Ы.Алтынсарин. ?ке мен бала ??гімесі.


Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Әке мен бала" Ы. Алтынсарин.Мақсаты: Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин өмірі жөне оның шығармашылығы білімдерін қалыптастыру. Тыңдай білу, әңгімелей білу іскерліктерін, дағдыларын дамыту. Әңгіме мен ертегіні ажырата білуге үйрету.Көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің портреті, суреттер.Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақ барысы.Ұйымдастыру кезеңі.- Сәлеметсіңдер ме балалар?- (Балалар жауабы) Саламатсыз ба.- Қазір бізде көркем әдебиет сабағы. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарды алып оқушы ережеге сай отырамыз.Әңгіме.Әке мен бала.Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деді.Бала әкесіне:- Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, - деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол ұш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:- Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, - деді.
Сұрақ – жауап.- Суретте кімді көріп тұрсыңдар?- Сендер Ыбырай атаның қандай өлендерін, ертегілерін, әңгімелерін білесіңдер?- Бүгін Ы. Алтынсариннің "Әке мен бала" атты шығармасымен таныстық, не түсіндіңдер?- Баланың істегені дұрыс па?- Неге дұрыс (дұрыс емес) деп ойлайсыңдар?- Әкесі баласына қандай сөздер айтты?- Баланың мінезі ұнады ма?- Сендер әкелеріңнің тілін аласыңдар ма?- Енді суретке қарап, әңгімені естеріңе түсіріңдер.Мазмұнын айту. Қорытындылау.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды атап өтіп, сабақты аяқтау.