Та?ырыбы: Жерді? ??рылысы. Ма?саты: Білімділік: О?ушылар?а Жерді? ішкі ??рылысы, тау жыныстарыны? т?рлері ж?нінде т?сіндіру. Дамыту: ?з бетінше ізденіспен шы?армашылы? т?р?ыда ж?мыс істеуге да?дыландыру. ?з ойларын еркін де сауатты, на?ты жеткізу ?а


Тақырыбы: Жердің құрылысы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жердің ішкі құрылысы, тау жыныстарының түрлері жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Жердің Күн жүйесіндегі орны?
2. Жердің пішіні?
3. Жер қозғалыстары?
4. Сағаттық белдеулер?
5. Жылу белдеулері?
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы Жердің ішкі құрылысы түсіндіріледі.
Жердің ішкі құрылысы


Жер қыртысы
Орташа қалыңдығы мұхиттарда 5-10 км, материктерде 35-40 км, биік тауларда 70 км-ге дейін жетеді.


Ядро
2900-6370 км аралығында орналасқан.Екі бөліктен тұрады. Сыртқы ядро 2900-5000 км аралығында, тығыздығы-10-15 т/м3, температурасы-40000С. Сұйық металдардан темір, никель т.б. тұрады. Ішкі ядро тығыздығы-15-20 т/м3, температурасы-60000С. Қатты темірден тұрады.
2900 км/ге дейінгі тереңдікте орналасқан,жоғарғы мантия тығыздығы-4,5 т/м3, температурасы-2200С. Төменгі мантия тығыздығы-5,7 т/м3, температурасы-36000С.
Мантия

3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы тау жыныстары мен минералдар түсіндіріледі.
Мета-морфттық
Шөгінді
Үгілуден п.б.
Конти-ненттік
Теңіздік
Тау жыныстары
Эффузивті
Базальт, шыны, пемза
Магмалық
Лакколиттер шағын түзінділер.
Интрузивті
Гранит, габро т.б.
Батолиттер ірі түзінділер.

Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Жердің ішкі құрылысы жөніндегі ғылыми деректер?
2. Мантияның құрылысы?
3. Ядроның құрылысы?
4. Магмалық жыныстар?
5. Шөгінді жыныстар?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Жердің құрылысы.