Жерді? ішкі ??рылысы. Литосфера
Тексерілді: ………… Жаратылыстану 5 ᴱ сынып. Сакбақ реті № 10. Күні…………
Сабақтың тақырыбы: Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің құрылысы туралы түсінік беру, дүниетанымдық көзқарасын дамыту, ойлау қабілетін дамыту, мәтінмен, кестелер мен сызбалармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Оқушыларға «Пангея», «Панталасса», «Гондвана», «Лавразия» және Жердің құрылысы жайлы ұғымдары туралы баяндау, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, интерактивті тақта, Дүниежүзінің картасы, глобус.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру : Сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасынан оқушылардың түсінігін тексеру.
1.Ерте кезеңдерде жердің пішіні туралы қандай көзқараста болды?
2.Географиялық карта дегеніміз не?
3.Географиялық картаның маңызы неде?
4.Глобус дегеніміз не?
5.Неліктен глобусты Жердің дәл үлгісі дейді?
III. Жаңа сабақ материалын оқыту.
Жоспары:
Жердің сыртқы географиялық қабығы.
Материктер мен мұхиттар.
Жердің ішкі құрылымы.
Біздің ғаламшарымыз ортасындағы ядросынан бастап атмосфераның жоғарғы бөлігіне дейін бірнеше қабаттардан тұрады (атлас 1-бет) Литосфераның жоғарғы қабаты (жер құртысы) жер бетіндегі барлық сулар-гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын қосып-бұл аралықтарды географиялық қабық деп атаймыз.
Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғат кешендері-материктер мен мұхиттар қалыптасты. Дүние жүзінде алты материк немесе алты құрлық бар. Еуразия, Африка, солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Антарктида. Ал, мұхиттардың саны төртеу. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. Жердің даму тарихында материктер мен мұхиттардың саны мен пішіні бірнеше рет өзгерген. Жалғыз қалған Пангея деген құрлықтан және Панталасса деген мұхиттан тұрған уақытта болған. Кейіннен Пангея Лавразия және Гондвана деген екі материкке ажыраған. Олардың арасында Тетис теңізі (мұхиты) пайда болған. Кейіннен ірі материктердің одан әрі бөлінуінен Атлант, Үнді, және Солтүстік мұзды мұхит пайда болды. Ал Тынық мұхит ежелгі Панталассаның қалдығы. Қазіргі таңда материктер біртіндеп Тынық мұхитқа қарай жылжуда.
Ғарышқа қарағанда Жердің ішкі құрылымын зерттегеннен гөрі ғаламшарды, олардың серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінген. Жерді зерттеу мақсатында бұрғылау жұмыстары 15 шакырым терендікке дейін барған. Ал жердің осіне дейін 6000 шақырым. Жердің ішкі құрылымы үш топқа бөлінеді. Жер қыртысы, мантия, ядро. Осы қабаттардың арасында ең жұқасы жердің үстінгі қабығы -жер қыртысы. Ол арқылы өзендер ағып, ормандар өсіп, таулар көтеріліп, елді мекендер салынуда. Осы жерімізден пайдалы қазбалар −тас көмір, мұнай, бағалы тастар да осы қабаттан қазып алынады. Олай болса жер қыртысы адамдардың, өсімдіктердің, жануарлардың ортақ уйі. Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда олардың қалындығы 80 шақырымға жетсе, мұхит табанының астында 6-8 шақырымға жетеді. Жер қыртысы құрамы жағынанда біркелкі емес. Жоғарғы қабаты шөгінді жыныстардан құралған ( саз, құм, әктастар). Оның астында гранитті қабат орналасқан ( мұхит астында гранитті қабат жоқ). Мұхиттың ең астында базальт қабаты кездеседі.
Жердің келесі қабаты - мантия ( латын тілінен аударғанда «жамылғы» деген мағнаны білдіреді). Шамамен 2900 шақырым тереңдікке дейін барады. Мантия жартылай балқыған және иілмелі күйде болады. Температура ядроға қарай көтеріліп қысым артады. Үшінші қабатымыз - жердің кіндігі ядро. Ядро сыртқы және ішкі деп екіге бөлінеді. Сыртқы ядро – қоймалжың сұйық күйде болса, ішкі ядро – қатты болып келеді. Ондағы температура 3000°С–қа дейін жетеді. Жер өзінің құрылымына қарай тастардан емес, металдардан (темір, никель, кремний, алюминий, магний, кальций және т.б.) металдардан құралған.
Жер қабығының құрылымын, ондағы болып жатқан жер сілкіністерін анықтауға мүмкіншілік туған. Дүние жүзінде көптеген аймақтарында және Қазақстанның оңтүстік шығысы мен шығыс аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы кездері дүние жүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жер сілкінісінің алдын алу , болжау жұмыстары жүргізіліп, болжам карталары жасалуда.
Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындар – цунами пайда болады. Цунами мұхиттардың үстінгі қабатында пайда болып, жойқын күшпен жағалауға қарай қозғалады. Толқындардың биіктігі 20-30 м-ге дейін жетіп, елді мекендерге, ауыл шаруашылық және адамдарға үлкен зиян келтіреді.
IV. Білімді бекіту. Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалары.
1.Жердің географиялық қабығы дегеніміз не?
2.Күн жүйесінің қандай ғаламшарында географялық қабық түзілген?
3.Айналасын су қоршап жатқан ірі құрлықты, одан кішігірім құрлықты не деп атаймыз?
4.Жердің ішкі құрылымында қандай қабықтар бар?
5.Литосфера деген не, ол қандай қабаттардан тұрады?
6.Жер қыртысының қай бөлігінде оның қалыңдығы жоғары?
7.Мантия Жердің қайсы қабығын қоршап жатыр?
V.Үйге тапсырма § 14 – 15.