Кенді пайдалы ?азбалар 4 сынып


Пәні: Дүниетану
Мерзімі: 31.10.2014жыл
Уақыты: 15:45 - 16:40
Сыныбы: 4«Б»
Тақырыбы: «Кенді пайдалы қазбалар».
Мақсаты: : Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы түсіндіру. Міндеттері:
Білімділігі: Кенді пайдалы қазбалардың түрі темір кенімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, баяндау.
Көрнекілігі: қара және түсті металл түрлері, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. – Сәлеметсіздерме оқушылар, бүгінгі дүниетану сабағын мен өткіземін. Менің аты – жөнім Орынбек Индира Нұржанқызы.
Машықкер: Сабақты бастамас бұрын сабағымыздың ұранын бірге айтайық.
Психологиялық дайындық.Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетінӘрбір сабақҮйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын - дей отырып, сабақта үнемі есте боларлық ережені еске салып өтейін1. Бір - бірімізді тыңдау, қатысу2. Уақытты үнемдеу3. Ойымызды еркін айту4. Тақырыптан ауытқымау5. Анық, нақты сөйлеуБіз осы ережелерді сақтай отырып, бүгінгі сабақта өз білімімізді жан - жақты көрсете білейік.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Миды шынықтыру.
- Пайдалы қазба деген не?
- Пайдалы қазбалар қандай екі үлкен топқа бөлінеді?
- Сен қандай пайдалы қазба туралы білесің? (Темір кені)
- Кенсіз пайдалы қазбалар да екі топқа бөлінеді, ол қандай топтар? (Құрылыстық және жанғыш қазбалар)
Сөздік диктант
Пайдалы қазба атауларын жаз.
- Шахтада өндіріледі, ауыр, қатты, соғуға жарамды, ұсақ және тығыз байланысқан бөлшектерден тұрады. (Темір кені)
- Қара түсті, аздап жылтырайды, қатты, суға батады, жанады. (Тас көмір)
- Мықты, ауыр, сұр, қызғылт, қызыл түсті болуы мүмкін бірнеше минерал бөлшектерден тұрады (Гранит)
- Қошқыл түсті сұйықтық, жанады, одан керосин, бензин мен мазут алынады. (Мұнай)
- Гранит ыдыраған кезде пайда болады, құрылыста және әйнек шығаруда пайдаланылады. (Құм)
- Созылмалы қасиеті бар, құмыра жасауда пайдаланылады, (Саз)
Ауызша тексеріледі.
III. Жаңа сабаққа кіріспе:Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді. (Сарамандық жұмыс) Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық? Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.
IV. Жаңа сабақ: Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.Дүниежүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас..Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай.
Сергіту сәті:
Аспанға қарап, ай көрдім
Төмен қарап ,жер көрдім
Оңға ,солға бұрылып
Егеменді ел көрдім
Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту. Теріп оқу.(кен, кенді байыту,темір кені, өндіру әдістері) -Ал балалар енді Қазақстанда ең алғаш жер қойнауын зерттеген геолог ғалымды кім біледі? (Оқушылар жауабы тыңдалады)
Слайд
Қаныш Исатайұлы Сәтбаев және Алматы қаласындағы геологиялық музей туралы шағын мәліметке зер салайық.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.V. Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сұрақ қою арқылы сабақты қортындылау.
Сұрақ –жауап:
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Кенді пайдалы қазбаларға байланысты қандай сұрақтарың бар?
VI. Үй тапсырмасы:
VII. Бағалау: Жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Машықкер: ___________Орынбек И.Н.
Әдіскер:_______________Шакирова Г.А Сынып жетекші: _______ Нұрмұханова Н.Ж.