонымен орманды дала және дала зонасының сирек кездесетін жануарларын арнайы дайындалған презентацияда оқушыларға көрсету арқылы, олармен «Бұл кім?» рубрикасын өткіздім.
Бірінші слайдта – Орманды дала зонасының: сарышұнақ, сұртышқан, қосаяқ, сусар.
Екінші слайдта – Орманды дала зонасының: қасқыр, елік, түлкі, тиін.
Үшінші слайдта – Орманды дала зонасының: бұлдырық, көкек, сусар, сауысқан.
Төртінші слайдта – Дала зонасының: сүңгуір, гагара, крохаль, турпан
Бесінші слайдта – Дала зонасының: тырна, бүркіт, балықшы, бозторғай.
«Сен сенесің бе?» рубрикасы бойынша мынадай сұрақтар оқушыларға қойылады:
Орманды дала зонасы бойынша:
Орманды дала зонасының түгелдей дерлік өзендері қар суымен толығады (Иа).
Орманды дала зонасының өзіне ғана тән ерекше жануарлары бар (Жоқ).
Орманды дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерілген зонасы (Иа).
Дала зонасы бойынша:
Дала зонасының өзендерінің деңгейі төмен орналасқан (Иа).
Дала зонасында шөптесін өсімдіктер өспейді (Жоқ).
Дала зонасында көлдер өте көп (Иа).Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды, яғни сұрақтарға жауап береді.
Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр.
Дала зонасының территориясына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталығы жатады.Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді.
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 29 % - ынан астамын алып жатыр.
Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан территориясының 0,4 % - ын алып жатыр.
Ертіс, Жайық, Тобыл, Есіл т.б. бірқатар өзендері зонаны кесіп өтеді.
Зонаның солтүстік бөлігінде қара опырақты қабаттың қалыңдығы 75 см – ге жетеді, оның құрамының 9 % - ына жуығы шірінді болады. Ал оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6% - ға дейін азаяды.
Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6% - ға жуық шірінді бар.
Барлығы 4 зона. Олар: орманды дала, дала, шөл, шөлейіт.
Орманды дала зонасында.
ІV Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.
Сабақты бағалау критерийлері:
10 БАЛЛ – сабаққа дайын болуы, тәртібі;
30 БАЛЛ – үй тапсырмасы;
40 БАЛЛ – жаңа сабақтың тапсырмаларын орындау, оқушының сабаққа қатысуы;
20 БАЛЛ – білетінімен білгенін оқыту процессінде дұрыс қолдана білуі. Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.
50 - 75 балл аралығы – 3
75 – 90 балл аралығы – 4
90 – 100 балл аралығы - 5
V Үй тапсырмасына:
- «§39 Шөлейт және шөл зоналары» оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.
- Орманды дала және дала зонасын салыстыру мақсатында Венн диаграммасын толтырып келу. Үй тапсырмасын күнделік-теріне жазып алады.
Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.
VІ Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды. Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.
Оқушылар мұғалімнен алған стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, өздерінің ұсыныстарын жазып, мұғалімге ұсынады.