Орта??ы топ?а технологиялы? карта Жапыра?тарды? т?суі


Ортаңғы тобының ұйымдасқан оқу қызметінің техналогиялық картасы
15.10.16.
Тобы: «Қарлығаш»
Тәрбиеші:Гаитова М.М.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Жапырақтардын түсуі»
Мақсаты: Балаларды қылқаламды батырып салуға әдісімен үйретіп дағдыландыру. Суретті сезіне білуге тәрбиелеу.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеп-
талаптану Психологиялық сәт.
Күз мезгілі туралы әнгімелесу.
Күз мезгілін білдіретін сүретті көрсету. Даладағы ауа – райымен салыстыру. Қойылған сұрақтарға жауап береді. Күз мезгілі туралы әңгімелеседі
Ұйымдастырушылық ізденіс Сүретте не көрсетілген: қандай табиғат құбылысы болып жатыр? Бұл нелер? Қайда өседі? Не құлап жатқан? Түсі қандай? Даладан әкелінген жапырақтарды көрсетеді. Балалармен жапырақтар туралы мақал – мәтел жаттайды. Далада және суретте көргенін салыстырып жапырақтардың түсін параққа салатынын айтады. Қылқаламды батырып салу әдісін көрсетіп, үйретеді.
Сурет салу барысында балаларға көмектесіп мадақтайды. Қызығушылық білдіреді, сұрактарға жауап беріп,әңгімілесу барысына қатысады. Жапырақтарды ұстап көріп, мақал – мәтелді қайталап жаттайды.
Сурет салу әдісін мұқият қарап, тыңдайды. Сурет салады
Рефлекстік түзету Өз суреттерін қысқаша түрде әңгімелеп беруге ұсынады. Қорытынды жасайды. Өз суреттерін қысқаша әңгімелеп береді.
Тәрбиешінің көмегімен қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерін, жапырақтардын түстерін біліп, атау.
Болу: Ұжымдық жұмыстың дағдылары.
Қолдану: Қылқаламды ақырын батырып, парақтың ортасына салу. Қылқаламмен жұмыс істей білу.