Ыбырай Алтынсаринні? «?ке мен бала» ??гімесі — 5 сынып
Мерзімі: Пән - қазақ әдебиеті Сынып – 5 «Б»
Сабақ №
Сабақ тақырыбы Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
Сілтеме
Оразбаева Ф.Ш., Құрманбай Г.С қазақ әдебиеті - 5, әдістемелік құрал, орта мерзімді жоспар
Мақсаты
Әке мен бала туралы оқушылардың не білетініне сүйене отырып, оқушыларды мәтінді зерделей отырып, білімді өздігінен алуға бағыттау. Диалогтік оқытуды қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу, әңгімелеу, шығармашылық дағдыларын жетілдіріп, мәтінді жан-жақты зерттеуге және ой түйін түюге жетелеу.
Оқушыларды жеке, топта жұмыс істеуге және өзара бірінің ойын бірі мұқият тыңдауға, өзара сыйластыққа баулу.
Күтілетін нәтиже
Өз отбасы, әке мен бала қарым-қатынас туралы пікірін жеткізе білу, диалогтік әңгімеге қатысады. Оқу- жазу, сөйлеу дағдылары дамиды, топпен жұмыс істеуге қалыптасады.
Негізгі идеялар
Әңгімені қолдана отырып, әке мен бала туралы өз ойларын жеткізу, топтық жұмыс барысында өз идеяларын ұсыну, кейіпкерлерге мінездеме беру сабақ бойынша рефлексия жаза білу
Сабақ түрі
аралас сабақ
Сабақ көрнекілігі Интерактивтік тақта, топ ережесі, сұрақтар, тапсырмалар, қажетті құралдар.
Өту барысы:
Сабақ кезеңі Жұмыс түрі, әдістер Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру /3 мин/ Оқушылармен амандасу, түгендеу, әр оқушы өзінің туған күніне келетін санды алып ретпен тұрады. Алғашқы 7 оқушы 1- топта, кейінгі 7 оқушы 2- топта жұмыс істейді. Жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін оқушылар 1-минутта Отбасы, әке, ана туралы қанша мақал-мәтел біледі. Мақал-мәтелдер
минутын өткізу, еске түсіру, сұрау
Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
Үй тапсырмасын пысықтау
/7 мин/
Жаңа тақырыпты жариялау
Сабақ тақырыбымен таныстырып, сабаққа мақсат қоюға шақырамын
Жаппай тексеру. «Ой қозғау» Ыбырай Алтынсарин туралы не білеміз? Топтастыру стратегиясын қолдану.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз: Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
Слайд арқылы суреттер көрсетеді, оқушыға бағыт -бағдар береді. Сабақ мақсатын анықтайды
Суреттерді қолдана отырып сөздерді жұптастыру Әр стикерге білгенін жазып, тақтаға іледі.
«Мағынаны ажырату»
/15 мин/ «Мәтінді үзіліспен оқу» стратегиясы.
Мәтіндегі әр оқылған бөлім бойынша талқылау жасаймыз, сұрақтарға жауап береміз.
1-үзіндіні оқимыз. (Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді.) Әкесі ескі тағаны не үшін алды? Оны қалай пайдалануға болады? Әкесі оны қалай пайдалануы мүмкін?
2-үзіндіні оқимыз. Неге әкесі баласына бірден шиені бермеді? Ол не ойлады? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады) Мәтінді әрі қарай оқимыз. Шиені қалай пайдаланғанын байқаңыздар? Кімнің ойы сәйкес келеді, кімнің ойы сәйкес келген жоқ?
Оқушыларды сөздікпен таныстырып, тапсырманы түсіндіру
Сөздікті қолдана отырып,мәтінді тізбекпен оқып,аудару.
Топпен мәтіннен берілген сөйлемге сұрақ құру
Талдау
/5 мин/ Салыстырмалы картаны топта толтырады, әр топ өз картасын оқып, таныстырады.
әкесі баласы
тапқыр Еріншек
қамқоршы ерке
Тапсырманың орындалу барысын бақылайды Кестені толтырады, жазғандарын оқып, таныстырады
Cергіту сәті. /2 мин/ Көрсетілген қимылдарды қайталап орындау Сергиді.
«Ой-толғаныс»
/7 мин/ «Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісі
1. Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? 2. Әкесі неге шиені жерге бір-бірлеп тастап отырды ? 3. Егер әкесі шиені жерге бір-бірлеп тастамаса, баланың бойында қандай қасиеттер пайда болар еді ?
