План классного часа ко дню знаний (для школ с казахским языком обучения)


5Б сынып жетекшісі: Абикенова Г.А. тәрбиеші: Танжарыкова Ақтоты Рахимовна
2015-2016 оқу жылы
Тақырып: Менің Отаным - Қазақстан! «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы бейбіт саясаты» Күні:01.09.15.
Сынып сағаттың Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Топтық ойын арқылы баланың іс-қабілетін арттырып, кішкентай мәтіндер құрап айтуын толықтыру. Сынып:5Б
Түрі: сайыс
Міндеттері:1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жеріміздің саясаты туралы түсініктерін кеңейту.2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болу мен қатар ішкі және сыртқы саясатынан хабардар болуға тәрбиелеу. Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас, ой қозғау.
Оқып үйренудің нәтижесі: Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын айта білетін болады, туған жеріміздің саясаты туралы сұрақтарды қойып, оларға жауап бере, әңгімелей алатын болады.
Негізгі ұғымдар: Қазақстан, рәміздер, Отан, туған жер, Тәуелсіздік, Патриот
Негізгі дерек көздер, ресурстар: суреттер ( кемпірқосақ, көгершіндер) , презентация, стикерлер, сөздер, постерлер (кәмпиттер, қоржындар).
Уақыт Жұмыс түрлері Мұғалімнің рөлі Оқушылардың іс-әрекеті
5 мин Шақыру (вызов) Ұйымдастыру кезені
(Сәлемдесу, Шаттық шеңбері)
1-ші слайд
Хормен:Әнұран Сәлемдесу
Психологиялық көңіл-күй!
Сынып сағатқа дайындылығы: Сөздерді қайтлайды:
Армысың шапағатты күніміз!
Армысың мейірімді жеріміз!
Армысың табиғат анамыз!
Әдеппен бас иер баламыз!
2 мин Топқа бөлу
Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. Оқушыларды 3 - топқа бөлемін. Әр қатарға қиылған қағазды таратамын (Мозайка) 1 - топ: Туған жер2 - топ: Отан3 - топ: Атамекен7 мин
3+2+2 Миға шабуыл
(флипчарт салу)
Жұптық жұмыс, топтық жұмыс
2-ші слайд
1-Кәне балалар Отан деген не? (флипчарт салу)
2- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан»- «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы бейбіт саясаты» деп аталады.
(флипчарт салады, қорғайды)
3 минут салу, 2 минут қорғау
1- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
2- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
Тақырыпты түсініп жетеді
Сөйлеуге дайын болады
3 мин Көрініс (осмысление)
Сұбхатқа тарту
3-5 ші слайдтар
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа кәмпит беріп отырамын. Көп кәмпит жинаған топ жеңіске жетеді.)
6-шы слайд
7-ші слайд
Қазақстан ерекше ел, өйткені ол біздің туған жеріміз, Отанымыз! Отан деген ол ең қымбат, ең керекті, барлық адамдардың сүйіктісі ол өз Отаны. Балалар айтындаршы Отан деген сөзі сіздер үшін не?
Дұрыс айтасындар бұлардың бәрі үлкен де құдіретті Отан деген мағынаны береді.
Балалар, біздің Мемлекетіміз-Қазақстан Тәуелсіз- Қазақстан Еркіндік –Қазақстан Күн ңұры Қазақстан Жеңіс қанаты-Қазақстан!
Балалар сендер Тәуелсіздік деген сөздің не мағына беретінің білесіндер ме?
Балалар әр адамның өз аты, тегі бар. Біздің елдің аты мен тегіне нелер жатады, және олар не білдіреді қалай ойлайсындар?
(біздің елтаңба- ол достықтың белгісі. Біздің жалау – ол көгілдір бүлтсыз аспан – ол қазақ елінің бірлігі, алтын күн сәулелері- байлық пен тыныштық, қанатын жайған бүркіт – қонақжайлылықтың белгісі. Біздің әнұран – қазақ халқының жүрегінен шыққан өлеңі.)Менің үйім, менің отбасым, менің анам, менің туған жерім, қалам...
