Мата бетіне сурет салу. Батик, акрил бояулары.




«Бекітемін» ____________
Директордың ОІ жөніндегі
орынбасары
Джумалиева К.К.

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бағдарлама тақырыбы: Жай заттармен матаға сурет салу.
Сабақтың тақырыбы: Мата бетіне сурет салу. Батик, акрил бояулары.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Батик, акрил бояуларымен мата бетіне сурет салу техникасын меңгеру, бағдар беріп, осы техникаға үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің көркемдік талғамын дамыту, эстетикалық сезімін, түсінігін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Кәсіби бағдар бере отырып, еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд-призентация, бейнеролик, буклет, көрнекі суреттер А-4, 60-40 өлшемдегі картиналар, акрил бояуымен боялған футболкалар, батик бояуымен боялған орамалдар.
Сабақтың түрі: Шеберлік дәрісі. Операция кешенін оқып үйрену сабағы
Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсілдер: практикалық, ауызша-әңгімелесу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Киімді көркемдеп безендіру, модельдеу.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылардың сәлемдесуі.
2. Жоспармен таныстыру.
Негізгі бөлім
1. Қажетті құрал жабдықтармен таныстыру.
2. Тақырып бойынша даярланған бейнероликті көрсету.
3. Шеберлік дәрісін көрсету, студенттердің бірге орындаған жұмыстарын қадағалау.
Қорытындылау.

Киімге сурет салу
(матаға сурет салуға арналған акрил бояуы)
Жұмыс барысы:
Мата бетіне сурет салуға эскиз (нобай) таңдау.

А-4 форматына суретін салу.

Бұйымның ішкі жағына А-4 форматын орналастырып, таңдалған дайын суретті бастыру.

Киімге сурет салуға арналған арнайы акрил бояуымен негізгі түсті беру.

Аздап дегдіп, кепкеннен соң екінші тонмен формасын шығару.

7. Қою түспен немесе арнайы дизайнерлік контурмен жиек жүргізіп, безендіру
8. Дайын суретті кепкеннен соң 3 мин орташа температурамен үтіктеу.

Қажетті құралдар:
1. Футболка
2. Мата бетіне сурет салуға арналған акрил бояуы
3. А-4 формат
4. Қарындаш
5. Қылқалам түрлері
6. Безендіруге арналған дизайнерлік контур
2. Матаға сурет салу. Картина жазу.
Жұмыс барысы:
1. Картинаға сурет таңдау.

2. Плакат бетіне суретін салу.

3. 60-40размерлі рамаға атлас немесе крепсатин матасын тарттырып кнопка (мық) арқылы ұстатамыз.

4. Дайын суретті матаның астына орналастырып бастырамыз.
5. Бастырылған суретті резерв сұйықтығымен арнайы түтікқалам арқылы жүргіземіз.

6. Контур кепкеннен соң (30-мин), қылқалам арқылы түстік шешімін үйлестіре отырып, батик бояуымен бояймыз.

7. Бояу кепкеннен кейін дайын суретті рамаға кигіземіз, дизайнерлік сұйықтықпен безендіреміз.
lefttop
Қажетті құралдар:
1. 60-40 өлшемдегі рама.
2. Атлас немесе крепсатин матасы.
3. Кнопка (мық).
4. Плакат.
5. Қылқалам.
6. Батик бояуы.
7. Түтікқалам.
8. Резерв сұйықтығы.
Арнайы пән оқытушысы: ____________Ж. А. Давлетова