Технологиялы? карта Сауат ашу негіздері «Ауылда .?й жануарлары мен ?й ??стары». (??гіме ?растыру) (МАД)
Технологиялық карта
Ай - апта Мақсаты
Білім беру саласы Қатынас. Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй құстары (балапандары) мен жануарларына (төлдеріне) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру
Бөлімі Сауат ашу. Тақырыбы «Ауылда .Үй жануарлары мен үй құстары». (әңгіме қрастыру) Әдістер Түсіндіру, сурет бойынша әңгіме құрату. Көрнекіліктер Суреттер (ауыл,үй жануарлары мен ұй құстары)
Қос тілділік
Сиыр – корова, түйе – верблюд, жылқы – лошадь, қой - овца
Сөздік жұмыс қармақ, күбі Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
І. Қызығушылықты ояту.
Балалар шаттық шеңберіне тұрап, бір – бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
«Ой қозғау.»
Сұрақ қойылады.
-бүгін ауа райы қандай?
-Айналада қандай өзгерістер бар?
-Жылдың қай мезгілі?
-Бір аптада неше күн бар?-
-бүгін аптаның қай күні ?
-Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?
-Ауыл сендерге ұнай ма? Балаларды көңілдендіріп алу.
Ұйымдастыру
шылық-ізденістік
Мағынаны тану.
Тыныштық сәті.
Үнтаспадан құстың сайрағанын,судың сылдырын, жапырақтардың шуылын және т.б.дыбыстарды тыңдайды және көздерін жұмып, табиғат аясынкөз алдарына елестетеді.
-Ауылымыздың табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап – жасыл, сан алуан тамашагүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіліп тұр.Терең тыныс алаып, көзімізді ашайық.
Негізгі бөлім.
1.Н. Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін оқып беру
Әңгіменің мазмұнын ашуға қойылатын сұрақтар.
-Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?
-Бейбарыс кімнің қасында болды?
-Атасымен бірге не істеді?
-Шолпан кімнің қасында болды?
-Әжесі екеуі неістеді?
-Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?
Шолпан әжесі екеуі қайда барды?
Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен?
-Шолпан қайда кетті?
-Бейбарыс ше?
Сергіту сәті
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім.
Әжеме құдықтан су әкеліп беремін
Еденді де жуамын, шаң – тозаңын сүртемін.
Дәптермен жұмыс
А) 8-9 беттердегі суреттер бойынша «Үй жануарлары мен үй құстары» деген тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой,қозы,ешкі,лақ,жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе,бота.
Қостілділік:
Сиыр – корова, түйе – верблюд, жылқы – лошадь, қой - овца
Ә)Үзік сызықтарды қосып,әтеш пен есектің суретін салу, бояу, Тауықтың балапаны мен үйректің балапанын штрихтау, қойдың жолынқосып сызу(8-9)
«Айырмашылығын тап» ойыны:
Шарты: үй жануарлары және жабайы жануарлардың суреттерінен айырмашылықтарын табу. Тыңдайды , түсінеді.
Әңгімені тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қимылмен көрсетіп орындау.
Әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.
Қостілділік:
Сиыр – корова, түйе – верблюд, жылқы – лошадь, қой - овца
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексивтік-жинақтаушы ІІІ.Ой толғаныс:
Сұрақ – жауап алу арқылы алған білімдерін пысықтау.
-Балалар сендерде ауылға ата –әжелеріңе қонаққа барасыңдар ма?
-Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?
-Үй жануарларына нелер жатады?
-Үй құстарына қандай қамқорлық жасау керек?
-Үй жануарларымен құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар? Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже
Білу керек Төрт түлік мал және үй құстарының атауын дұрыс атай білу
Түсінеді Олардың пайдасын түсінеді.
Қолдана біледі Үй жануарлары мен дала жануарларының, үй құстары мен дала құстарының айырмашылығын.