Өз еркіңмен шешім қабылдау...
Ту, әнұран, елтаңба.
8 мин Тақтада ілінген плакаттарға назар аудару, оқу, сұраққа жауап беру. (үш топқа-үш сұрақтан)
Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
1– ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?2 – Еліміздің бас қаласы3 – ҚР президенті1 – ҚР туының авторы2 – ҚР елтаңбасының авторлары3 – Әнұранымыздың авторлары1 – Еліміздің көрікті жерлері2 – Отан туралы өлең айт3– Отан туралы ән шырқа
Жарайсындар балалар, сендер еліміз туралы көп нәрсе біледі екенсіндер. 1– 19912 – Астана3 – Н.А. Назарбаев1 – ҚР туының авторы: суретшi Шәкен Ниязбеков2 – ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібеков3 – Әнұранымыздың авторлары:
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘнін жазған: Шәмші Қалдаяқов1 – Еліміздің көрікті жерлері: Көкшетау
Ақсу-Жабағылы
Қорғалжын
5 мин Миға шабуыл
8-ші слайд
Атаулы күндердің күнтізбесі
9-ші слайд
Біздің елімізде биыл көптеген оқиғалар болды және болуға тиісті. Кәне қандай, кім біледі? (Тақта сендерге көмектеседі)
Иә, Ассамблеяның ең басты идеясы – татулық пен тұрақтылық.
- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.
Еңбексүйгіштік, адалдық және білімділік- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтары.
«Мәңгілік Ел»-біздің тұтастығымыздың сарқылмас қуат көзі және Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.
Ал сендердің ең бірінші көмекші ол Кітап. Кітап- білім беру саласындағы бес институционалдық реформаны жүзеге асырудағы алғашқы жоба, және сендерге туған еліміздің мәдени құндылықтарын ашады, Қазақстан халқының тұтастығын түсінуіне, азаматтық көзқарасы қалыптасуына көмектеседі.
Осы барлық іс-шараларымыз Отанымыздың ішкі және сыртқы саясатымен байланысының маңыздылығы неде? Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылы 27 cәуірде өтті.
2015 жыл Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітілді.
«Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл»
Ұлы Отан соғысына 70 жылҚазақ хандығына 550 жыл.
ҚР Конституциясына – 20 жыл!
Балалар өз пікірлерін айтады.
Біздің еліміздегі барлық болып жатқан жағдайлар (жаңалықтар, өзгерістер, халықаралық қатынастар) ішкі және сыртқы саясат.
5 мин Топтық жұмыс
Мақал – мәтелдер сайысы
10-шы слайд
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз? Әр топ флипчарттарына жазады.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару. - Отан от басынан басталады.- Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.- Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
- Отан оттан да ыстық. - Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің.
3 мин реакция
Рефлексия - Тілек.
Оқушыларға көгершіндер таратылады.
11-ші слайд
Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Сондықтан,балалар, сендер де бүгін көгершіндермен Елімізге өз тілектерін, пікірлерін жазып беріндер. Балалар өз тілектерін жазады.
Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.
2 мин Рефлексия - «Жүректен жүрекке»
12-13-ші слайд
Енді тағы да шеңбер құрайық. «Жүректен жүрекке» бірге айтамыз: Мемлекетіміз-Қазақстан Тәуелсіз –Қазақстан Еркіндік –Қазақстан Күн нұры- Қазақстан Жеңіс қанаты –Қазақстан!
Білім күніне арналған «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы бейбіт саясаты» сынып сағатты, баяғы ата-бабаларымыздан қалған мемлекеттік тілімізге негіз болған ұлы мұра сөздермен аяқтағым келеді: «Шаңырағың бік, керегең кең болсын!» Қайда, кім болсақта өз Отанымыз әрқайсымыздың жүрегімізден орын алсын. Туған жерім, менің Отаным-Қазақстан! Мемлекетіміз-Қазақстан Тәуелсіз –Қазақстан Еркіндік –Қазақстан Күн нұры- Қазақстан Жеңіс қанаты –Қазақстан!