Н?мірленген ж?не маркерленген тізімдер
Сабақтың тақырыбы: «Нөмірленген және маркерленген тізім. Кесте.»Сабақтың мақсат: Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді үйрету. Білімділік: Оқушыларды WORD мәтіндік редакторында маркерлеу және кесте тұрғызу жолдарымен таныстыру. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу. Сабақтың түрі: дәстүрл
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тест тапсырмалары, компьютерде практикалық жұмыстарЖабдықталуы: көрнекі материал (слайд), оқу құралдары, компьютер, тест. Ұйымдастыру: 1.Үй жұмысын тексеру 2.Жаңа тақырып.
І-топқа
3.Компьютерде «Кесте» тақырыбына практикалық тапсырма.
4.Сәйкестендіру кестесі, тест
ІІ-топқа
5.Компьютерде «Тізім» түрлеріне практикалық тапсырма
6.Сөз жұмбақ және тест тапсырмасы.
7.Венн диаграммасы 8.Қорытындылау.
9.Үйге тапсырма.
10.Бағалау
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Пішімдеу дегеніміз не?
Mәтіндік процессор дегеніміз не?
MS Word редакторына қалай кіреміз?
Негізгі элементтері?
MS Word-та құжатты қалай сақтаймыз?
6. Пернетақтаның қай пернесінің көмегімен белгіленген сөйлемді, курсивке айналдырады.
Жаңа сабақ Құжаттың сыртқы түрін жақсарту әрі оның ішкі мағынасын түсінікті қылу үшін Word - та тізімдерімен жұмыс істеуге арналған арнайы құралдар бар. Тізімдердің екі негізгі түрін пайдаланамыз:*Белглеуі бар тзім
*Нөмірлеуі бар тізім Тізімді нөмір жаңа элементті енгізу кезінде автоматты түрде түзетіледі. Тізімдерді сұрыптаудың мүмкіндіктері болады. Пішім мәзіріндегі Тізім командасын орындау арқылы Сұхбат терезесі ашылады. Қажетті тізімнің белгілеуі бар тізім үшін – Маркерленген нөмірленуі бар тізім үшін – Нөмірленген немесе күрделі нөмірлеуі бар тізім үшін – Көпдеңгейлі беттерді активтендіріңіз. -Маркерлеу
Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысы ұяшықты құрайды. Қою (вставка)-кесте-кесте қою батырмасын таңдау керек. Вставка таблицы диалогтық терезесіндагі бағандар санын және қатарлар санын тағайындау қажет.
Ұяшықшарды қосу және біріктіру, өшіру:
Ұяшықтарды біріктіру үшін қажетті ұяшытарды белгілеп, тышқан арқылы контекстік мәзірді шақырып Объединить ячейки командасын таңдау қажет.
Ұяшықтарды бөлу үшін қажетті ұяшықты белгілеп, Таблица - Разбить ячейки командасын таңдау қажет.
Қатар және баған қосу үшін Таблица - Вставить командасын таңдау қажет.
Ұяшыктағы мәліметтерді горизонталь және вертикаль түрде орналастыру үшін Формат -Направление текста командасын таңдаймыз.
-Кесте қою
Оқушыларды екі топқа бөліп жартысы практикалық тапсырмамен компьютерде жұмыс істейді, ал екінші топ сәйкестендіру тест пен жұмыс істейді.
«Сәйкестендіру тесті»
Сұрақтары Жауаптары
1.MS WORD мәтіндік рекдакторын іске қосылу тәсілдері?
2.Главная, вставка, разметка страницы, ссылки-жазылған қатар қалай аталады?
3.Баптау қатары нелер жатады?
4.Кестені құру.
5. Сурет кірісту.
6.Фигураларды кірістіру.
7.Әріптін реңін өзгерту.
8.Құжатты баспаға жіберу?
9.Математикалық формуланы жазу белгісі.
10.Құжатты сақтау.
11.MS word кеңейтілімі
12. Құралдарды немен ауыстыра отырып пайдалануға болады? Бастау-Бағдарламалар- Microsoft Office- Microsoft Office Word
Негізгі мәзір
Әріптер, ж,к,ч, т.б
Вставка таблица
Вставка рисунок
Вставка фигуры
Басты (главная) «А» түс
Ctrl+p
Түбір асты
Файл-сақтау
*.doc
Негізгі мәзір көмегімен
Практтикалық жұмыстарын аяқтағаннан кейін оқушылар орындарын ауыстырып екінші топ компьютерге отырады, ал қалғандарысөз жұмбақты шешеді және тесті орындарында орындайды
Тест жұмысы таратылып тексеріленеді, бағаланылады
Сабақты қорытындылау:нөмірленген және маркерленген тізімдерді, кестелерді қою жолдарын тақтаға жазғызу
Үйге тапсырма: «Менің жан ұям» тақырыбына кесте сызу
Бағалау: