Презентация по географии на тему Еуразияны? зерттелуі. 7 сынып


Сыныбы: 7 «Ә»
Күні: 06.04.2015
Тақырыбы: Еуразияның зерттелуі.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Еуразия материгінің ашылуы және зерттелу тарихы туралы ақпарат беру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Еуразия матригінің зерттелуін оқыту, зерттеген зерттеушілердің еңбектерімен таныстыру.
Тәрбиелік:  Оқушылар арасындағы ұжымдық жұмысқа баулу, бір-бірін сыйлауды, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, кітаппен жұмыс, топпен жұмыс, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Тарих.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, кескін карта, сызба-нұсқалар, оқулық, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
А) Оқушылармен амандасып, түгендеу.
Б) Қызығушылықты ояту (топқа бөлу).
В) Оқулықтарын тексеру
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Еуразия материгінің географиялық орны мен жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер бойынша тест тапсырмалары. (әр топқа әр түрлі).
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы  Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш  географиялық түсініктер қалыптасып,  алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сада қарым-қатынасын жүргізген. Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады. Бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекше зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген.  Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский  Тибет пен Гоби шөліндегі  бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцызы  өзендерінің бастауын тапты. Ғалым құммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Сонымен қатар көптеген өсімдіктер мен жануарлардың ғылымға белгісіз жаңа түрлерін – жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтады. Н.М.Пржевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, оладың координаты мен биіктігін анықтады, метеорологиялық байқаулар жүргізді, тау жыныстары мен өсімдіктердің бай коллекциясын жинады.
Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П.Семенов та зор үлес қосқан. Тянь-Шань тауына 2 рет саяхат жасаған бұл ғалым тау жүйесінің шекарасын анықтап, ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңірі шыңын ашқан. П.П.Семенов түңғыш рет Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ғалым Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін де дәлелдеген.
1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Шоқан көптеген көне тарихи кітаптар, этнографиялық бағалы бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап қайтқан. Қазақ зерттеушісі болған жерлерін сипаттап, тұрғылықты халықтың тұрмыс-тіршілігін дәл бейнелейтін суреттер салған, өзі жүріп өткен жерлердің карталарын жасаған.
IV. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: Дәптермен жұмыс (барлық топ).
Р/с Жылы Зерттеуші Зерттеген жерлері
1 I ғасырда Үнділер Суматра мен Ява аралы, Индонезияға қоныстанды.
2 Гректер Батысқа және солтүстікке жорық жасады, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.
3 Малайялықтар
Индонезия аралдарын аралап, Мадагаскар аралын ашқан.
4 Финикиялықтар
Жерорта теңізін әр түрлі бағытта кемемен жүзіп, Эгей теңізінің аралдарын ашып, Гибралтар бұғазы арқылы Еуропа жағалауларына жеткен.

5 XIX ғасырда Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын тапты. Лобнор көлінің табиғат жағдайын сипаттады.
6 XIXғасырда П.П.Семенов Тянь-Шань тауының шекарасын анықтап, ұзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп есептелетін Хантәңірі шыңын ашқан. Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызығының мұнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ыстықкөл көлінің ағынсыз тұйық, тектоникалық терең көл екендігін де дәлелдеген.
7 1856-1859жж Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Жан-жағын танып білу мақсатында Парсы, Египет, Үнді жерлерінде болған кімдер? (Вавилон тұрғындары)
Еуразия жерін адамдар ең алғаш қоныстанған жері? (Жерорта теңізі)
Финикиялықтар өздеріне батысы мен шығысы белгісіз болған жерлерді қалай атады? (батысты «эреб», шығысты «асу»)
XIXғасырда Орталық Азия табиғатын зерттеген ғалымдар? (Н.М.Пржевальский, П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов)
Суматра және Ява аралын ашқан кімдер? (үнділер)
Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын тапқан орыс ғалымы? (Н.М.Пржевальский)
Еуразия материгін зерттеуде гректердің ашқан жаңалықтары? ( Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді)
Орыс ғалымының атымен аталған тау жүйесі? (Тянь-Шань тауы)
Қашқарияға аттанған қазақ зерттеушісі? (Ш.Уәлиханов)
Географиялық ұғымдардың кеңеюіне негіз салған ежелгі халықтар? (миной халқы)
VI. Үй тапсырмасы. Еуразия матергінің жер бедері.
VII. Оқушыларды бағалау.