А?ылшын тілі Т?стер 2 сынып
Тақырыбы Colours- Түстер
Сыныбы 2
Күні Мақсаты Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың есте сақтау, айтылым әрекеттерін қалыптастыру.
Міндеттері Жаңа сөздерді меңгерту;
Алған білімін заттарды, жануарларды сипаттау кезінде қолдануға үйрету
Әділ бағалауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар ағылшын тілінде түстерді ажырата алады
Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді.
Топтық бағалау мен топ ішілік бағалауды үйренеді.
Ресурстар Интерактивті тақта, плакаттар, аудио видео материалдар, маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар, «домино» ойыны.
Кіріспе Сәлемдесу
Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу
Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу. (4 топ)
Үй тапырмасы Үй тапсырмасын доп лақтыру әдісі арқылы шеңберде талдайды.
Диалог түрде сөйлесу -Is it a ball? –Yes, it is/no, it is not. It is a doll.
Тұсаукесер Ұйымдастыру кезеңі. ABC әні
Негізгі бөлім Интербелсенді тақтадан түстермен таныстырып, түстерге байланысты бейне жазба көрсетіледі
Таратпа қағаздар таратылып, суреттегі заттардың қандай түсте болу керектігін ажыратып бояйды (топтық жұмыс)
- What is it? – Бұл не? (Интербелсенді тақтада берілген жануарларды түстерімен атайды)
-It is….
(Балалар өздері жауап беруі керек, егер балалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).
– Балалардан қандай түс ұнайтыны сұралады:
• Who likes red/yellow/green/blue/orange color?
Балалар «I like» құрылымын қолданып жауап береді.
–I like red, yellow, blue, green, orange деп сұрақтарға жауап беретінін айтады.
Аудио жазба арқылы түстер туралы ән жаттау.
Екі бала тақтаға шығып ән айтып береді.
Әр тапсырманың соңынан кәмпитпен немесе смайликпен бағалап отыру.
Сергіту сәті Бейне жазбада көрсетілген әрекеттерді әнмен қайталайды
Қорытынды бөлім «Домино» ойыны. Сөздердің аудармасын табу.
Бағалау
Әр топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Не үшін «3,4,5» баға алғандарын дәлелдейді. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Рефлексия
Мен өзімді былай сезінемін
Өз жұмысымды өзім бағалағанда
Оқушылар стикерға пікірлерін жазып тақтаға іледі
Жинаған кәмпит немесе смайликтерінің санына байланысты бағалау
Үй жұмысы Сөздік, ән жаттау
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, №30 ЖББОМ
Қысқа мерзіміді жоспар
Пән мұғалімі: Елеуова Гульжанат Сагынбаевна
Пәні: Ағылшын тілі
Сыныбы: 2Б
Тақырыбы: Colours
2014-2015 оқу жылы
Мұғалімнің ағылшын тілі сабағына өзіндік талдауы
Мақсаты: Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың есте сақтау, айтылым әрекеттерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Жаңа сөздерді меңгерту;
Алған білімін заттарды, жануарларды сипаттау кезінде қолдануға үйрету.
Әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.Ағылшын тілінде түстерді ажырата білуге арналған сабақ. Дамыта оқыту технологиясының элементтері бар.
Жұмыс түрлері: Жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың барысы
Сабақ 2-Б сыныбында өтті. Сыныпта 19 оқушы. Бір оқушының тілінің ақауы бар. Бұл сынып оқушылырының тілді үйренуге деген қызығушылықтары жоғары. Сабақ барысы мынадай принциптермен өтті:
Тапсырмаларды топпен шешу жолдары принципі
Қолжетімді білім принципі
Әр көрнекілік түрі түстерді ажырата білулеріне оң әсерін тигізді.
Тапсырмалардың барлығы бір ізділікпен, дұрыс қарастырылғын болды, яғни қиынынан оңайға өтіп отырды.
Оқушылардың белсенділігі мен өздік жұмыс жассай алатындықтары әр түрлі тапсырмалар мен сұрақтардың нәтижесінде көрініп отырды. Оқушылардың үйренуін қадағалау келесі кесте бойынша жүзеге асып отырды:
Мұғалім – Оқушы; оқушы-оқушы.
Сабақта оқушылардың жан-жақты дамуына мүмкіндіктер болды, сабаққа барлық оқушылар қатысты.
Танымдық іс-әрекет мінездемесі- шығармашылық.
Сабақтың құрылымы аталған сабақ түріне түгелдей сәйкестендірілген. Менің негізгі тапсырмаларым ерте жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгертудегі жағдайлар мен мүмкіндіктер туғызу болатын. Сабақтың мазмұны, көрнекіліктері, дамытушылық бейне жазбалар, топтық, жеке жұмыстардың барлығы оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін ұйымдастыру сабақтың мақсатына жетуге және оқушы бойында танымдық қызығушылықтарының дамуына көмектесті.
Оқушылардың танымдық белсенділіктері, жаңа тақырыпты меңгеру және материалдарды қолдану деңгейін жақсы деп бағалаймын. Менің ойымша бұл сабақ әрі қарай оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дамуына тірек болады.
Бұл сабақта денсаулық сақтау аспектісі де қарастырылды. Мен оқушылар арасында психологиялық ахуал туғызуға және дене жаттығуын жасауға мүмкіндік туғыздым.
Оқушылар сабақ барысында белсенді, мұқият, жұмыс істеуде қабілетті болды. Менің ойымша бұндай оқу іс-әрекетінің формасы оқушылар үшін тиімді болды. Менің тарапымнан педагогикалық әдептілік нормалары, қарым-қатынас мәдениеті сақталды.
Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңі фонетикалық жаттығу- ағылшын тілінде ән орындаумен басталды. Өткен сабақта өткен лексиканы қолданып жаттығу жасалды.
Бұл сабақта жоспарланған міндеттер негізі орындалды.
Оқушылардың физикалық немесе психикалық шаршап-шалдығулары тапсырмалардың түрлерінің өзгеріп отыруынабайланысты және жас ерекшеліктеріне сай жасалғандықтан болған жоқ.
Сабақта бір жоспарланған тапсырма орындалмай қалды. Топта жұмыс істеуде уақыт кедергісі болды, яғни тапсырманы мезгілінен кеш аяқтау себеп болды. Сабақтың мақсатына жеткенімді сабақ соңында қойған баға және оқушылардың қалдырған рефлексияларынан білдім.