4.Отбасындағы әке тәрбиесі маңызды ма? Тапсырманы түсіндіріп, топпен жұмыс барысында «жетелеу» әрекетін жасайды Берілген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады.
Үйге тапсырма беру
/1 мин/
Отбасы, әке, ана туралы мақал-мәтелдер жаттап, дәптерге жазу. Осы әке, ана, бала, үй сөздері туралы ойланып, өз сөздерімен шағын әңгіме құру. Талқылауға мүмкіндік беру. Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау
/3 мин/
Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады. Оқушылардың бағаларын айтып өту Бағаны күнделіктеріне қойғызып алады.
Рефлексия
/2 мин/
«Мен бүгін не үйрендім?» Стикерлерді тақтаға ілу Стикерлерді картаға іледі
Сабақты өзіндік талдау
Пригород ЖОББМ 5 «Б» сыныбы қазақ әдебиеті пәні Мұғалімі: Сатенова М.Г
Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі
№ Өзіндік талдау сұрақтары Өзіндік талдау жоспары
1 Сабақтың түрі Сабақтың түрі
Қайталау
Негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру
Білім беру
2 Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау. Шешу жолдарының идеяларын анықтау. Әке мен бала туралы оқушылардың не білетініне сүйене отырып, оқушыларды мәтінді зерделей отырып, білімді өздігінен алуға бағыттау. Диалогтік оқытуды қолдана отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу, әңгімелеу, шығармашылық дағдыларын жетілдіріп, мәтінді жан-жақты зерттеуге және ой түйін түюге жетелеу. Оқушыларды жеке, топта жұмыс істеуге және өзара бірінің ойын бірі мұқият тыңдауға, өзара сыйластыққа баулу. Мақал-мәтелдер минутын өткізу, суретті қолдана отырып кластер құру, «Мәтінді үзіліспен оқу» стратегиясын қолдана отыры, сұрақтарға жауап беру,бір-бірлеріне сұрақ қою арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, ауызекі сөйлеу мәдениеттерін дамыту. Ақпараттық оқыту құралдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасауға, өз отбасы, әке мен бала қарым-қатынас туралы ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
3 Сыныпқа мінездеме. Оқушылардың даму ерекшеліктерін есепке алу Сынып оқушыларының оқуға деген ынталары, танымдық әрекеттері, белсенділіктері мен жауапкершіліктері, пәнге, тілді үйренуге деген қызығушылықтары қалыптасқан.
4 Сабақтың құрылымын жасау. Оптимальді шешуі. Сабақ кезеңдері.
1.Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын пысықтау 3. Мағынаны ажырату 4.Талдау 5. Сергіту сәті 6. Ой толғаныс 7. Үйге тапсырма 8. Бағалау 9. Рефлексия
5 Сабақтың әрбір кезеңдеріне баға беру. Сабақ кезеңдері дұрыс құрылған. Сабақты жоспарлау барысында әр оқушының өзіндік ерекшеліктері, біліктіліктері, жұмыс істеу қабілеттері ескерілді. Сабақта оқушылардың интеллектуалды және эмоционалдық жағдайлары бағаланып отырды. Бұл ұйымдастыру кезеңінде жағымды психологиялық ахуал тудыру үшін мақал-мәтел минутын өткізу, үй тапсырмасын пысықтауда топтастыру стратегиясын қолдану, жаңа тақырыпты меңгеруде «Мәтінді үзіліспен оқу», салыстырмалы картаны топта толтыру, «Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдістері қолданылды. Оқушылардың пәннен білімдері, оқу-жазу дағдылары қалыптасқан.
6 Таңдалған оқыту әдістерінің тиімділігін бағалау. Қолданылған жұмыс әдістері: жеке, жұппен, топтық, жалпылама жұмыстар сабақтың әр кезеңінде қолданылды. Оқушылардың оқығандарын талқылау, сұраққа жауап беру, сұрақ қоя білу, кейіпкерлерге мінездеме беру, диалог арқылы сөйлесу, аудару, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге тапсырмалар берілген.
7 Ұсыныстар:
Оқушылармен алған білімдерін кеңінен қолдана білу, өмірмен байланыстыра оқыту, шығармашылық бағытта жұмыс жасауды жалғастыру.