Урок по казахскому языку на тему Сан есім. Дара ж?не к?рделі сан есімдер.


Қазақ тілі 6 «Ә» сыныбы Күні: 26.11.16
Тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есімдер.
Мақсаты: Білімділік: Сан есім туралы оқушыларға толық мағұлмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық: сан есімнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы дамыту өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне көңіл бөле отырып, топпен жұмыс істеу арқылы ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа көмек көрсетуге баулу.
Оқу нәтижесі: Оқушылардың сан есім туралы түсініктерін ары қарай жалғастыру.
Түйінді идеялар: Әр сабақта оқушылардың қызығушылығын оятып, қызығушылықтарын арттыру арқылы сабақты жүргізу. Картотекалар қолдану арқылы оқушы білімін нығайта түсіу.
Уақыт – 45 мин Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
5 мин Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару. Сабаққа дайын болу, мұғалім аты-жөнін айтқан кезде қолын көтеріп, сабаққа қатысып отырғанын көрсету.
10 мин Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырмалар тексеріледі. Оқушылар кезек-кезек үй тапсырмасын айтып шығады.
10 мин Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сан есім туралы оқушыларға түсіндіру. Картотека арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалақты түсінгенін тексеру. Оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, картотекадағы тапсырмаларды орынайды.
10 мин Кітаппен жұмыс. 105-жаттығу Жаттығуды дәптерге орындайды.
5 мин Қортындылау. Бүгін өткен тақырыпқа байланысты оқушыларға сұрақтар қою. Сұрақтарға жауап береді.
3 мин Бағалау. Оқушылардың үй жұмысы мен сыныптағы белсенділігі ескеріле отырып, баға қойылады. 2 мин Үй тапсырмасы беріледі. Жаттығулардың қалай жасалатындығы түсіндіріледі. 106,107-жаттығуларды орындау.