И-6. MS Word. Ба?андар. Беттерді? параметрлері. Жиек. Алдын-ала ?арау. ??жатты баспадан шы?ару
6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын-ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, бттердің параметрлерін қоюды, жиек, алдын-ала қарауға, құжатты баспадан шығаруға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету;
Дамытушылық:Теориялық алған білімдерін практика жүзінде орындау дағдыларын ойын элементтерін қолдану арқылы дамыту.Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту;
Оқушылардың үйренуі тиіс: мәтінді реттеуді, сызғышты пайдалануды, мәтінді баған түрінде рәсімдеуді, құжатты алдын-ала қарап, баспадан шығаруды
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
(оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару)
ІІ. Үй тапсырмасы
«Ғажайып қоржын» ойыны.
Қоржын ішінде өтілген тақырыптар жазылған 7 сұрақ жасырылады. Қатысушылар әр бір сұраққа жауап беріп ұпайларын алып отырады.
1. Word мәтіндік редакторының қызметі?
2. Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
3. Word мәтіндік редакторының терезе элементтері қандай?
4. Жаңа құжатты қалай құрамыз?
5. Құжатты қалай сақтаймыз?
6. Мәтіндік құжатқа нөмірленген немесе маркерленген тізім қосу үшін орындалатын команда?
7.
ІІІ.Жаңа сабақ
Бағандағы мәтін
Microsoft Word 2007 бағдарламасы мәтінді баған түрінде безендіруге мүмкіндік береді. Мәтінді бұлай бейнелеу тәсілі газеттік және журналдық статьяларда кеңінен пайдаланылады. Бағандағы мәтін қарапайым мәтін сияқты пішімделеді. Бағанды Бағандар диалогтық терезесінің көмегімен немесе лентада Беттерді белгілеу қосымшасында Беттер параметрлері тобындағы Бағандар батырмаларының көмегімен құруға болады. (4.51. Сурет)
4.51. Сурет. Бағандар батырмалары
Баған құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Бүккіл құжатты немесе бағанға түрлендіру қажет бөлігін ерекшелеңіз;
2. Лентада Беттерді белгілеу қосымшасына өтіңіз;
3. Беттер параметрлері тобындағы бағандар батырмасын басыңыз және менюден бағанға түрлендірудің қажетті нұсқасын таңдаңыз (4.52. Сурет)
Бағандар менюі
Беттің параметрлерін қою
Мәтіндік құжатта беттің параметрлерін орнату үшін: Разметка страницы - Параметры страница командасын орындаймыз.
Ашылған терезеден жиек параметрлері, қағаз өлшемі, қағаз типін таңдап, өзгертулер жасауға болады.
IV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс
«Қатесін анықта» ойыны.
Әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Әр оқушығамәтін жазылған карточкалар үлестіріледі. Сол мәтіннен қатесін тауып дұрыстап жазулары керек. Тапсырма Word программасында компьютерде орындалады.
1-тапсырма
ТНӘМІМӘТІН
ЗЕТЕРЕТЕРЕЗЕ
ОТИМНРО МОНИТОР
ЕПНРЕТҚАТАПЕРНЕТАҚТА
ШЫҚНАТ ТЫШҚАН
2-тапсырма.
Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды ESC пернесін басып жоямын. Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.
3-тапсырма
Сергіту сәті
Құжатты алдын ала қарау: Файл - Печать-Предворительный просмотр командасы арқылы іске асырылады.
Құжатты баспдан шығару үшін: Файл-Печать командасын орындаймыз. Ашылған Печать терезесінен принтер түрін, қанша немесе қандай бетті баспаға жіберетінінді таңдап Ок батырмасын басу керек.
VI.Бекіту сұрақтары:
1. Мәтінге бағанды қалай кірістіреміз?
2. Беттің параметрлерін қою дегеніміз не?
3. Мәтіндік құжатты алдын-ала қарау қандай команданың көмегімен іске асырылады?
4. Мәтінді баспадан шығару үшін орындалатын әрекеттер
VII. Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысып, тапсырмаларды тез орындаған оқушыларды бағалау)
VIIІ. Үйге тапсырма
"Біздің өңірдегі өсімдіктер мен жануарлар" тақырыбында кесте құрастыру.
Мысалы:
№ Жануар аты Мекендеу ортасы Түсі Жейтін тағамы Ерекшелігі
1 2